Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы Сабақтың мақсаты



бет75/75
Дата02.02.2022
өлшемі236,51 Kb.
#116824
түріСабақ
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Байланысты:
абайтану қмж 9-сынып
абайтану қмж 9-сынып, 482581, Бәзілжан Мадина сөж тапсырма pdf, « ыр ауылды ауылында ы аза орта мектебі» коммуналды мемлекетт (2), « ыр ауылды ауылында ы аза орта мектебі» коммуналды мемлекетт (2), « ыр ауылды ауылында ы аза орта мектебі» коммуналды мемлекетт (2), « ыр ауылды ауылында ы аза орта мектебі» коммуналды мемлекетт (2), « ыр ауылды ауылында ы аза орта мектебі» коммуналды мемлекетт (2), « ыр ауылды ауылында ы аза орта мектебі» коммуналды мемлекетт (2)
ІV Сөздікпен жұмыс: 

Нәфрәтлі – жиренішті, жиіркенішті

Ғибрәтлі – үлгілі
V Сабақты бекіту: Мәтін мазмұнын жан-жақты талдау.

Концептуалдық кесте.


Шығарма атауы


Асыл іс


Дұшпан


Тәрбиелік мәні


«Ғылым таппай мақтанба»

Талап

Еңбек

Терең ой

Қанағат

Рақым

Өсек

Өтірік

Мақтаншақ

Еріншек

Бекер мал шашпақ

Жамандық көрсең, жирен.

Жақсылық көрсең, үлгі ал.

Ғылымға көңіл бөлсең, білгендердің сөзіне ерсең, дүние де өзі, мал да өзі т.б.


Семантикалық карта.

Мағына

өсек

өтірік

мақ

таншақ

еріншек

мал шашу

та

лап

еңбек

терең ой

қанағат

Ра

қым

Қызығушылығы жоғары, ізденгіш
















+













Адамгершілік қасиетке бай




























+

Сөз өрбіту, бірді-бірге шағыстыру

+




























Шамадан тыс кеуде, көкірек







+






















Пара беру, сатылу, санасыздық













+
















Арыдан болжау, сана-сезімі мол






















+







Барға шүкіршілік

























+




Ағылған бос сөз




+

























Жалқау, арамтамақ, жеңіл жол










+



















Тыным таппайды, уақытын бағалайды



















+









 

VІ Шығармашылық жұмыс:

1. Екі топ берілген тақырыпты түсінгеніне орай сурет салып, бейнелейді. «Ғылым-білім дегенді қалай түсінесің?»

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмей, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі – тұл.

2. «Қиық қағаздар сөйлейді». Берілген қиықтардағы сөздерді бір-бірімен байланыстырсаң, әдемі қанатты ой шығады.

         Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады.

        Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

3. Өлең құрастыру. І топ. Жамандықтан жиренемін...

                                   ІІ топ. Адам болып өсемін...

 

Сергіту сәті.  «Бәйге» ойын стратегиясы.  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. (екі топқа алты сұрақтан)

Ø Абай қай облыстың тумасы? (Семей)

Ø Абайдың әжесі (Зере)

Ø «Дем алысы – үскірік, ая бен қар» қай өлеңінен алынған үзінді? («Қыс»)

Ø «Дүние қалай етсең табылады» әңгімесінің авторы кім? (Ы.А.)

Ø Абай қай жылы туды? (1845)

Ø Абай аударма жасады ма? (иә)

 

Ø «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған жазушы кім? (М.Ә.)



Ø Абайдың әкесі (Құнанбай)

Ø «Көкорай шалғын бәйшешек» қай өлеңнен алынған үзінді? («Жаз»)

Ø «Өзен» өлеңінің авторы кім? (Ы.А.)

Ø Абайдың неше қарасөзі бар? (45)

Ø Абай ән жазды ма? (иә)

«Жалғастыр» ойыны.

Білім азбайды,                                              ақыл тозбайды.

Білімдіден шыққан сөз,                               талаптыға болсын кез.

Білгенің бір тоғыз,                                       білмегенің тоқсан тоғыз.

Білекті бірді жығады,                                  білімді мыңды жығады.

Кісінің кісілігі киімінде емес,                   білімінде.

Білмеген қауып айтады,                              білген тауып айтады.
VІІ Білімді бағалау:  Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
VІІІ Қорытындылау.  Ойтолғау (монолог түрінде). Абай өлеңдері бізді неге үйретеді? Не үйрендік? Біздің өмірімізге қажеті бар ма?
ІХ Түйін. Тақтада ілініп тұрған Абай туралы пікірлерді ұштастырып ой қорыту.

 
       Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.

                                                                                                       М.Әуезов

 

      Мына тұрған Абайдың суреті ме?



      Өлең сөздің ұқсаған келбетіне,

      Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

      Өр Абайдың төтеген кім бетіне?

                                                                                                      Ж.Жабаев

 

      Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.



                                                                                                      Ғ.Мүсірепов

 

      Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.



                                                                                                      Н.Назарбаев

 

   Халқымыздың рухын әрлендірген  - Абай. Сарқылмас күш-қуат беріп, әр адамға инабаттылық қазына сыйлаған, жазба тілдің негізін салған, қазақ поэзиясының алтын діңгегі – Абай.



 

  Х Үйге тапсырма:  өлеңді жаттау.

       Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.

                      М.Әуезов

 

      Мына тұрған Абайдың суреті ме?



      Өлең сөздің ұқсаған келбетіне,

      Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

      Өр Абайдың төтеген кім бетіне?

                                                                                                      Ж.Жабаев

 

      Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.



Ғ.Мүсірепов

 

      Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.



                                                                                                      Н.Назарбаев

 

  



Тексерілді:
Күні: 26.01.2017

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы:  «Сегізінші», «Он жетінші» қарасөзі

 

Сабақтың мақсаты:



  1. Білімділік: оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек

мәлімет бере  отырып, «Сегізінші», «Он жетінші» қарасөздерінің мағынасын ашу, ақыл, қайрат, жүрек және ғылымның адам өміріндегі алатын орнын, оның жан дүниесін түсінуге әсерін тигізу;

  1. Дамытушылық: оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту,

бір-бірінің пікіріне құлақ асуға, шығармашылыққа баули  тәрбиелеу;

  1. Тәрбиелік: ұлы ақынның еңбектеріндегі асыл ойларды өмірде жүзеге асыруға,

адамгершілікке, адалдық пен ізгілікке, білімді азамат болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:  Жаңа материалды меңгерту сабағы


Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Топпен жұмыс, түсіндірмелі, рольге бөліп оқу, талдау,

жартылай іздену.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Абайдың суреті,  тапсырмалар жазылған слайдтар, магнитті тақта арқылы электронды оқулық материалдары.

 

Сабақтың барысы:



І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Ғылым таппай мақтанба»  өлеңін жаттау.

ІІІ Өткен сабақты пысықтау үшін:

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін топтастыру арқылы тиянақтау.

Абай кім:

1. ақын


2. сазгер

3. аудармашы, ағартушы

5. мысалшы, қоғам қайраткері

Абай-ақын:  

1. өлең жазған

2. табиғат, білім, достық, махаббат, балаларының қазасына арнау, көңіл-күй

« Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

А)Абайдың өздері білетін өлең шумақтарын жатқа айту

ә) Абай өлеңдерін оқығандағы түйгенім:

1. адамгершілікке

2. имандылыққа

3. ізгілікке

4. қанағатшылдыққа, адалдыққа т.б. тәрбиелеп, жетелейді. Осы бағыттағы сөздерді әр оқушыға тақтаға жаздыру.
ІІІ Жаңа сабақ:

«Сегізінші», «Он жетінші» қарасөздері

Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес «ғақлия» — көркем сөз, дана сөз, асыл сөз.

Қара сөздер 1948 жылы Семейде «Абай» журналында жарияланды. 1890 жылдардан бастап Абай қара сөз жазған. Тұңғыш қағазға түсірген – Мүрсейіт. Қара сөздердің жалпы саны – 45. Өзіндік ерекшеліктері:    

сөйлемдері қысқа;

мағынасы кең;

ой саларлық мағынасы бар;

ғибрат (үлгі)беруді көздейді

философиялық сұрау басым;

өзі жауап береді;

өз-өзімен кеңес,ой-пікір білдіру үлгісінде;



СЕГІЗІНШІ СӨЗ

Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?

Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? - деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.

Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім - ешнәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны - бәрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ; саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бөрі, қыс, суық-сұғанақ - солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның бәрін жайғастырып, аяғын алып келіп мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы тимейді.

Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды.

Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдындағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек.



1891

ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.

Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.

-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.

- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.



1893
ІV Талдау бөлімі:   Оқушылар 4 топқа бөлініп отырғызылады, топпен жұмыс.

               Топтың аттары:   

1. «Ақыл»

2. «Қайрат»

3. «Ғылым»

4. «Жүрек»

Әр топтан бір оқушы мәтіннің тиісті бөлігін оқып шығады. 2-оқушы түсінгенін мазмұндайды.

V Түсініксіз сөздермен жұмыс:    

Ғақлия – көркем, дана сөз.

Ғибадатқұлшылық ету, сиыну.

Мәдмәладқа жету – мақсатқа жету.

Ахирет – адамның о дүниеде сұралатын ісі.

Нәпсі – құмарлық.

Залал – зиян.

Күнәкәр – күнәлі болу
VІ Мінездеме беру, оқушылар бағасы, көзқарасы:

Ақыл-?          Жүрек-?      Қайрат-?     Ғылым-?

 

VІІ Оқушылар жауабы:

Тақтаға жазбаша жазу.



Ақыл – көп қырлы жақсылық пен жамандықты бірдей ұстайды.

Қайрат – қатты,күшті, пайдасы да, зияны да мол, жақсылық пен жамандықты берік ұстайды.

Жүрек – адам денесінің патшасы,адам жанының мекені

Ғалым – ақыл,қайрат,жүректің басын қосушы,адамға өле-өлгенше азық болатын ұғым.

 

VІІІ «Ой қозғау» сәті:

Абай шығармаларындағы ақыл,жүрек,ғылым,қайрат туралы өлең жолдарын жатқа айтқызу.

1.Ақыл, қайрат,жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласын елден ерек.

2.Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба.

3.Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

4.Махаббат ғадауатпен майдандасқан,

Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Асау жүрек аяғын шалыс басқан,

Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?

5.Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

6.Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек?


7.Мал да бар жан мен тән,

Ақыл,сезім болмаса,

Тіршіліктің несі сән,

Тереңге бет қоймаса.

Мұңмен шыққан оралған тәтті күйге,

Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?

9.Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Үннің тәтті оралған мәні оятар.

Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да қуғанға.



ІХ Жаңа сабақты бекіту:

  1. Сонымен Абайдың қара сөздерінде айтылған пікірлерін түйіндей келе, адам қандай болу керек деп келгенін топтастырып көрейік.

 

 Адам               төзімді  

жігерлі

білімді


тәрбиелі

елжанды


иманды

адал


арлы

зерек


 

  1. Бүгінгі өтілген тақырыбымызды 5 жолды өлең стратегиясымен қорытындыласақ.

 

Кім? Абай-дана,ойшыл,философ

Қандай? Абай-ақылды,сауатты,көреген

Не істеді? Абай-қара сөз жазды.

Қашан? 1890-1898 жылдары

Не мақсатпен? Керегіне жаратсын.
Х Үйге тапсырма беру: «Сегізінші» және «Он жетінші» қарасөздерін оқу, талдау.
ХІ Оқушыларды бағалау: Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Тексерілді:
Күні: 02.02.2017

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Жиырма бесінші» қарасөзі


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға «Жиырма бесінші» қарасөзі туралы түсінік беру, қарасөзді талдау;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Сегізінші» және «Он жетінші» қарасөздерін оқу, талдау.

Сұрақтар:



  1. Абайдың ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдауларын қалай түсінесіңдер?

  2. Ақынның ақыл, насихат туралы пікірі қандай?

  3. Қарасөзіндег ақыл, білім жөніндегі пайымдауларын қалай түсіндіңдер?

  4. Ақынның адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, имандылық, парасаттылық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары қандай?

  5. Адам бойындағы қандай қасиеттерді ерекше бағалайсыңдар, бізге қандай қасиет жетіспейді деп ойлайсыңдар?


ІІІ Жаңа сабақ:
Абай Құнанбаевтың жиырма бесінші қарасөзі
Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса болады. Оның үшін бұл жер дарулхарап, мұнда әуелі мал табу керек, онан соң араб, парсы керек. Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішімге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уә әртүрлі пәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі. Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік керек. Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жауырынынан бір қаққанға сатады. Тек майордың күлгені керек деп, к...і ашылса да, қам жемейді. Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі. Ләкин осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді. Жоқ, олай ниет керек емес. Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейік, мұны көріп және үйренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына көнбес едік. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек. Қазір де орыстан оқыған балалардан артық жақсы кісі шыға алмай да тұр. Себебі: ата-анасы, ағайын-туғаны, бір жағынан, бұзып жатыр. Сүйтсе де, осы оқыған балалар - ана оқымаған қазақ балаларынан үздік, озық. Не қылса да сөзді ұқтырса болады оларға. Жақсы атаның балалары да көп оқыған жоқ, қайта, кедейдің балаларын орысқа қорлап берді. Олар осыдан артық қайда барсын? Және де кейбір қазақтар ағайынымен араздасқанда: «Сенің осы қорлығыңа көнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш, аузыма мұрт қойып кетпесем бе!» деуші еді. Осындай жаман сөзді, құдайдан қорықпай, пендеден ұялмай айтқан қазақтардың баласы оқығанменен не бола қойсын? Сонда да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, қай көп үйреніпті?  Кірді, шықты, ілді, қайтты, түбегейлеп оқыған бала да жоқ. Әкесі ел ақшасымен оқығанға әрең оқытады, өз малын не қылып шығарсын? Турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол - мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең - оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?
Абай Құнанбайұлының 25-қарасөзіне талдау

Абай Құнанбайұлының 25-қарасөзі басқа да қарасөздері сияқты әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. 

Аталған қарасөзде Абай атамыз оқу-білімге байлық аямау керек дегенді айтады. "Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі", - дейді ол. 

"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген қазақтыкі болып кеткен Қадыр атамыздың сөзін дана Абай да айтып кеткен. "Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренген" халықты көкірек көзді ашуға шақырады ол. "Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр", - дей келіп, өзге жұрттың тілін білген адам терезесі тең тұрып сұхбат құра алады дегенді айтады. 

Дәулет әр адамға өз несібесімен келеді. Қазір оқу-білімге жұмсалған ақша болашақта қайтарымы бар берекелі ақшаға айналмақ. "Өз келешегін ойлаған әр адам орыс ғылымын үйренсін" деген тұжырым бүгін де өзекті болып тұр. "Турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол - мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең - оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?".

Назар салсақ, оқуға қолын бір сілтеген адамның көкірек көзі қараңғы болып, тұмшаланып, ішіп-жеп қана өмір кешетін төрт аяқты хайуаннан еш айырмасы болмайтыны айтылған, "бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?" деген жолдар – осы сөзіміздің куәсі. Оқу-білімнің қажеттілігін сөз құдіретін жіті түсінген халқымыздың мақтамен бауыздау тәсілін қолдана отырып жеткізген ғұламадан асырып ешкім айта алмаса хақ-ты... 
IV Сабақты бекіту:

1. Сұрақтар:


  1. Ақын қарасөзінде озық елдің қандай ерекшеліктеріне тоқталып, бағалаған?

  2. «Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуынан не аңғарылады?

  3. «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» мәнін түсіндіруге тырысыңдар.

  4. Абайдың қарасөздеріндегі көтерілген даналық ой-пікірлер өлеңдерінде айтылған ойлармен сабақтастығын ашыңдар.


2. Іздену тапсырмасы.

Қазақтың бала тәрбиесіне қатысты 10 мақал-мәтелін теріп жазыңдар.


V Үйге тапсырма: «Жиырма бесінші» қарасөзін оқу, талдау.
VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Тексерілді:
Күні: 09.02.2017

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Абайдың қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі туралы түсінік беру, қарасөзді талдау;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Жиырма бесінші» қарасөзін оқу, талдау.

Сұрақтар:

  1. Ақын қарасөзінде озық елдің қандай ерекшеліктеріне тоқталып, бағалаған?

  2. «Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуынан не аңғарылады?

  3. «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» мәнін түсіндіруге тырысыңдар.

  4. Абайдың қарасөздеріндегі көтерілген даналық ой-пікірлер өлеңдерінде айтылған ойлармен сабақтастығын ашыңдар.


ІІІ Жаңа сабақ:

Абайдың қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі

ЕКІНШІ СӨЗ

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.

Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.

Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?

1890
IV Сабақты бекіту:

Сұрақтар:


  1. Ақын халқын қандай ізгі, жақсы істерге шақырады?

  2. Адам бойындағы жағымсыз мінездерді мінейді, одан арылудың жолын қалай көрсетеді?

  3. Ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызы жайлы ақын көзқарасы.



V Үйге тапсырма:

  1. Абайдың қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.


VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


Тексерілді:
Күні: 16.02.2017

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Екінші», «Оныншы» қарасөздері


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға «Екінші», «Оныншы» қарасөздері туралы түсінік беру, қарасөздерді талдау;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Абайдың қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.

Сұрақтар:

  1. Ақын халқын қандай ізгі, жақсы істерге шақырады?

  2. Адам бойындағы жағымсыз мінездерді мінейді, одан арылудың жолын қалай көрсетеді?

  3. Ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызы жайлы ақын көзқарасы.


ІІІ Жаңа сабақ:

ЕКІНШІ СӨЗ

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.

Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.

Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?

1890

ОНЫНШЫ СӨЗ

Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?

Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?

Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің - балам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?

Қартайғанда асырасын десең, о да - бір бос сөз. Әуелі - өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші - балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші - малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары - ол да екі талай. Хош, құдай тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп, біреуді боқтатып, «кәпір - қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны мазаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?

Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі - біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің - сол.

Бұл - құдайдан тілеген емес. Бұл - абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы - сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі.

IV Сабақты бекіту:

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Бала тәрбиесі туралы ақынның ойы.

  2. «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып халқын қандай асыл істерге үндеді?

  3. Білім мен ғылымның адамзат өміріндегі маңызы жайлы не айтар едіңдер?


V Үйге тапсырма: «Екінші», «Оныншы» қарасөздерін оқып келу.
VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 23.02.2017

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Он сегізінші» қарасөзі


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға «Он сегізінші» қарасөзі туралы түсінік беру, қарасөзді талдау;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Екінші», «Оныншы» қарасөздерін оқып келу.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Бала тәрбиесі туралы ақынның ойы.

  2. «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып халқын қандай асыл істерге үндеді?

  3. Білім мен ғылымның адамзат өміріндегі маңызы жайлы не айтар едіңдер?


ІІІ Жаңа сабақ:
ОН СЕГІЗІНШІ СӨЗ

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.

Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.

Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.



1893

IV Сабақты бекіту:

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Киіну мәдениеті туралы не айтар едіңдер?

  2. Ұлттық киімдеріміздің өзіндік ерекшеліктерінің сырын білесіңдер ме?

  3. Кербездік жайлы не білесіңдер, кербездік адамның қандай қасиеті?

  4. Адам баласы адам баласынан қандай ерекшеліктерімен озады?ә


V Үйге тапсырма: «Он сегізінші» қарасөзін оқып келу.
VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет