Сабақтың тақырыбы : Жер-қазына



Дата25.12.2016
өлшемі75,25 Kb.
#5283
түріСабақ
Қазақ тілі 6-сынып
Сабақтың тақырыбы :
Жер-қазына
Сабақтың мақсаты : Білімділік . Жаңа сөздермен сөздік қорларын байытып, тілдерін дамыту. Мәнерлеп, қатесіз оқу дағдысын қалыптастыру,жаңа сөздер үйрету арқылы сөздік қорларын байыту.Қазақ тіліне тән дыбыстарды анық оқу, қайталау арқылы жаңа сөздерді меңгерту.
Дамытушылық. Еркін сөйлеуге дағдыландыру. Топта жұмыс істеуге дағдыландыру.Оқушыларды суретке қарап, өз беттерінше сөз тіркестерімен сөйлемдер, әңгіме құрай білу деңгейіне жеткізу.
Тәрбиелік .Қазақ тілін құрметтеуге баулу.Пәнге деген қызығушылықтарын үрдісті әдіс-тәсілдер арқылы арттыру.Туған елін, жерін сүюге, өз елінің патриоты болуға баулу.Оқушыларды тиянақты да, ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер : Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Пәнаралық байланыс : Орыс тілі.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі


1.
Сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеру.
3.Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол.
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Тілеуің өмірің алдыңда.
II.Өткен сабақты қайталау:
1.Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
2.Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін, байқау, анықтау.
3.Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.
4.Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
5.Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қорыту.
Қыстың қанша айы бар?
Оларды ата?
Жыл басы қай айдан басталады ?
Қаһарлы қыстың соңғы айы қай ай ?
Қыс келбетін сипаттап бер?
Тәуелсіздік күні қай күн?
Зат есім дегеніміз не?
Морфологиялық талдау дегеніміз не ?
III.Жаңа түсінікті қалыптастыру.
1) - Балалар, біз сендермен бүгінгі сабақта « Жер – қазына» деген тақырыпты өтеміз.
2) Жаңа тақырып туралы кіріспе сөз.
3) Жаңа сөздерді тақтаға жазып қою, таныстыру, айтқызу.Есте сақтауларын қадағалау.
күні жоқ- нет жизни
қазына – сокровище
қопару- раскапывать
қорлау – издеваться
таңқалу- удивиться
себебі- причина
шашу – раскидать
тегістеу – выровнять
қажетті – необходимый
зейін – внимание
4) Сөздіктерді мұғалім оқиды.
5) Мұғалімнің артынан қайталап оқу.
6) Оқушылардың өздері оқиды.
Сөздіктерге сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңдар.
Өз Отаныңсыз күнің жоқ.Жер қазынасы- алтын.Мен оның сөзіне таңқалдым.
- Ал, енді балалар сөздік дәптерлеріңе сөздіктерді жазып алыңдар.
1-тапсырма. Қанатты сөздердің мәнін түсіндіріңдер.
4-тапсырма Мәтінді аударып, рөлге бөліп оқыңдар.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
- Оқушылар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, жаңа тақырыптың атын дәптерлеріңе жазыңдар.
2- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жазыңдар.
V Сабақты қорыту.
Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отырып, дағдыға айналдыру.Жаңа сөздерді қайталату.Түсінбегендерін сұрату.
VI.Үй тапсырмасын беру.
Сөздіктерді жаттау, Жер, Отан туралы мақал-мәтелдер жаттап келу.

VII.Бағалау.
Әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру.Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы :
Алтын күз
Сабақтың мақсаты : Білімділік . Жаңа тақырыпты толық меңгерту.Күз айларын дұрыс айтуға, жаңа тақырыпты жүйелі баяндау. Жаңа сөздермен сөйлем құрастырту.
Дамытушылық. Тапсырмалар жазу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.Оқушылардың тілін, ойын белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік .Шыдамды болуға, бауырмалдыққа, ел намысын қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер : Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Пәнаралық байланыс : Орыс тілі.


Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеру.
3.Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
Бір жылда қанша жыл мезгілі бар?
Оларды атап шық?
Жаз айларын ата?
Жазда оқушылар не істейді?
Қазір қай жыл мезгілі?
Қазір қай ай?.
II.Өткен сабақты қайталау:
1.Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
2.Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін, байқау, анықтау.
3.Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.
4.Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
III.Жаңа түсінікті қалыптастыру.
1) - Балалар, біз сендермен бүгінгі сабақта «Алтын күз» деген тақырыпты өтеміз.
2) Алтын күз туралы кіріспе сөз.
3) Жаңа сөздерді тақтаға жазып қою, таныстыру, айтқызу.Есте сақтауларын қадағалау.
Қаптау- скучиваться, собираться
Топ-топ – группой
Ерекше – особенный
Егін даласы – посевное поле
Қайнау- кипящий
Үздіксіз- непрерывно
1. Сөздіктерді мұғалім оқиды.
2. Мұғалімнің артынан қайталап оқу.
3. Оқушылардың өздері оқиды.
Сөздіктерге сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңдар.
1-тапсырма. Суреттердің орнына тиісті сөздерді қойып күз туралы әңгімелестіру.
Күз келді. Күн суыта бастады, аспанды бұлт қаптады.Жиі-жиі жауын жауады.Жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр.Олардың түстері әр түрлі: сары, қызыл, жасыл.Олар жерге жайылған өрнекке ұқсайды.Құстар топ-топ болып, жылы жаққа ұшты.Адамдар да жылы киіне бастады.Адамдардың күзгі еңбектері де ерекше.Егін даласында- қайнаған қызу еңбек.Комбайн мен тракторлардың гүрілдеген үні үздіксіз естіліп тұр.
2-тапсырма.Сызба бойынша күз туралы әңгіме құрастырыңдар.



Күз айлары

Ауа райы

молшылық



Күз



Жеміс, жидек,
көкөніс



Жаңбыр



Суық жел



IV.Жаңа сабақты бекіту
Жаңа сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қою:
1.Күз айларында неше ай бар?
2.Неліктен алтын күз деп атайды?
3.Фонетика дегеніміз не?
4.Дауыссыз дыбыстарды ата?
5. Қатаң дауыссыздарды ата?
6.Үнді дауыссыздарды ата?
7.Ұяң дауыссыздарды ата?

V. Сабақты қорыту.


Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отырып, дағдыға айналдыру.Жаңа сөздерді қайталату.Түсінбегендерін сұрату.
VI.Үй тапсырмасын беру.
1-тапсырма .Ережелерді қайталау.
VII.Бағалау.
Әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру.Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы :
« Медеу мұз айдыны»
Сабақтың мақсаты : Білімділік . Жаңа тақырып туралы толық мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу.Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық. Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Суретке қарап сөйлемдер құрату арқылы ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік .Адал достыққа, шыдамды болуға, ел намысын қорғай білуге тәрбиелеу. Туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін баулу.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер : Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Пәнаралық байланыс : Орыс тілі.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі


1.
Сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеру.
3.Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
Бүгін ауа райы қандай?
Аптаның қай күні ?
ҚР астанасы қай қала ?
ҚР астанасы қандай?
Сендерге біздің Астана ұнайды ма?
II.Өткен сабақты қайталау:
1.Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
2.Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін, байқау, анықтау.
3.Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.
4.Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
5.Өткен тақырыптағы сөздіктерге мысалдар келтіру.
6.Диалогты жаттау. Диалогты жатқа сұрап шығу.
7.Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қорыту.
Меймандос деген кім?
Жолаушы деген кім?
Көмекші есім дегеніміз не?
Сенің үйіңе меймандос келсе, сен не істейсің?
III.Жаңа түсінікті қалыптастыру.
1. - Балалар, біз сендермен бүгінгі сабақта « Медеу мұз айдыны » деген тақырыпты өтеміз.
2. Жаңа тақырып туралы кіріспе сөз.
3. Жаңа сөздерді тақтаға жазып қою, таныстыру, айтқызу.Есте сақтауларын қадағалау.
Іле Алатауы- Заилийский Алатау
Дүниежүзі –весь мир
мұз айдыны –ледовый каток
көлемі- размер,площадь
көрермен- зритель
тынбай – безпрерывно
әйгілі – знаменитый
айдын – каток
қойнауында – в ложбине
көрікті – красивый
жуық- около
зулайды – мчатся
кешен – комплекс
шаңырақ көтерді - открылся
4. Сөздіктерді мұғалім оқиды.
5. Мұғалімнің артынан қайталап оқу.
6. Оқушылардың өздері оқиды.
7. Сөздіктерге сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңдар.
Әйгілі айдын, көрікті айдын, жаңа айдын шаңырақ көтерді.
- Ал, енді балалар, сөздік барығыңа түсінікті болса, сөздік дәптерлеріңе сөздіктерді жазып алыңдар.
8.Оқушыларға жаңа тақырып туралы сұрақтар қою, сұрақтарға оқушылардың өздері жауап береді.
Мұз айдынына кім барған?
Мұз айдынында адамдар не істейді?
«Медеу» мұз айдыны қайда орналасқан?
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, әңгімелеңдер.Мәтіннен жаңа сөздерді табыңдар?
Мәтінді бірінші мұғалім оқиды.
Екінші рет оқығанда мәтіннің аудармасын айту.
Үшінші рет мәтінді оқығанда қиын сөздерді тақтаға жазу, қайталау.
Мәтінді мәнерлеп бір оқушыға оқыту.
Мәтінге өзара сұрақтар қою, сұрақтарға жауап беру.
Мәтіннің түсінігін айту.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
3- тапсырма. Сандардың орнына төмендегі керекті көмекші есімдердің тиістісін қойып, жазыңдар.
4- тапсырма. Жаңылтпашты жазыңдар, оқыңдар.
V Сабақты қорыту.
Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отырып, дағдыға айналдыру.Жаңа сөздерді қайталату.Түсінбегендерін сұрату.
VI.Үй тапсырмасын беру
Диалогты толықтырып жазыңдар.

VII.Бағалау.
Әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру.Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.
Каталог: uploads -> doc -> 0779
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0779 -> Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сатысында таңдау курстары енгізілді
0779 -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қазақстанның бас қаласы – Астана туралы білімдерін арттыру, ақпаратты өз бетінше меңгеруге ықпал ету. Сабақтың міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет