Сабақ жоспары
Музыка Күні 25.11.15ж Сыныбы 5а
Сабақтың тақырыбы
Киелі аспап
Жалпы мақсаттар
Диалогқа түсіу арқылы, жаңа тақырыпты ұтымды меңгеруге үйрету;
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларына негіз салу арқылы интеллекті мен шығармашылықты дамыту;
Ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже
Қобыз, қобыз аспабының түрлері туралы, Қорқыт ата туралы біледі
Сабақтың түрі, типі
Аралас
Әдіс-тәсілдер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Жеке, жұппен, топтық жұмыс, тақтамен, дәптермен жұмыс
Дерек көздері
Оқу бағдарламасы. Жалпы білім беретін мектептің 5- сыныбына арналған «музыка» оқулығы.
Көрнекіліктер
Ұлттық аспаптардың суреттері, Қорқыттың суреті, бағалау парағы
Түйінді идеялар
Топтық жұмыста ұйымшылдыққа, шапшандыққа, өз ойларын жеткізе алуға, өзіне сенімділік қалыптасады
Бағалау
Бағалау парақтары арқылы оқушылардың жинаған ұпай сандары және сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау
Тапсырманың мазмұны
Аспанмен тілдескен музыка құдіреті туралы сабақтың жалғасы
Ресурстар
маркер, ватман, стикер, бағалау парағы.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру
/2 мин/
Топтасу
/1 мин/
-Оқушылармен амандасу;
-Кезекшіден сынып оқушыларын түгендеу, тексеру
Балалар, бүгінгі сабағымызды бастау үшін топқа бөлініп алайық. Столдың үстіндегі қиынды қағаздарды таңдап алып,сурет бойынша топтасу
1 топ –қылқобыз
2 топ –Нар қобыз
3 топ –шаңқобыз
4 топ – сымқобыз
Топпен жұмыс істеу үшін араларыңнан көшбасшы, баяндаушы, таймкипер, бағалаушы сайлап алыңдар. Топтарға бағалау парағы беріледі.
-
Оқушылар сандар бойынша топтасады
Оқушылар рөлдерді бөледі.
Үй жұмысын тексеру
/5 мин/
Үй тапсырмасын карусель әдісі арқылы тексеру.
Оқушылар әр топ бір-бір сұрақ жазады, сұрақтар топтарға жіберіледі.
Сабақтың барысы
Ой қозғау
/топтық болжау стратегиясы/
/5мин/
Уәж беру
/3 мин/
Мәнмәтінмен жұмыс
/11мин/
Қобыз үнін тыңдату
Уәж беру/Қобыз аспабы құдіретті күшке ие болғандықтан,сіздерге де сондай күшті тілеймін.
Мәтін үлестіру
Қобыз шанағы кеспек ағаштан шауып жасалатын, көне ішекті аспап. Ертеде қобыздың ішектері малдың кептірілген ішегінен, ал садаққа ұқсас ыспасы аттың қылымен тартылады. Дәстүрлі түсінікте қобыз аспабы, қобыздың аты аңызға айналған Қорқытпен байланыстырып, сиқырлы күші бар бақсылық аспабы деп танылды. Қобыздың атасы Қорқыт көне қазақ жері Сыр өңірінде VIII-IX ғасырда өмір сүрген. Оның Қорқыт атануы Қорқытты анасы үш жыл бойы құрсағында көтеріп, босанған кезде,аспанды қара құйын басып кетеді, айнала көзге түртсе көргісіз болады және де адамға ұқсамайтын кебенекте туып, ел қорқып қашып кетеді. Кейін кебенек жарылып, адам нәсілді баланы көріп, халық қайта оралып оның атын Қорқыт қояды. Қорқыт туралы аңыздар көп. Оның өмірінен, ажалмен арпалысуы. Қай жерге барса да, Қорқыттың көрі деген сөз қалған. Қорқыт өлмейтін жер іздеп дүниені кезіп кетеді. Бірақ барлық жерде де өзіне қазылған көрді көріп, Сырдарияның жағасындағы «жер ұйықта» қобызын тартып отырады.
Қобыз – тек музыкалық аспап қана емес, ата-бабаларымыздың қасиет тұтып табынғаны, емдеу амалдарының бірі болып табылады. Қобыздың бір қазақта қаншама түрі бар. Бірақ бұл қазақта ғана бар аспап. Өзге халықтарда қобызға ұқсас музыкалық аспаптар өте көп. Солардың бәрі тамырын қобыздан алған деген ғалымдар арасында болжамдар жоқ емес. Ол қобыздың бағзы заманнан бері келе жатқандығынан, Қорқыттың көзін көрген киелілігінен. Қорқытты айтсақ қобызға соқпай кетпейміз, қобыз жайлы жазсақ та Қорқытты айтпау күнә секілді.
Қорқыттың қобызы туралы мынадай ел арасында тағы бір аңыз бар. Ол былайша өріледі: Қорқыт түс көреді. Түсінде ақ сақалы беліне түскен әулие қарт аян береді. «Сен бір аспап жаса. Сол қобыз жолыңа жарық түсіріп, жаныңды арашалайды» дейді. Қорқыттың заманынан бері келе жатқан аспаптан тұрқы да, үні де өзгеше.
Қобыздың жасалауында да өзіндік бір сыр бар. Ол ерекше шеберлікті қажет етеді. Қара ағашқа тіл бітіру – тек қолында Алла берген өнері бар жанның ғана қолынан келеді. Зерттеушілер ең алғаш пайда болған қобыз шырғай ағашынан жасалған дейді. Ал оның арғы тегін садақпен байланыстырады.
Қобыздың құрылымы мен құрылысы да күрделі. Ол – ең алдымен ыспалы аспаптардың қатарына жатады. Ол үш бөліктен құралады: басы, кеудесі және аяғы. Қазіргі кезде шеберлер қобызды қайың, арша секілді ағаштардан шауып жасайды. Ал оның үнін ерекше әуезді, жаныңды жеткізердей әсерлі ететін ішегін жылқының қылынан іледі. Сондықтан да оны кейде қылқобыз деп те атайды. Қазақта бір қобыздың өзінің бірнеше түрі бар. Атап айтсақ, шаң қобыз, нар қобыз, қыл қобыз т.б. енді осыларды қысқаша сипаттасақ: а) нарқобыз – бір немесе қос қобылы, ширатылған таспа ішекті, ысқышы да таспадан, көлемі қобыздан үлкен;
ә) қылқобыз – жетілдірілген, шанағы, мойны, басы, құлағы, қобысы ықшамдалған, ішегі мен ысқышы қылдан тартылған (ішегі екеу). Қобылы. Ағаш және тері қақпақты.
Б) сымқобыз – жетілдірілген. Ішегі сымнан жасалған үш немесе төрт қатарлы. Қобылы, беті ағаш және теріден жабылған.
В) зарқобыз – жетілдірілген. Қобысыз, жалпақ, беті ағаштан жасалған. Шанағының тұрпаты виолға ұқсайды. Төрт сым ішекті. Даусы ерекше ащы да зарлы болып келеді.
Ал осындай аспаптар өз тұрқын қазақтың қара қобызынан алғаны – біз үшін үлкен мақтаныш!
Қобыз – қазағымның қуанышы да, қайғысы. Арман-мұңы, өкініші мен өткені.
Оқушылар үнді тыңдау арқылы жаңа тақырып не туралы болады екенін табады.
Оқушылар мәтінмен танысып, топпен талдайды.
Мәтін бойынша сұрақтарды қояды. Диалогқа түседі. Жауаптары дұрыс болмаса, басқа оқушылар көмектеседі.
Әр оқушы бір сұраққа жауап береді.
Бекіту
/11мин/
Постермен жұмыс.
Қобыз аспабын музыкалық аспап ретінде басқа қандай жағдайда, қай жерде пайдалануға болады.
Топпен жұмыс істеу арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша ойларын постерге салады. Флипчарттарын қорғайды.
Бағалау
/3 мин/
Бағалау парақтары сабақтың басында үлестірілген. Бағалау парақтары арқылы оқушылардың жинаған ұпай сандары және сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды
Рефлексия
/2 мин/
Кері байланыс –«Екі жұлдыз, бір тілек»
V
жаңа білім алу
+
Дұрыс емес түсініктерді түзету
___
Дұрыс емес түсінікті түзету
?
Тақырыпқа қызығушылық таныту
Мен не білдім?
Бұл маған жаңа нәрсе
Бұл менің білгеніме қарсы нәрсе
Мен бұл жайлы көп білгім келеді
Стикерлерге екі ұнаған нәрсені, бір тілекті жазады.
Тақырып бойынша кері байланыс алу
Үйге тапсырма беру
/1 мин/
Оқу, Қорқыт жайлы мәлімет жинау
Күнделіктері не үй тапсырмасын жазады
Достарыңызбен бөлісу: |