6.«Ой бөлісейік» дағдысы. Пікір алмасу. «Шеңбер бойымен сұрақ қою» стратегиясы қолданылады (топтық жұмыс)
Жалдамалы жұмысшының, кәсіпкердің бизнесменнің қызмет түрлеріне үш мысал келтіріңіз. Пікірлеріңізді дәлелдеңіздер.
Жауаптар нұсқасы: жалдамалы жұмысшы: мектеп директоры, сатушы, дәрігер; кәсіпкер: жекеменшік мектеп (дүкен, дәріхана) басшылары; бизнесмен: жекеменшік мектептер (дүкендер, дәріханалар) иесі.
Шығармашылық тапсырма. Кәсіпкердің қасиеттері туралы ойланыңыздар:
Өз мінезіңіздің бес күшті және бес әлсіз тұсын атаңыз (сіздің кәсіпкер болуыңызқа көмектесетін және кедергі келтіретін қасиеттер)
Әлсіз тұстарыңызды талдап, күшті тұстарыңызды пайдаланып, олардың орнын қалай толтыруға болатынын жазыңыздар.
Сабақтың соңы. Кері байланыс
(3минут)
|
Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өз атын жазып, тақтада ілулі тұрған «Блоб ағашының» суреті салынған флипчартқа жапсырады.
|
Үй тапсырмасы
10 мин.
|
Мұғалімнің қалауы бойынша: «Төңкере оқыту» талаптарына сәйкес, оқушылар келесі тақырыптағы теориялық материалды өз бетімен үйде оқи алады.Олар мәтіннің соңында берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Осылайша, келесі сабақтағы жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгеру үшін алдын ала үйде дайындалады. Бұл сыныптағы практикалық тапсырмаларға қажетті уақытты үнемдейді
|
Рефлекция
5 мин.
|
(мұғалім жауаптарды өзінің жеке журналына жазады)
|
Достарыңызбен бөлісу: |