Сабақтың тақырыбы Кәсіпкерлікке кіріспе


«Талдап, салыстырайық» дағдысы



бет58/129
Дата04.09.2022
өлшемі380,88 Kb.
#148691
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   129
Байланысты:
10 ҚМЖ Кәсіпкерлік-1

3.«Талдап, салыстырайық» дағдысы. Пікір алмасу.Талдау жасап, тапсырмаларды орындаңыздар.
1.Баға бойынша және бағалық емес бәсекелестіктердің арасындағы айырмашылықты анықтаңыздар.
2.Фирмааралық және тауараралық бәсекелестік арасындағы айырмашылықты анықтаңыздар.
3.Тақырыптың негізгі идеясы қандай?
4. «Дәптерге орындайық» дағдысы. Тақырып мазмұнындағы ұғымдардың өзара байланысы бойынша тірек-сызба құрастырыңыздар.

Сергіту сәті
2 мин.

«Жеті шырақ» жаттығуы (жақсы баяу музыкамен орындалады). Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең дем алыңыз. Сізден шамамен бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырақ бар екендігін елестетіп көріңіз. Мүмкіндігінше баяу, терең дем алыңыз. Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз. Деміңізді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді. Сіз қайтадан баяу тыныс алып қалған алты шырақты біртіндеп үрлеп өшіресіз.
5.«Қолданып көрейік» дағдысы. Практикалық тапсырмаларды дәптерге орындаңыздар.
Баға бойынша және бағалық емес бәсекелестік, жетілген және жетілмеген бәсекелестікке мысалдар келтіріңіздер. Оларды кесте түрінде безендіріңіздер.
6.«Ой бөлісейік» дағдысы. «Шеңбер бойымен сұрақ қою» әдісі бойынша пікір алмасу:
1.Нарықта баға бойынша және бағалық емес бәсекелестікті жүргізудің тиімділігі туралы орынды дәлелдеріңізді келтіріңіздер.
2.«Салалық нарық пен елдің тұрмыс жағдайына бағалық емес бәсекелестіктің әсер етуі» тақырыбында презентация дайындаңыздар.
Шығармашылық тапсырма
Қазақстандық және әлемдік компаниялардың бизнес-кейс түрлерін зерттеп, мына сұрақтың жауабын табыңыздар: Қандай кейстерде баға және бағалық емес бәсекелестікті пайдаланудың тиімділігі туралы дәлелдер келтіріледі?

Сабақтың соңы.
10 мин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет