ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау. Балаларға оқу-білім жайында мақал-мәтелдер айтқызу
1. Ақыл азбайды, білім тозбайды.
2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
3. Білімсіз күнің жоқ, оқусыз білім жоқ.
4. Оқу білім қазығы, білім өмір азығы.
5. Ақылды ұл білім іздер, ақымақ ұл шылым іздер.
6. Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.
7. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
8. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп.
Оқушылардың білім-ілім жөніндегі мақал-мәтелдерін тыңдау.
-Балалар, міне, білімсіз күнің жоқ екен, білімді болсаң сенің алдың ашық, жақсы мен жаманды ажырата алатын боласың.
- Абай аталарыңның оқу-білім жайында жазған қандай өлеңін білесіңдер?
-"Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқушыларға айтқызу.
-Балалар, бүгін біз Абайдың білім, ғылымға арнаған "Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңімен танысамыз.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегімді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
-Балалар, осы өлең шумағында сендерге таныс емес сөздер бар, сол сөздермен танысамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |