Сабақ жоспары Күні: 13.03.17
Пәні:Қазақ тілі
Сыныбы: 5 «б»
Сабақтың тақырыбы: Кейінді ықпал
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға үндестік заңын ,кейінді ықпал түсіндіру
Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу
Типі: аралас
Түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау
Көрнекілігі: плакаттар, оқу құралдары (түрлі-түсті қағаздар, қалам т.б.), кеспе қағаздар, ойындар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгендеу, оқушыларды сабаққа дайындау(құрал-жабдықтары, дәптер, кітап, қалам) II. Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақты түсіндіру Бозжан сені көргеніме қуаныштымын! Баланың атын қалай жазылады?
Қалай естіледі?
Неліктен олай естіледі, қалай ойлайсыңдар?
Бір сөз ішінде немесе екі сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп, ықпал жасауын кейінді ықпал дейміз.
1.Қ, к, п дыбыстарының біріне аяқталған сөздерге қосымша дауысты дыбыстан басталып жалғанса олар ұяң ғ,г,б әріптеріне айналып кетеді.
Мысалы: жүрек-жүрегі, доп-добы, төк- төгілді 2. Түбірдің соңғы н дыбысы к,қ,г,ғ дыбыстарының алдынан келсе, айтуда н дыбысы өзгеріп, ң дыбысына айналады
Мысалы: Бір күнгі-бір күңгі ,Дүйсенғали- Дүйсеңғали 3. С, З дыбыстары ш дыбысының алдынан келсе, айтылуда олар ш болып айтылады
Мысалы: жұмысшы- жұмышшы, сөзшең-сөшшең 4.Сөздің соңғы дыбысы з болып, одан кейінгі сөз ж дыбысына басталса ,онда з дыбысы ж болып айтылады.
Мысалы: Бозжан- Божжан, Боз жігіт- бож жігіт ІV Сабақты меңгерту 2. Кітап досың, ақылшың
Мәтіннен кейінді ықпалды табыңдар
Ол қансыраған аяғын қайта-қайта сипай берді.
Жанғазы ән десе ішкен асын жерге қояды. Қорлықтарыңызға көне алмаймын.
Тапқыр болсаң, тауып көр.
Сөзжұмбақты шешіңіз.
1. Өлең өлшемі
2. Ер қаруы
3. Мемлекеттік рәміз
4. Ауыз әдебиетінің түрі
5.Сауатты болу арманым
Жаңылпаштарды жаздырып , тез айтуға үйрету.
Сөз арасындағы ілгерінді кейінді ықпалдарды табу
Біреуі көрікті кісі,
Біреуі бөрікті кісі.
Көрікті кісі – зорықты,
Бөрікті кісі – қорықты.
Пимашы кісінің,
Сыйласы бар ма?
Сыйласы болса,
Пимасы болар еді.
Құрылтайда
Бурыл тай мен
Қызыл тай бәйгеден келді.
Мәкетті кім әкетті,
Жәкетті кім әкетті?
Мәкетті Мәлік әкетті,
Жәкетті Тәліп әкетті.
Мынау өзі,
Жусан ба?
Изен бе?
Күйбеңдеген
Изен іздеген
Иден бе?
VI. Үйге тапсырма: № 330 жаттығу
VII. Бағалау Әдіскер: Пән мұғалімі: Баға: