Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаев суреттері, слайдтар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО әдістері (Топпен жұмыс жасау, сұрақ-
жауап, ой қозғау,
топтастыру, эссе)
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2 топқа бөлу.
І топ "Мұрагерлер"
ІІ топ "Ұрпақтар"
ІІ. Қызығушылықты ояту.
-Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге-деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, балалар, шынында да қазақтың кемеңгер, данышпан, ойшыл ұлы ақыны Абай аталарыңның өлеңдері жақсы оқуға, білімді болуға, тәртіпті, тәрбиелі, адамгершілігіміз мол болуға шақыра ма?
-Абайдың өлеңдерін жаттап, көңілімізге тоқуымыз керек пе?-деген сұрақтарға жауап алу.
ІІ. Өткенді еске түсіру. Ойын "Гүл текшелерін жинау"
Абай кім, қай жерде, қай жылы туылған?
Абайдың азан шақырып қойған аты кім?
Абайдың әкесі кім, ол кім болған?
Абайдың анасы кім?
Абайды кім тәрбиелеген?
Абай қанша жасынан өлең жазған?
Оны кім Абай деп атаған?
Абайдың қанша қара сөзі бар?
Абайды әлемге танытқан кім?
Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
Достарыңызбен бөлісу: |