Жаңа сабақ
|
Мағынаны тану кезеңі.
1-тапсырма. «Уақыт сызығы».Презентация арқылы ұяшықтарға тас дәуірінің кезеңін (палеолит, мезолит, неолит, энеолит) санмен көрсетіп қойямын.
Палеолит
Мезолит
Неолит
4Эноелит
Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында сұрақтар беремін:
«Тас дәуірі» кезеңінен қандай оқиғалар ерекше есте қалды?
Металды игеру адам өміріне қандай өзгерістер алып келді?
(Т)2-тапсырма. «Суретін сал».Оқушыларды топтарға бөлемін. Әр топ топ мүшелерінің санына қарай 1-ден 4-ке дейін немесе 5-ке дейін нөмір беремін. Сыныпқа сұрақ қоя отырып, «Бірге ойлаймыз» – деп айтамын. Сұрақ: «Ежелгі адамға ең үлкен пайдасын әкелген еңбек құралы қандай?» Ең үлкен пайда әкелген еңбек құралын анықтау үшін топтарға ежелгі адамдардың әртүрлі іс-әрекетін карточкамен ұсынамын. 1 карточкада – аң аулау, 2- от жағу, 3- аңдардың терісін боршалау, 4 – балық аулау. Осы іс-әрекеттерге сәйкес келетін еңбек құралын анықтап, топпен не жұппен суретін салады. Еңбек құралдарын еске түсіру үшін оқулықтың бастапқы беттеріндегі тақырыптарды қайталайды.
(Т) 3-тапсырма. «Топтық зерттеу».Оқушыларға «Тас дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбы бойынша алынған білімді жүйелеу мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырылатындығы туралы ескертемін.
Мысалы: алғашқы адамдар, тас құралдары, кен өндіру, қыш құмыралар, петроглифтердің суреттері. Осы суреттер бойынша сол кезеңге ойша өтіп, нені елестеткендерін жазып алады.
1 топ: Журналистер:
«Менің тас дәуіріндегі бір күнім» тақырыбында оқиға орнынан репортаж дайындайды;
2 топ:Ұсталар:
Тас және қола дәуірінің еңбек құралдарының ішінен адамға ең үлкен пайдасын (қажетті) әкелген еңбек құралын таңдап, оның суретін салып, мысалдар келтіре отырып, өз таңдауларын негіздеу.
Қыш құмыра (керамика) жасаушылар:
Тұрақтардан табылған қыш құмыраларды зерттеп, олардың қажеттілігі мен қолданылуын түсіндіреді. Қыш құмыралардың бірнеше нұсқасының суретін салады, ондағы бейнеленген суреттерді сипаттайды.
Этнографтар:
Тас және қола дәуіріне тән ғұрыптармен наным-сенімдер бойынша презентация жасайды. Олардың мағынасын ашып, түсіндіреді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |