ІІ. Абай әндерінің сипаты туралы –Абайдың ән мұрасы, композиторлық шығармашылығы қазақ музыкасына енген баға жетпес тың жаңалық болып табылады. Академик А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары еңбегінде Абай әндерінің әуені, өлшем ырғақ, құрылым – пішіні жағынан өзіне дейінгі бірде – бір халық композиторының шығармашылығына ұқсамай, айрықша дара тұрғандығын ашып керсетті.
Абайдың композиторлық шығармашылығының қалыптасуы және «Үш ұлы бастау» —1. Қазақ халқының жазба әдебиеті. 2. Шығыс елдердегі классик поэзиясы. 3. Батыс Еуропа мәдениеті. Осы үш бастау Абайдың музыкалық шығармашылығының қалыптасуына тікелей әсер етті. Абай өз заманында өнердің дамуына аса ден қойып отырған халық шығармашылығына жай еліктеп қана қоймай, зердесіне тоқып өскен. Абай аулында әрқашан ән-күй үзілмеген.
Абай және орыс музыкасы –Абай орыс әндерін, музыкасын алғаш естуі, әлеуметтік жағдайға байланысты болды. Орыс тілін жетік меңгерген Абай А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, аударма әндерге ән шығаруы қазақтың музыка өнеріне қосқан үлесі. «Евгении Онегин» поэмасын аударып шығарған әндері қазақ даламсына кең тарады.
Абай әндерінің тақырыбы —Абайдың вокальдық шығармаларының тақырыбы сан қилы. Зерттеушілер Абай әндерін азаматтық тағылымдық, сатиралық, философиялық тақырыптарға топтаса келе сезімдік, психологиялық толғаныстар басым махаббат лирикасын ерекше атайды. Лирикалық әндерге «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Татьянаның хаты» жатады. Абай әндері өсиетке, ұлағатқа, ақыл – парасатқа өте бай. «Ата –анаға көз қуаныш», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».
ІV. Абай әндерінің тәрбиелік мәнін ашу.
1 топ. «Бойы бұлғаң» әні.
2 топ. «Өзгеге көңілім тоярсың».
3 топ. «Қараңғы түнде тау қалғып».
1 топ. «Бойы бұлғаң» әнінде байлығы мен дәулетіне мастанған байды өткір сықақпен шенейді.
Бойы бұлғаң Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,Қатты састым
Тұра қаштым, жалма – жан.
Ақын топас екі жүзі адамдардың әрекет – қылықтарына ашу- ызасын білдіреді. Ақын өткір сыншы, сатирик ретінде көрінеді. Адам бойында кездесетін жағымсыз мінез әдеттерден (екіжүзділік, жағымпаздық) қасиеттерден аулақ болуға, жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелейді.
2 топ. «Өзгеге көңілім тоярсың» адам өміріндегі әннің мән- маңызы туралы тұжырым жасайды. Ән-дертке дауа. Ән құдіретін тек көкірегі ояу түсінігі мол, саналы адам ғана ұғына алады. Ән халық шешендігін, тілді құрметтеуге, адамгершілік және эстетикалық қасиеттерді ұғына білуге тәрбиелейді.
3 топ. «Қарыңғы түнде тау қалғып»
Аударма болғанмен ұлттық нақышқа толы. Әуенде орыс романсының элементтері бар. әннің ерекшелігі мәтін мен әуен ажырамастай тұтас.
Қараңғы түнде тау қалғып Ұйқыға кетер балбырап
Даланы жым-жырт, дел-сал ғып,Түн басады салбырап.
Түнгі табиғат көрінісі, қараңғылық кезіндегі адамның сезімі суреттеледі. Табиғатпен бірге адам да ұйқыға кетердей, әннің әуені мен мәтіне керемет жымдасқан. V. Музыка тыңдау.
VІ. Қорытынды.
Абай әндері бұл күндері қазақтың музыка мәдениетінің алтын қорына енді. Оның әндері Қазақстан композиторының күрделі шығармаларына арқау болды.
Абайдың әндері өлмейтін өміршең әндер. Ол өмірді жырлаған. Өмір дегеніміз айнала қоршаған табиғат, жанымыздағы адамдар, көңіл-күйіміз, сезімісіз, қарым- қатынасымыз. Яғни Абай әндері өзімізді қоршаған ортадағы әсемдікті қасиеттерден аулақ болып, ізгі қасиеттерді бойға сіңіре білумен қатар өмір сүруге тәрбиелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |