Сабақтың тақырыбы Кәсіпкерлікке кіріспе


Оқулық және дидактикалық материалдар мен танысу



бет35/129
Дата04.09.2022
өлшемі380,88 Kb.
#148691
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   129
Байланысты:
10 ҚМЖ Кәсіпкерлік-1

2.Оқулық және дидактикалық материалдар мен танысу: олардың мазмұны, мақсаты, ерекшеліктері
3.Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды. Мысалы, 1-топ: «Бизнес»; 2-топ: «Экономика»; 3-топ: «Кәсіпорын».
4.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай туғызу.
Мұғалімнің сөзі: Біздің екінші бөлімдегі бірінші сабақ –«Бизнес неден басталады?» тақырыбынан басталады.Ол үшін нарықтық тепе-теңдік дегеніміз не? Сұраныс икемділігі дегеніміз не? Сұрақтарына жауап іздеп көрейік. Практикалық мысалдар келтіріңіздер, кім біледі?
Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді.

Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру
(10 минут)

Мұғалімнің сөзі: Балалар, тақырыпта берілген мәтіннің соңындағы сұрақтарға сіздер оқулықтағы мәтіннен жауап іздеу арқылы жаңа тақырыпты өздеріңіз меңгере аласыздар. Сабақ барысында ұйымдастырылған топтық жұмыста тақырыптың мазмұнын зерттеп, талқылап, талдау жасап, оны іс жүзінде бекіту керек. Енді сабақты бастайық, барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы. Мұғалім тақтадағы сұрақтарды көрсетеді және оларға оқулықтан жауап табуды сұрайды (жеке жұмыс)
Сұрақтар:
1.Кәсіпкерлік дегеніміз не?
2. Кәсіпкерлік функциялары мен принциптерінің мәні неде?
3. Кәсіпкерлік қызметтің шарттары қандай?
4. Кәсіпкерліктің жалпы экономикалық функциясы қандай?
5. Кәсіпкерлік құбылыс және процесс ретінде қалай сипатталады?
6. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық қызметі қандай?
7. Кәсіпкерліктің әлеуметтік функциясы қандай?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге талқылайды, дәптеріне негізге идеяларды жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет