Сабақтың тақырыбы: «Камзолға өрнек таңдау»



Дата13.02.2017
өлшемі38,33 Kb.
#9205
түріСабақ
Сабақ жоспары

Күні: 23.04.2014 жыл

Пән: Үйірме сабақ

Сынып: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Камзолға өрнек таңдау»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту,

өнерге ынта-ықыласын күшейту, үнемділікке,

тиянақтылыққа, төзімділікке, әсемділікке баулу.

Ісмерлік, шеберлік дағдысын қалыптастыру.



Сабақтың міндеттері: - Білімділігі: камзолға өрнекті дұрыс таңдау,

симметриялы орналастыру қажеттігін

ұғындыру;

- Тәрбиелік: ісмерлікке, сәнділікке, халықтық

дәстүр рухында тәрбиелеу;

- Дамытушылық: қажет өрнекті оқушылардың

өздеріне таңдату, эскизін салдыру.
Сабақтың типі: Сарамандық

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, таратпа материалдар, құрал - жабдықтар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Сабққа қатынастарын анықтау;

  • Назарларын сабаққа аудару;

  • Құрал-жабдықтарын дайындату.

ІІ. Оқушылардың білімін бақылау мазмұны

  • Оқалау, зерлеу дегеніміз не?

  • Ою - өрнектің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Өрнектерді қайда қолданады?

  • Ою - өрнектер атауы неге байланысты аталады?

ІІІ. Жаңа тақырыптың мазмұны

Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады. Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал.

Мұғалім тақтадан түрлі ұлттық киімдерді және камзол түрлерін көрсетеді. Оқушыларды назарын камзол пішіміне, ұзындығына байланысты түсіп отырған ою-өрнектерге аударады. Негізінен қолданылатын ұласымды өрнектердің эстетикалық жағына, талғампаздық мәнеріне зейін аударады. Камзолды өрнектеу жоғарғы талғам мен көркемділікті, шынайы шеберлікті қажет етеді. Сондықтан ою-өрнектің түрі, орындалу жолы өзіндік ерекшеліктерімен танылатыны, оған әр адамның ұлттық көркем қазынаға деген жан тебіренісі, сүйіспеншілік сезімі, мінез құбылысы берілетінін түсіндіріледі.

Камзол - әйелдің жасына қарай қызыл, көк, жасыл, қара түсті барқыт, шұға т.б. матадан әсем безендіріліп тігілетін киім. Жағалы, жиекті, жеңді немесе жеңсіз тігіледі. Өңір жиек, алқа, тұмарша, үкіаяқ т.б. алтын, күміс зергерлік бұйымдары тағылады, қатырмалы түймелі болады. Жағасына, етегіне зерлі оқалар, өрнектер жүргізіледі.

Камзол әдемі де әсем болу үшін таңдалатын өрнектің орны ерекше екендігі айтылады. Осыдан кейін оқушыларға сұрақ қойылады.


  1. Камзолға ірі ою-өрнек салуға бола ма?

  2. Ою-өрнектер камзолдың қай жеріне түседі?

  3. Жапсырма өрнекті камзол түстес матамен бастыруға болады ма?


ІҮ. Сарамандық жұмыс

  1. Камзолға өрнекті бастыру жолдарының бірін таңдау: жапсырма (аппликация) бастыру;

2. Камзол негізіне түс таңдау;

3. Жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесін айту;

4. Камзол пішіміне, ұзындығына байланысты ою-өрнекті дұрыс таңдау.

5. Өз бетінше ою-өрнек сызбасын салу. Сызба салуда дайын шаблон трафареттерді қолдану жолдары.

6. Қағазға салынған сызбаны кесу.
Оқушылардың шапшаңдығы, іскерлігі әр түрлі деңгейде болады. Сондықтан сабақ барысында мұғалім балалардың өзіндік шығармашылық жұмысын аралап жүріп тексеріп қалыс қалғанына көмектесіп, әдемі де әсем етіп орындап жатқандарын мадақтап отыруы қажет.
Ү. Қорытынды

- Оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру;

- Сөзжұмбақ орындау:



  1. Ер балалардың және қыз балалардың бас киімі (Тақия)

  2. Хан сұлтандар киетін бас киім (Айырқалпақ)

  3. Ұлттық аяқ киім (Мәсі)

  4. Әйелдер киімі (Камзол)

  5. Әйелдердің аяқ киімі (Башмақ)

- Қорытындылау сұрақтары:

1. Ою-өрнектің қай түрін пайдаланған тиімді болады?



2. Камзолды әсемдеу кезінде қандай қиындықтар кездесті?
ҮІ. Сабақты қорытындылау.

  • Оқушылардың жұмыстарын талдау;

  • Мадақтау;

  • Құрал – жабдықтарды орналастыру;

  • Жұмыс орнын жинау;

  • Сапсын тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет