2.Оқулық және дидактикалық материалдар мен танысу: олардың мазмұны, мақсаты, ерекшеліктері
3.Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды. Мысалы, 1-топ: «Бизнес»; 2-топ: «Экономика»; 3-топ: «Кәсіпорын».
4.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай туғызу.
Мұғалімнің сөзі: Біздің бірінші сабақ «Маркетингіге кіріспе» тақырыбынан басталады. Ол үшін «Бәсекелестік статегиясының түрлері қандай?» сұрағына жауап іздеп көрейік
Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді.
Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру
15 минут
|
Мұғалімнің сөзі: Балалар, тақырыпта берілген мәтіннің соңындағы сұрақтарға сіздер оқулықтағы мәтіннен жауап іздеу арқылы жаңа тақырыпты өздеріңіз меңгере аласыздар. Сабақ барысында ұйымдастырылған топтық жұмыста тақырыптың мазмұнын зерттеп, талқылап, талдау жасап, оны іс жүзінде бекіту керек. Енді сабақты бастайық, барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы.
Жеке жұмыс. Өткен материалдар бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
Маркетинг дегеніміз не?
Нарық дегеніміз не?
Маркетингтің негізгі қызметтері қандай?
Маркетингтің мақсаттары қандай?
Маркетингтің негізгі қағидалары қандай?
Маркетингілік стратегия дегеніміз не?
Кәсіпорындардың страияларының қандай түрлерін білесіздер?
Өнімнің сұранысқа ие болуын қарай маркетингтің қандай түрлері болады?
Маркетингтің стратигиялық мақсаттары қандай?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге талқылайды, дәптеріне негізге идеяларды жазады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |