Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас құрмалас сөйлем Сабақтың мақсаты



Дата24.05.2017
өлшемі96,19 Kb.
#16950
түріСабақ
20 жалпы орта мектебі



Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі: Ж.А.Шорабекова


Күні: 27.01.17ж.

Сыныбы: 8б

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Кезектес салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік қалыптастырады

Оқушылардың басым бөлігі: Кезектес салалас құрмалас сөйлемді салаластың басқа түрлерінен ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің ережесін айтып, мысалдармен дәлелдей алады.

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларды түгелдеу. Келмеген оқушыларды журналға белгілеу. Назарын сабаққа аудару.


Сабақ кезеңдері

Әдіс-тәсілдер мен тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Білім

7 мин


«Крестер мен нөлдер» ойыны арқылы үй тапсырмасы сұралады



1-тапсырма

1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.
Сұрақтар:


  1. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмасы қандай?

  2. Ыңғайлас салалас сөйлем қалай жасалады?

  3. Бірақ, дегенмен, әйтседе жалғаулықты шылаулар салаластың қай түрінде пайдаланылады?

  4. Берілген сөйлемді себеп-салдар салалас сөйлем етіп, жалғастырыңыз: Арман оқудан кеш оралды,.........

  5. Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата?

  6.  Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  7. Сілтеу есімдігі арқылы байланысатын салаластың түрі

  8. Іс-оқиғаның тек біреуі ғана жүзеге асатын салалас

  9. «Айжан би үйірмесіне барады және домбыраға қатысады» салаластың қай түрі


Бағалау дискрипторы:

  1. Сұрақтың мәнін түсінеді

  2. Нақты, дұрыс жауап береді

Түсіну

10мин


«Джигсо»

Кезектес салалас құрмалас сөйлем туралы оқушыларға өз беттерінше оқуды тапсырамын. Оқушылар тапсырманы орындап, өз түсініктерін айтады.

Бағалау дискрипторы:

  1. Кезектес салалас туралы түсініп оқиды

  2. Өз ойын нақты жеткізеді

  3. Ережесі мен мысалын айтып береді

Қолдану

10 мин


«Жарнама»

Топтар көрсетілген заттардың арасынан өздеріне ұнағанын таңдап алып, кезектес салалас құрмалас сөйлем құрай отырып, жарнамалайды.

Бағалау дискрипторы:

  1. Сөздерді дұрыс қолданады

  2. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді дұрыс байланыстыра алады

  3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем құрай алады

Талдау

«Керемет қоржын»

Оқушылар қоржын ішінде жасырылған сөйлемдерге синткасистік, сөз құрамына морфологиялық, сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Биыл Алматы қаласында қысқы универсиада ойындары өтеді және оған біздің мықты спортшыларымыз қатысады.


Алдағы қыркүйек айы ел үшін мерекелі де берекелі болмақ, себебі ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді.
Бағалау дискрипторы:

Фонетикалық талдау жасайды

  1. Буын санына қарай талдайды

  2. Әріп пен дыбыс қарай талдайды

  3. Дауысты дыбыстарды құрамына қарай талдайды

  4. Дауыссыз дыбыстарды құрамына қарай талдайды


Морфологиялық талдау жасайды

  1. Сөз құрамына қарай талдайды

  2. Түбір мен қосымшаны ажыратады


Синтаксистік талдау жасайды

  1. Сөйлем мүшесіне қарай талдайды

  2. Жай сөйлем құрамына қарай ажыратды

  1. Құрмалас сөйлем құрамына қарай ажыратады

Жинақтау

«Сәйкесін тап»


Құрмалас сөйлем түрлері бойынша берілген сөйлемдерді ажыратып, өз орындарына қояды.

Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.

Теледидардан соңғы хабарды біресе орыс тілінде, біресе қазақ тілінде берді.

Биыл мектеп бітіремін және Алматыға инженерлік оқуға түсемін.

Оның сабаққа дайындалмаған себебі: кеше кітапханадан кітап таба алмады.

«Отан» деген сөзді күнде естиміз, себебі Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері.

Іңір де түсті, балалар да үйлеріне кірді.

Алаңға жиналған халық көп, дегенмен Сәдуақасты қолдаушылар тым аз.

Менің айтпағым мынау: мен енді бұл ойынды ойнамаймын.

Біздің аулада жайқалған бақшаға да, ұшқан құсқа да орын бар.
Бағалау дискрипторы:

  1. Сәйкесін дұрыс табады

Өзін-өзі бағалау


Бағалау парақшасы

Бағалау дискрипторларына сәйкес бағалау

Рефлексия

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру


«Сәйкесін тап»

  1. Ыңғайлас салалас құрмалас

  2. Талғаулы салалас құрмалас

  3. Қарсылықты салалас құрмалас

  4. Түсіндірмелі салалас құрмалас

  5. Кезектес салалас құрмалас

  6. Себеп – салдар салалас құрмалас






Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.





Теледидардан соңғы хабарды біресе орыс тілінде береді, біресе қазақ тілінде берді.





Оның сабаққа дайындалмаған себебі: кеше кітапханадан кітап таба алмады.





Биыл мектеп бітіремін және Алматыға инженерлік оқуға түсемін.





«Отан» деген сөзді күнде естиміз, себебі Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері.





Іңір де түсті, балалар да үйлеріне кірді.





Алаңға жиналған халық көп, дегенмен Сәдуақасты қолдаушылар тым аз.





Менің айтпағым мынау: мен енді бұл ойынды ойнамаймын.





Біздің аулада жайқалған бақшаға да, ұшқан құсқа да орын бар.



«Керемет қоржын»

Сөйлемдерге синткасистік, сөз құрамына морфологиялық, сөзге дыбыстық талдау жасау


Биыл Алматы қаласында қысқы универсиада ойындары өтеді және оған біздің мықты спортшыларымыз қатысады.

«Керемет қоржын»
Сөйлемдерге синткасистік, сөз құрамына морфологиялық, сөзге дыбыстық талдау жасау
Алдағы қыркүйек айы ел үшін мерекелі де берекелі болмақ, себебі ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді.
Бағалау парағы
Дұрыс жауап 1 балмен есептеледі


Тапсырмалар

Бағалау дискрипторы:


«Крестер мен нөлдер»

  1. Сұрақтың мәнін түсінеді

  2. Нақты, дұрыс жауап береді

«Джигсо»

  1. Кезектес салалас туралы түсініп оқиды

  2. Ережесін айта алады

  3. Кезектес салалас сөйлем құрайды




«Жарнама»

  1. Сөздерді дұрыс қолданады

  2. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді дұрыс байланыстыра алады

  3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем құрай алады

«Керемет қоржын»

Фонетикалық талдау жасайды

  1. Буын санына қарай талдайды

  2. Әріп пен дыбыс қарай талдайды

  3. Дауысты дыбыстарды құрамына қарай талдайды

  4. Дауыссыз дыбыстарды құрамына қарай талдайды


Морфологиялық талдау жасайды

  1. Сөз құрамына қарай талдайды

  2. Түбір мен қосымшаны ажыратады


Синтаксистік талдау жасайды

  1. Сөйлем мүшесіне қарай талдайды

  2. Жай сөйлем құрамына қарай ажыратды

  3. Құрмалас сөйлем құрамына қарай ажыратды

«Сәйкесін тап»


  1. Сәйкесін дұрыс табады


Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмасы қандай?


Сілтеу есімдігі арқылы байланысатын салаластың түрі


Іс-оқиғаның тек біреуі ғана жүзеге асатын салалас


Ыңғайлас салалас сөйлем қалай жасалады?


Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

«Айжан би үйірмесіне барады және домбыраға қатысады» салаластың қай түрі


Бірақ, дегенмен, әйтседе жалғаулықты шылаулар салаластың қай түрінде пайдаланылады?


Берілген сөйлемді себеп-салдар салалас сөйлем етіп, жалғастырыңыз: Арман оқудан кеш оралды,.........


Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата?


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет