Пән аты: Абайтану Сыныбы: 9 Күні, айы,жылы: 03.04.2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: Абай әндерінің таралуы
Сабақтың мақсаты: Абай әндерінің тәрбиелік мәнін ашу;
Абай әндері арқылы көркем сөз бен тілдің халық шешендігін, тілдің құдіреттілігін ұғынуға, оқушыларды адамгешілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеу, әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
1. Абай суреті.
2. Абайдың ән- өлең туралы сөздері.
І. Сабақтың барысы: Сабақ сынып оқушыларының «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындаумен басталады.
Кіріспе: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдени тарихында ерекше орын алады. Соңында тамаша өлеңдер мен қара сөздер қалдырған Абай тек қана ақын емес, композитор және өз өлеңдерін орындаушы.
Бүгінгі сағатымыз Абайдың бір ғана қыры — әндерінің тәрбиелік мәнін ашуға ғана арналады.
Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.
Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.
Композитор Абай дарынына қанат бітірген, ән нәрімен сусындатқан орта қандай еді? Оның композиторлық өнерінің бұлақ бастауы қайда? Әндерінің сипаты мен тақырыбы қандай? Кезекті оқушыларға берейік.
Достарыңызбен бөлісу: |