Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Жаһандық құзіреттілік деген не? Сабақтың мақсаты



бет16/27
Дата31.08.2023
өлшемі400,37 Kb.
#180060
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Байланысты:
Жаһандық құзіреттілік ҚМЖ

Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Тіршілік қауіпсіздігі.

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Елің үшін еңбек қыл, отыра берме бекерге» (Дулат Бабатайұлы)

Сабақтың мақсаты:

Ақын шығармашылығының тәрбиелік мәнін ұғыну.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы



Амандасу.
Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармашылығы


СҮЛЕЙМЕНГЕ
...Күні өтіп, айы асқан,
Енді қазақ ел болмас.
Дәрігері дарын болса да,
Ауруына ем қонбас.
Мүйіздескен сиырдай,
Байласаң, басжіп жетер ме?
Еңбегің – еш, тұзың – сор,
Қайратың селге кетер ме?
Толқынды теңіз заманнан
Сенімді кеме болмаса,
Желқайықпен өтер ме?!
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берме бекерге.
Көмбеге таяп қалғанда,
Жүйрікке керек көтерме

«Сүлейменге» – алғаш рет «Өсиетнама» жинағында жарық көрген өлең. 2003 жылы шыққан жинақта жарияланған өлең мәтіні негізінде беріліп отыр. Сүлеймен – ХІХ ғасырда өмір сүрген ел билеушісі. Төре тұқымынан



Ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысады.
Өлең шумағын тыңдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=fu7lBoA3b7o
https://www.youtube.com/watch?v=1uITvnwXJhg



Сабақтың соңы

Кері байланыс
-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....
-Сен үшін маңызды ақпарат болды....






Кері байланыс тақтайшасы






Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Парасаттылық және әдеп

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Жақсымен жолдас болсаңыз, айырылмасқа серт етер» (Бұқар жырау)

Сабақтың мақсаты:

Жырау шығармашылығынан мағлұмат беру. Дос сөзінің қадір қасиетін білдіру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы



Амандасу.
Әкесі баласына достарының шынайы дос еместіктерін қанша айтып жүрсе де, баласы онымен келіспей «Сіз оларды білмейсіз – олар менің шын достарым» деп үнемі қарсылық көрсетеді. Бір күні әкесі: «Олай болса достарыңды сынап көрелік. Бір қойды сойып, оны бөлшекте дағы, қан-қан күйінше етті бір қапқа салып кел» – дейді. Бозбала айтқанды жасайды. «Енді», – дейді әкесі – «осы қапты алып достарыңа бар да «біреуді өлтірдім, сүйегі мына қапта… маған көмектес», – деп сұра. Достарыңның саған адал болғанын, болмағанын сонда көресің», – дейді. Бозбала бір досының үйіне барады да, біреуді өлтіріп қойдым деп, одан өлікті тығуға көмектесуін сұрайды. Бірақ досы келіспейді. «Менен алыс жүр!» бәледен аулақ деп есігі алдынан қуып жібереді. Тағы бір досына барса, ол да көмектеспей қайтарып жібереді. Басқалары да солай. Көңілі түсіп әкесінің алдына келеді. «Айтқаныңыз рас екен. Шын дос емес екен олар маған. Ешбірі көмектескісі келмеді», – дейді ол мұңая. Әкесі «Айттым ғой, саған», – деп, енді пәлен жерде тұратын, пәленше деген кісіге сәлемімді айтып бар да, достарыңнан сұрағанды одан да сұра дейді. Бозбала айтылған жерге барып, әкесінің досына жолығады. Әкесінің сәлемін айтып, «Біреуді өлтіріп қойдым, әкем сізді маған көмектеседі деп айтқан», – дейді. Әкесінің досы дереу оны үйге кіргізіп, өзі үйдің артқы бақшасынан бір ор қазады. Қапты сол орға көміп, үстінен қызғалдақтарды егіп тастайды. Бозбала үйге қайтып келіп әкесіне досының көмектескенін, қапты бақшасына көміп, үстінен қызғалдақ еккенін айтып береді. Бұл жолы әкесі: «Енді сол досыма қайтып бар да, ел-жұрттың алдында бүлік шығарып, оны мазала», – дейді. Баласы таң қалады, бірақ әкесінің айтқанын орындайды. Қайтып барып әкенің досына түрлі жаман сөз айтып, ел-жұрттың алдында бүлік шығарады. Сонда да ол кісі балаға: «Әкеңе сәлем айт. Мен бір боғауыз сөз үшін қызғалдақтары бар бақшамды қопаратын адам емеспін», – дейді.
Әңгіме не жайында?
Дос,достық дегенді қалай түсінесің?

Ал енді Бұхар жыраудың осы достық жайында не айтқанын тыңдайық.


Жал-құйрығы қаба деп 
Жал-құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз!
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз!
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас.
Жаман қатын алғаның
– Төркініне бата алмай,
Төсегіне жата алмай,
Тең құрбысы келгенде,
Оңды жауап қата алмай,
Жалғанда қор болғаның.
Таудан аққан тас бұлақ,
Тасыса, құяр теңізге.
Қанша малы көп болса,
Бай қуанар егізге.
Жаманнан жақсы туса,
Жақсыдан жаман туса,
Тартпай қоймас негізге. 
Жар басына қонбаңыз 
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса, үй кетер.
Жатқа тізгін берсеңіз,
Жаламенен бас кетер.
Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер.
Ит жүгіртіп, құс салсаң,
Киген тоның түлкі етер.
Сыпайы сырын білдірмес,
Ақырын ғана бүлк етер.
 
«Досыңызды кафеге шақырыңыз» рөлдік ойыны

Оқушылар әңгімені тыңдайды.
Жалпы өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар ойы.

Оқушылар рөлдерді сомдайды.



https://www.youtube.com/watch?v=1QeW91CZtgE



Сабақтың соңы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет