Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
|
1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
1.1.5.1 Қимыл- қозғалыс. Сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған / көрген мәтінді түсінгенін білдіру.
1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.
1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/ тәуелдік жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.
|
Сабақтың басы:
2. Сабақтың тақырыбын айту.
-
Сабақтың ортасы:
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Кел, қайталайық!
Сабақты қорытындылау.
|
I Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындығы
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңілді шеңберіне тұрамыз.
«Шаттық шеңбер » өткізу.
Қол алысып, кәне, біз
Достасайық бәріміз.
Қайырлы күн жер Ана,
Қайырлы күн достарым!
Ал, балалар, тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уық болып иіліп,
Бір отбасы болайық.
-Ал, балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
Шаңырақ ненің белгісі?
Біз өткен сабақтарда не туралы өттік?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен сабақтарды қайталау.
«Ыстық орындыққа» бір оқушы отырып, қалған оқушылар сұрақ қояды.
Қалыптастырушы бағалау
Дескрипторлар:
Сұрақтарды түсінеді
Сұрақтарға жауап береді
«Кімді көріп тұрсың?» ойыны.
Балаларға интербелсенді тақта арқылы отбасы мүшелерінің фото суреттері көрсетіледі. Әр оқушы суреттегі өз отбасы мүшелерін көрсете отырып, олар туралы мәлімет береді.
Қалыптастырушы бағалау
Дескрипторлар:
-отбасы мүшелерін атайды
- сурет бойынша толық сөйлем құрастырады
«Аудио мәтінді тыңдау».
Оқушылар аудио мәтінді тыңдап, есте қалғандарын тақтаға жазады.
Бір-бірінің жазғанын тексереді.
Қалыптастырушы бағалау
Дескрипторлар:
Мәтінді түсінеді
Тақтаға жазады
Сергіту сәті.
Бас бармақ – әкем
Балаң үйрек- анам
Ортаң терек – апам
Шылдыр шүймек – ағам
Кішкентеай бөбек – мен.
«Дәптермен жұмыс»
Балалар жазу дәптерімен жұмыс жасайды.
Матвейге тапсырма.
Берілген сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру.
Қалыптастырушы бағалау
Дескрипторлар:
Сөйлем құрастыра алады
Сурет бойынша сөйлейді
Мәтінмен жұмыс. Әрқайсысына мәтін беріледі. Оқушылар берілген мәтінді бір-бірлеп оқиды. Сұрақтарға жауап береді.
Мәтін не туралы?
Менің досым бар. Оның аты — Берік. Ол тоғыз жаста. Үшінші сыныпта оқиды. Берік спортпен айналысады. Ол бос уақытында компьютер ойнайды, кітап оқиды, музыка тыңдайды. Ол шахмат ойнауды да жақсы көреді.
Оқушылар өткен тақырыптар бойынша диалог құрастырып, бір-бірімен сөйлейді.
Рефлексия
Берілген стикерлерді күнің көзі, бұлт суреттерін жабыстыру.
Егер сабақ ұнап, барлығы түсінікті болса, сабақтың мақсатына жетсе стикерлерді күннің көзіне жабыстырады.
Ал егер, сабақ ұнамай, түсініксіз болса, сабақтың мақсатына жетпесестикерлерді бұлтқа жабыстырады
|
|
Ресурстар
Психологиялық климат ұйымдастыру
Интербелсенді тақта. Фотосуреттерді көру
Аудио мәтінді тыңдайды.
.
Жазу дәптерімен жұмыс.
Қосымша тапсырма
Сөздік қорларын байыту, білімдерін тереңдету.
Тақтаға стикерлер жабыстырады.
|