ІІІ Жаңа сабақ:
Ақын өмір сүрген заман
Абайдың өз сөзімен айтсақ, «соқтыкпалы, соқпақсыз» жерде, Сарыарканың шөлінде үдере көшкен қайшылық дәуірде» өмір сүрген Абайдың заманы — XIX ғасырдың екінші жартысы — қазақ халқының тарихында өткен дәуірлермен салыстырғанда ерекше орын алған кезең болды. Бұл кезде Қазақстан жерінің түгелімен Ресейге қосылу кезеңі аяқталып, соның нәтижесінде және қазақ қоғамы дамуының объективті заңдылықтарына сай көптеген өзгеріс-жаңалықтар пайда болғаны мәлім. Ол өзгерістер қоғам құрылымында да, елдің экономикалық тұрмысында да, ел билеу жүйесінде де және мәдени-рухани өмірінде де орын алды. Кейбір әлеуметтік топтар тарих төрінен кетіп, жаңалары пайда болды. Қанаушы мен каналушылардың жаңа түрлері дүниеге келді. Казақ қауымының экономикасының тұрмысында егіншілік, сауда, ішінара өндіріс кәсібі тәрізді кұбылыстар жанданып, күшейді. Казақ қоғамының орыс халқымен қарым-қатысы да жаңа сипатқа ие болды: Казақстан жерінде қалалардың орнап, ұлғаюлары, орыс шаруаларының келіп қоныс тебулері екі халықтың еңбекші бұқарасының жүзбе-жүз көрісіп, араларында қарым-қатынас орнауына мүмкіндік берді. XIX ғасырдың II жартысыңда қазақ даласында болған қоғамдық-саяси өзгерістер мен оқиғалар мұндағы адамдардың мәдени-рухани өмірін баяғы калпында қалдыра алмады. Кең далаға қазақ тілі тарихында із қалдырған рухани, мәдениет факторлары келе бастады.
Мұның ішінде ең алдымен оқу-білімнің едәуір таралуын атауға тура келеді. Бұл оқу-білім екі сипатта болды: бірі — діни, яғни мектептер мен медреселерде және ауыл молдаларында мұсылманша оқу, екіншісі — үкімет тарапынан ашылған школдар мен училищелерде және орыс мектептерінде азаматтық білім беру. Бұлардың қай-қайсының да саны аз болды және оларда оқығандар да көп болмады, дегенмен жыл сайын ұлғая түсіп отырды. Мысалы, Ішкі Ордада үкімет школдарында 1891/92 оқу жылында небары 160 қазақ баласы оқыса, 1898 жылы 573 бала оқыпты. Азаматтық оқу-білім беру ісі Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында едәуір жақсы жүргізілді. Мұнда тұңғыш ағартушы-демократ Ыбырай Алтынсариннің рөлі мен қызметі айрыкша болды. Үкімет школдарының көпшілігінің жанында интернат болды (Интернатта окып жүр Талай қазақ баласы — Абай). Бір кластық және екі кластық деп бөлінетін бұл школдар 5-6 жылдық программамен қазақша-орысша азаматтық жалпы білім беруді көздеген. Бұлар мұғалімдерді, хат жүргізушілерді, тілмаштарды және әкімшілік аппаратының кіші чиновниктерін даярлап шығаратын болған. Бұл мектептер де сан жағынан көп емес. Бүкіл Қазақстанда XIX ғасырдың II жартысында небары 100 шақты орыс-қазақ школдары болып, оларда 4000-ға жуық бала оқыған. Кейбір отаршылдық мақсат көздегенімен, бұл школдардың маңызы зор еді. Алғашқы қазақ ағартушылары мен интеллигенциясы осылардан тәрбиеленгендер және казақ халқын орыс мәдениетімен, әдебиетімен, тілімен жақын таныстырған осы мектептер болды.
Абай өмір сүрген тұс қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік күштердің арасындағы идеологиялық қайшылықтардың әрі қарай шиеленісе түскен кезеңі болды. Әлеуметтік ой-санада негізгі екі түрлі бағыт өмір сүрді: бірі — реакцияшыл-кертартпа, екіншісі — ағартушы-демократтық. Реакцияшыл-кертартпа бағыттағылар бай-феодалдардың идеологиясын жақтап, көне феодалдық шаруашылық түрлері мен ел билеу системасын сақтауды қолдады. Сондықтан қазақ даласына келген күллі әлеуметтік-экономикалық жаңалықтарга қарсы шықты, бұл әрекеттері орыс мәдениетін жатырқау тенденциясын туғызды. Идеологиялық күрестері де ислам дініне иек артты. Қазақ арасына ислам дінін күшейтуге ат салысты. Бұл бағыттың өкілдері, негізінен, әдебиет қайраткерлері — ақындар болды. Олардың бастылары Шортанбай Қанайұлы (1818 — 1881), Дулат Бабатайұлы (1802 — 1874), Мұрат Мөңкеұлы (1843 — 1906).
Үстем феодал табы идеологтарының келесі бір тобы жоғарғылардан біраз ерекше тұрды, Олардың кейбіреулері (Әубәкір т.б.) қазақ феодалдарының мүддесін көздей тұрса да, заман ағымын бағдарлап, Қазақстанның Ресей қол астына кіру ісіндей жағымды сәттерді теріске шығармады, орысша білім-ғылым үйренуге де қарсы болмады. Сөйте тұра олар мұсылман дінін қазақ арасына жайып, нағыз уағыздаушылар болды. Олар халықты оқу-білімге шақырғанда, ең алдымен, дін оқуды еске тұтты. Бұл топтың ішінде айтарлықтай талантты ақындар да (Әубәкір Кердері) және бір алуан ақынсымақ молдалар да болды. Сөз етіп отырған кезенде сахна төріне шығып айқын көрінген демократиялық идеологияны жақтаушылар болды. Олар қазақ еңбекшілерінің мүддесін көздеп, азаматтық білім беруді, шаруашылықтың прогрессивтік түрлерін қолдануды (егіншілік пен отырықшылықты) қолдады. Орыс мәдениетіне иек артты. Кертартпа феодалдық идеологияға қарсы шықты. Бұл топтың ішінде Абай сияқты ірі ақын да, Шоқан Уәлиханов тәрізді ғалым да, Ыбырай Алтынсарин тәрізді ағартушы-педагог та және қазақ интеллигенциясының өзге де өкілдері болды. Осы екі бағыт бұл кездегі тіл мәдениетіне тікелей ықпалын тигізді: тіл практикасында да аралары ажыраған екі тенденция пайда болды. Демократтық-прогрессивтік идеологияны жақтаушылар қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен әдеби тілін (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет тілін) негіз етіп алды да, соны пайдаланды, әрі қарай дамытты. Феодалдық-патриархалдық бағыттағылардың да бірқатары (Дулат, Шортанбай, Мұрат т.б.) қазақ әдеби тілін қолданды, ал қалғандары ислам дініндегі күллі түркі халықтарына ортақ тіл деп тапқан «түркі тілін, қазақ филологиясында кітаби тіл» деп атанған тілді негіз етіп, оның таралуына, орнығуына әрекет жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |