Сабақтың мақсаты
|
Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:
-SWOT талдауды түсінуде;
-зерттелетін өнімнің күшті және әлсіз жақтарын бағалау SWOT талдауды тәжірибеде қолданауына
|
Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)
|
1-меңгеру деңгейі. Барлық оқушы SWOT-талдаудың міндетін түсінеді (өнімсіз деңгей);
2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі;фирманың SWOT-талдамасының құрамын түсінеді.Оқушылар алған білімін тереңдетеді,жүйелейді(конструктивті деңгей)
3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі:зерттелетін өнімнің күшті және әлсіз жақтарын бағалау кезінде SWOT-талдауды тәжірибеде қолдана алады.Тақырып бойынша алған білімнің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнім деңгейі).Тақырыпты толық меңгерген оқушы шығармашылық тапсырманы орындайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Лексика және терминология:түйіткілді факторлар-критические факторы- critical factory;негізгі элементтер-базисные элементы-basic elements;фокустау-фокусирование-focusing;саралау-ранжирование-ranging.
|
Құндылықтарға баулу
|
Сын тұрғысынан ойлау,топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, басқалардың пікірін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
«Джигсо», «Құндылықтар спектрі», «Жеті сұрақ», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»
|
Қолданылатын ресурстар
|
Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер
|
Алдыңғы білім
|
Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша:
1. Кабинеттік және далалық зерттеулер деген не?
2.Алғашқы және қосымша ақпарат деген не?
|
|