Білімділік: Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты шығармасымен танысады. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға үйренеді, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге төселеді.
Дамытушылық: Танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамиды. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып сөйлеу мәдениеттері артады.
Тәрбиелілік: Топпен жұмыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, көмектеседі.
Күтілетін нәтиже
Нанды қастерлеуге, ас атасы –нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғынады Түсініксіз жерлерін талдайды.
Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу, 3 топқа бөлу, бағалау жолақшаларын тарату, топ ережесін еске түсіру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Түлік туралы сабақ» өлеңінің мазмұнын сұрау.
Өлеңнің авторы кім?
1. Болат пен Марат неге таласты?
2. Оларға тағы кім қосылды?
3. Болаттың сұрағына сендер қалай жауап берер едіңдер?
Қой атаулары: қозы, қой, тоқты, тұсақ, саулық (ешкі, лақ, серке, теке)
Сиыр атаулары: бұзау, тайынша, торпақ, баспақ, дөнежін, құнажын
Жылқы атаулары: жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті.
Төрт түлік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
-Нан туралы қандай шығармалармен таныстық? (қатқан нан, Егінші мен қасқыр, Қаңбақ пен бидай т. б)
Топқа бөлу.(дән, масақ, бидай.)
ІҮ. Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлеңі»өлеңін мәнерлеп оқуып, мазмұнын айтуға дайындалады.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
2. Оқушылар топпен оқып шығады.
Автор туралы мәлімет:
Сауғабаев Кәрім (1941–2002) 20 қазанда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ (бұрынғы Қу)ауданының Едірей ауылдық кеңесінде туған.1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітіреді.Балаларға арналған алғашқы өлеңдері 1972 жылы кітап болып шығады. 1973 жылдан Егіндібұлақ аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы болып қызмет атқарды.
Шығармалары: Мойындау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Көктем келді, алақай. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Ақша қар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1980; Балқан таудың басында. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Үлкендерден үлгі аламыз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; Үшқара оттары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985.
Ү. Тапсырма
1 топ:
1. Өлеңде қандай сөз жиі қолданылды?
2. Нан дастарханға қалай келеді?
3.Нан - өмір, нан - ән, нан - нәр, себебі...
4. өлең шығару
Нансыз тыныштық болмайды, себебі...
Бір дән жатса, еңкейіңдер, көтеріңдер, себебі...
. Ой толғаныс сатысы:
1. Оқушылар біздің дастарханымыздағы нан тағамдарын атайықшы;
Тоқаш, бәліш, торт, тәтті кекс, печенье, бауырсақ т. б.
2. Ал осы бауырсақты қалай жасаймыз? Аналарыңнан көргендерің бар ма?
/бауырсақтың жасалу жолдарын оқушылар баяндайды./