Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы Сабақтың мақсаты



бет57/75
Дата02.02.2022
өлшемі236,51 Kb.
#116824
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   75
Байланысты:
абайтану қмж 9-сынып

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

Өлеңдерді жаттау, құрылысына қарай талдау.
ІІІ Жаңа сабақ:

Ақын шығармаларының басылымдары

Кәкітай Ысқақұлы

Революцияға дейінгі дәуірде Абайдың өмірі мен әдеби мұрасын танытуда елеулі еңбек еткендердің ішінде Кәкітай Ысқақұлының орны бөлекше. Кәкітайдың Абай мұрасын танытудағы басты еңбегі де Абай шығармаларының тұңғыш жинағын құрастырып жариялауы мен ақын өмірі туралы алғаш рет мәлімет беруінде жатыр. Кәкітай Абай мұрасын жинастырып, бастырудағы тарихи еңбегі жайлы Абай мұрасын зерттеушілер еңбегінде молынан айтылды да бірақ М.Әуезовтың монографиялық еңбегінде болмаса, басқа зерттеулерде Кәкітай еңбегі сын көзімен қаралмаған. Сондықтан да Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуына Е.П.Михаэлистің әсері басым болды деген Кәкітай пікірі абайтану саласында көпке дейін орын алып келді.


Кәкітай бастырған 1909 жылғы жинаққа дейін баспасөзде жарияланған бірлі-жарымды Абай өлеңдерінің бәрі де асыл түпнұсқа қалпында сақталмады. Тіпті, В.А.Кудашев жазып алған қолжазбаның өзінде де Абай шығармалары текстологиялық өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Кәкітай кұрастырған Абай өлеңдері (56 ғана) революцияға дейінгі дәуірде түпнұсқаның табиғи қалпын сақтап қалды, түрлі текстологиялық бұрмалаушылықтар болған жоқ. Сөйтіп, бүкіл қазақ елін тұңғыш рет Абай шығармасының асыл түпнұсқа қалпымен таныстырады.
Кәкітай олқылығы – Абай шығармаларын түгел қамти алмауы демесек, Абай өлеңдерін түрлі тақырыптарға бөліп, жіктеуі сол дәуір жағдайына байланысты қарағанда орынды да. Кәкітай мәдениет пен білімнен кенже қалғам қазак қауымының ой-өрісін еске алып, тақырыптык принципке сүйенуді жөн көрген. Бүкіл қазақ ақындары Абай шығармалары мен өмірбаяны жайлы дерекпен түңғыш рем Кәкітай арқылы ғана танысты. Кәкітай Абай өмірі мен творчествосына жалпы тоқталғанымен, сол дәуірдің өзінде-ақ. Абай жөнінде ойлы пікірлер айта білді.
Кәкітай Абайды шын мәніндегі ақындық өнерге сексенінші жылдары басында бет бұруының себебі оның орыс халқының озық ойлы әдебиетімен танысуында жатыр деп көрсетуі, Абай творчествосы мен өміріндегі елеулі құбылыстардың төркінің дұрыс аңғара білгенін байқатты. Ақындық дарыны асып туған Абайдың осы өнерге қолын кеш сермеуі, Кәкітай пікірінше өскен ортасына тікелей байланысты қаралады. Аталы ортаның ақындық өнерді кемсіте қарауы Абайға белгілі дәрежеде әсер еткен. Бірақ ел ісіне ерте араласып, халықпен тығыз байланыста болуы арқылы ғасырлар бойы сұрыпталған тіл өнерін терең меңгеруі – Абай ақындығының тербе өскен алтын бесігі деді.
Кәкітай мақаласы революцияға дейінгі дәуірде ұлы ақын творчествосының нәр алған арналарына байланысты. Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлы мәселеге біршама бағдар айтуымен де ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет