Жамақұлы Бейбарыс (1223-1277) – түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан. Оның әкесі Жамақ, шешесі Әйек . Египет әскеріне қолбасшылық еткен. Кезінде жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілді. Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол жаулаушыларынан крест жорығын бастаушылардан жалпы араб әлемін сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Бейбарыстың бала кезінде тұтқынға осы Атырау бойынан әкетілгені, өзінің сүйегі осындағы Беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар кезінде жазып қалдырған.Сұлтан Бейбарыс 1277 ж. шілденің 1-інде Димашқ қаласында қайтыс болып, аз-Заһариа кітапханасына күмбезінің астына жерленді. Қазір өзінің кіндік қаны тамған жерінде – Жайық өзенінің жағасындағы Атырау қаласында ескерткіші тұр.
Сұрақтарға жауап алу.
І топ Отан Бейбарыс сұлтан кім? Ол туралы не білдік?
ІІ топ Атамекен Ол қай елде өмір сүрді? Туған еліне деген сағынышын қалай басты?
І І І топ Елім Әңгімедегі оқиға бізді неге үйретеді?
Сергіту сәті
Туған жердің иісін,
Сездік жусан шөбінен.
Бұл өсімдік киесін,
Көрдік жердің төрінен.
Таза ауамен тыныстап,
Бақытты жас баламыз,
Бұл жусанның өмірі,
Біздер үшін жыр - аңыз.
Дәптермен жұмыс
1.Сұраққа жауап жазу (Бейбарыс сұлтан)
2. Мәтіннен жуан, жіңішке дауыстылар аралас сөздерді табу (Бейбарыс әскербасы)
3. Жуан, жіңішке дауыстыларды бөліп жазу (а,о,ұ,ы), (ә,ө,ү,і,е)
Топпен жұмыс
І топ Отан Семантикалық карта толтырады
Сөздер
|
Белгі «+»
|
Дұрыс жазылуы
|
Сізғыш
|
|
|
өшіргіш
|
|
|
ілгіш
|
|
|
когершин
|
|
|
құмырсқа
|
|
|
аншы
|
|
|
озен
|
|
|
ІІ топ Атамекен Тиістісін қой. (Тиістісін қой: ұ - ү, ы - і, а - ә)
қ...ра, с... нді, т...зу к...лт, ...рыс, т...яқ,
І І І топ Елім Суреттегі заттард ың алғашқы әріптерінен мақал құрап жаз, түсіндір.
Әр топ өзінің тобының атауына дыбыстық талдау жасасын.
І топ Отан жуан сөз, 2 б. 4ә, 4д, 2д-ы (о,а), 2д-з(т,н), о-ашық буын, таy- бітеу буын
ІІ топ Атамекен жіңішке сөз, 3б,8ә,8д,4д-ы(а,а,е,е),4д-з (т,м,к,н) а, та, ме-ашык буын, кен- бітеу буын
І І І топ Елім 2 б. 4ә, 4д, 2д-ы (о,а), 2д-з(т,н), е-ашық буын, лім- бітеу буын
Жұмбақты шеш.
... жасап буғаным не? (сыпырғыш)
Өреге кептіріп жайғаным не?(құрт)
Құлағын бұрап тартқаным не?(домбыра)
Сәукелеге таққаным не? (үкі)
Келіге түйіп ақтадым не?(тары)
Қолыма иіріп атқаным не? (асық)
Дәптермен жұмыс
68 - жаттығу Оқып, алғашқы сөйлемін көшіріп жазу.
Толғаныс
- Жусан қандай өсімдік?
- Біздің елде қанша түрі бар?
- Сұлтан Бейбарыс қай елді билеген?
- Қай облыста ескерткіші орнатылған?
-Дауыстыларды жұбымен кім айтады?
Қорытындылау: Жусан деп ел атаған,
Шөп ол бойы жатаған.
Дауылға, желге көшпеген,
Шөлге берік өскелең
Дәрі – түбір бұтағы,
Жусан – қырдың жұпары. (Бағдат Айтмұқаева)
Бағалау:
Үйге тапсырма:1 Жусанда туған жердің иісі бар. Оқып, әңгімелеу
2 Екі Отан туралы мақал - мәтел айту.
3 68 – жаттығу аяқтау
Достарыңызбен бөлісу: |