Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі Сабақтың мақсаты



Дата09.11.2016
өлшемі59,12 Kb.
#1369
Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Ж.Аймауытовтың «Әнші»әңгімесімен таныстырып, тақырыбын ашу, ән өнерінің құдіретін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды топтық жұмыстар арқылы дербес жұмыс жасауға, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, танымдық ой-өрістерін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Өнерге деген құштарлықтарын арттыру, халықтың біртуар перзенттерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Топтастыру стратегиясы, Ой шақыру,
Блумның мақсат қою технологиясы, РАФТ тәсілі
Пәнаралық байланыс: тарих
Көрнекілігі: слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру барысы:
- Амандасу, түгендеу;
- Сабақтың мақсатын хабарлау
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Топтастыру стратегиясы бойынша.
- Ж. Аймауытов кім?
- Оның өмірі мен шығармашылығы туралы не білесің?
Қазақстанның шығармашылық интеллегенциясының және әдебиеттің көрнекті өкілі – Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931). Саяси қайраткер, романист, драматург, аудармашы, ретінде кеңінен танымал болған оның көркем шығармалары сындарлығымен, маржандай төгілген тілімен, эстетикалық бояуларының қанықтығымен, жоғары идеялығымен ерекшеленеді. «Қазақтың Ушинскийі» атанған ол педагогика, психология саласында кемел табыстарға жетті. Ж.Аймауытов – «Педагогика», «Психология» оқулықтарының, оннан астам пьеса, елуге тарта повестердің авторы әрі Пушкиннің, Гогольдің, Толстойдың және басқалардың шығармаларын аударған білікті аудармашы. Торғай жеріндегі ашыққан халыққа жәрдем беретін топ құрамындаболады. Осы жұмыс бойынша бірнеше рет жауапқа тартылады. Халыққа тарататын малды дұрыс үлестірмеген, өзі пайдаланып кеткендеген айып тағылады. Бұл айыптардың анық-қанығына толық жетпей, аталған іске қатысқан 14 адамның қатарында 1931 жылы өлім жазасына кесілді.
- Ж.Аймауытовтың шығармалары?
«Ақбілек», «Қартқожа» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, «Шернияз», «Мансапқорлар» пьесасы, «Әнші», «Боранды болжағыш әулие», «Елес» т.б. әңгімелері
- «Ақбілек» романының басты тақырыбы не? Ол қандай роман?
- «Ақбілек» психологиялық роман. Қазақ қызының тағдыры, қоғамдық-әлеуметтік оқиғалардың жеке өміріне әсері, оны кейіпкердің қабылдауы суреттеледі.
Ой шақыру стратегиясы.
Бұл сөздер кімге арналған? Жезтаңдай, күміс көмей, дарынды.
ІІІ Жаңа сабақ.
Жүсіпбектің әншілік өнерді аса қадірлегенін, өзі де ән салып, ән шығарғандығын «Әнші» классикалық әңгімесінен аңғарамыз. Бұл шығармада жазушы суреткерлік, мүсіншілік тұрғысында жаңа бір соны қырынан көрінген.
«Әнші» әңгімесін Блум технологиясы бойынша талдау

Мақсаттар жүйесі

Мазмұны

Оқушы іс-әрекеті


І деңгей. Білу

-1)«Әнші» әңгімесі не жайлы?


-2)Әңгіме жанрының ерекшелігі неде?
-3)Әмірқанның прототипі кім?
-4)Жезтаңдай әнші Әміре Қашаубаев туралы не білесіз?

1) Әңгіме Әмірқан атты әнші жігіт туралы, әңгімеде оның өнері, өмірі жайлы сөз қозғалады.


2)Әңгіме дегеніміз қара сөзбен жазылған шығарма. Бір ғана оқиғаны айтып баяндайтын көп қабаты жоқ, оқиғасы аз, кейіпкерлері де көп емес шағын шығарма.
3) Әмірқанның прототипі- Ә.Қашаубаев. Прототип дегеніміз –гр. түптұлға, әдеби шығармада кейіпкер бейнесін жасауға негіз болғатын өмірде болған адам, тарихи тұлға.
4) Ә. Қашаубаев- қазақ музыкасын халықаралық деңгейде танытқан дарынды жезтаңдай әнші. Ол 1925 жылы Парижде дүниежүзілік көрменің этонографиялық концертіне қатысып, «Дудар-ай», «Қараторғай», «Қызыл бидай», «Үш дос» әндерін орындаған. 1927 ж. Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен көрмеге қатысқан.
ІІ деңгей Түсіну

1) Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашып беріңіз


2) Әңгіме бөлімдеріне ат қойыңыз
3)Жазушы әншілік өнерді қалай суреттейді? Мәтіннен тауып оқыңыз
4) Өнерді дәріптеген басқа ақын-жазушылардың қандай шығармасын білесіз?

1)Жазушы Әмірқанның талантын, өнер құдіретін ғана беріп қоймай, әнші тағдыры, жан-дүние, сезім, көңіл-күйін де ашқан. Әмірқан әнші жай қатардағы адамдардың бірі емес, өнердің, ән мен сәннің жаны ретінде бейнеленген.


3)Ел жүрегіне жеткен ән құдіретінің бір сәтін жазушы: «Қалғып кетіп оянған, қызықты тәтті түс көрген, қайтарам деп талпынған кісідей, жанға жаққан тәтті үннің кеткеніне өкініп, өршелене соғады.» Немесе «Әмірқандай әнді ешкім сала алмайды. Жай жүргенде Әмірқанды ешкім де елемейді. Әмірқан ән салса, сонда кім екенін білесің. Ән салса, ол өз-өзін ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның даусы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді.»
- 4) І.Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» поэмасы. Өнер қуаты, құдіреті, өнерінің ішкі жан-дүниесі, психологиясы, оқиғаға құрылған поэмада көркем бейнеленген.
ІІІ деңгей Қолдану

Жазушының тіл шеберлігі. Топтық жұмыстар.


І топ. Әңгімеде қазақ халқының қандай әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері суреттелген?
ІІ топ. Шығармадағы тұрақты тіркестерді тауып, мағынасын түсіңдіріңіз
ІІІ топ.Әңгімедегі теңеулерді табыңыз
ІV топ. Шығармада қала тіршілігі қалай бейнеленген?
1) Наурыз тойы, орамал тастау ойыны, наурыз көже пісіріп, ет асу, қыз алып қашу дәстүрі, шілдехана. Төс қағысу, ат жарыс, той, құдалық, күрес, айт.
2) Иісі кеудеңді жарады, жандырып жүреді, көңіл көкке серпу, төбем көкке жетті, қалпақтай түстім, есім ауып қалды, өңім екенін, түсім екенін білмей., жанымен салу, қабағынан қар жауған.т.б.
ІІІ. Әмірқанды суреттеуі «Шеулі қаршығадай шап етер, киіктің асығындай тап етер»; «Сұңқылдаған көмейі, Сыбызғының үніндей; Ескектеген толқыны «Бозайғырдың» күйіндей; Аспандап соққан айқайы Алтайдың асқар тауындай;Желпілдеткен түндікті Күздігүні дауылдай; Төмендет сорғалап, Тас бұлақтың суындай».....
4) Жетішатыр-жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы қымыз, ойын-сауық. Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Жаз шықса пароход, паром желқайық, жасыл Арал, қалың орман... Сырнай-керней, Қызық думан, Қайткенмен сергек қала
ІV деңгей Талдау

Топтық жұмыс


1) Кейіпкерлерге мінездеме беру. (Әмірқан, Ақтамақ) жазбаша
2) Әмірқанды өнерге баулыған кім?
3) Әмірқан әнді қалай салады?
4) Әмірқан мен Ақтамақтың махаббаты жайлы әңгімелеңіз

1)Әмірқан – дарынды, елінің еркесі, еркін, бюірде бұйығы, момын, өнерді жан-тәнімен сүйе алатын жан. Өнерін ешқашан ақша табу үшін пайдаланбайды. Ақжарқын, топтың ажарын кіргізеді,


Ақтамақ – үріп ауызға салағндай, жұтынып тұрған сұлу, паң, жөпшеңді бозбалаға көзінің қырын да салмайды. Сүйгені үшін бәріне даяр, тәуекелшіл.
2) Әмірқанды өнерге баулыған- Жұмабек әнші. Оның прототипі бүкіл арқаға, қала берді жалпақ қазақ даласына мәшһүр дауыл үнді асқақ әнші әрі композитор- Жарылғапберді Жұмабаев
3) Әмірқанның әнге берілгені сонша, басқа шаруаға олақ-ақ. Сүмірейе, қылмита соқты; желдете құтыра соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты.Ә) Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен. Бірін-бірі қиып кете алмай, мұратына жете алмай, қош айтысқа жарға ұқсап; жалғызынан айырылып, қанатынан қайырылып, зарлаған бейне жанға ұқсап, болмаса жылап егілген, көзден жасы төгілген, бейне бір қағы зарға ұқсап, өкінішті, қасіретті, мұңды әнді сарнады.Жұрт төмен қарап, әркім жүрегімен сырласқандай, әншінің бітіргенін де сезбей қалды.
V деңгей
Жинақтау

Әмірқан мен Ақтамақтың өмірі неге бір аптаға ғана созылды? Ой толғау.

VI деңгей Бағалау

Оқушылардың өз атынан әңгіменің басты кейіпкері Әмірқанға арнау хат жазу



ІV Үй тапсырмасы: «Өнерліге өлім жоқ» атты тақырыпта ой толғау жазу.
V Бағалау.
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет