Негізгі белгіленген ереже бойынша шалқадан жатып екі қолды желкеге
қойып кеудені көтеру немесе екі қолды кеудеге қойып көтеру - қырық рет
жасау керек. Бұл жаттығуды белтемірде жасасада болады. Екі қолмен
белтемірге тартылып тұрып, аяқты алға қарай көтеру керек.
Шалқадан жатып кеудені көтерудің адамның дене болмысының дұрыс
қалыптасуына көп пайдасы бар. Бұл жаттығуды үнемі жасау арқылы адам
бұлшық еттері бірқалыпты тұрады. Бұл жаттығуды күніне таң ертен және
кешке жасаған өте пайдалы. Кермеге тартылу жаттығуларын жасау үшін
алдын-ала оқушылардың денесін қыздыру қажет. Белтемірге бірден асылмас
бұрын жалпы дамыту денені қыздыру жаттығуларын жасату керек:
1.
Жүгіру;
2.
Секіртпеде (скакалка) секіру керек;
3.
Басты оңға, солға, артқа, алға қозғалту;
4.
Аяқты, қолды оңға, солға, жанға созып, жазып серпу;
Кермеге екі алақанды жазып, асылып тұрып тартынамыз.
Бірден жылдам тартынбастан жәй бастау керек. Тартынып болғаннан кейін
секірмей жәй түсуі қажет. Екі қол иық көлемінде ашылып, алға қарай кеудеге
қарай тартыламыз.
Достарыңызбен бөлісу: