3.
Спорттық
кілемшеге жатып, екі қолды желкеге қойып, аяқты созып,
өзіне ыңғайлы болу үшін тізені бүгіп жасасада болады. Шалқадан жатып
денені көтеру үшін адамның тыныс алуы бірқалыпты жағдайда болуы тиіс
және өзіне ыңғайлы спорттық киімі болуы керек.
Бұл жаттығуды жасап
болғаннан соң екі сағатқа дейін тамақтанбаған жөн. Тамақ жеп болғаннан
кейін шалқадан жатып кеудені көтеру жаттығуын жасамау қажет.
Негізгі белгіленген ереже бойынша шалқадан жатып екі қолды желкеге
қойып кеудені көтеру немесе екі қолды кеудеге қойып көтеру - қырық рет
жасау керек. Бұл жаттығуды белтемірде жасасада болады. Екі қолмен
белтемірге
тартылып тұрып, аяқты алға қарай көтеру керек.Шалқадан жатып
кеудені көтерудің адамның дене болмысының дұрыс қалыптасуына көп
пайдасы бар. Бұл жаттығуды үнемі жасау арқылы адам
бұлшық еттері
бірқалыпты тұрады. Бұл жаттығуды күніне таң ертен және кешке жасаған
өте пайдалы.
ІV.Бекіту:
Оқушыларға жүгіру
белтемірге тартылу,шалқадан жатып денені
көтеру ережелерін үйрету.
V.Үйге тапсырма:
Кермеге тартылуды үйрену.
VI.Бағалау:
Оқушыларды жаттығу жасағанына
және кермеге тартылуына,
шалқадан жатып денені көтерулеріне қарай бағалау.