2.Психологиялық дайындық
Сабақты оқушылар бір–біріне Абайдың нақыл сөздерін қолдану арқылы тілек айтумен бастайды.
Мысалы: Абай атамыз «…сенде бір кірпіш дүниеге
кетігін тауып бар қалан» – демекші сенде өмірден өз жолыңды табуға тілектеспін.
Мұғалім: Менің де сендерге айтар тілегім:
«Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.» – ендеше мен де бастысы сендерде де осы үш адамдық қасиеттің болғанын тілеймін!
III. Жаңа сабақ
Абайдың музыкалық мұрасы жайында айтар болсақ Ұлы ақын , ағартушы музыка саласында да айтарлықтай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені Абай өмір сүрген кездерде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа ән – күйлері сияқты, ауыздан – ауызға , заманнан – заманға ауыса отырып жеткен 20-ға жуық әндері бар. Абай әндері жайында айтылған зерттеушілердің сөздеріне көз жібейік.
1.«Абай қазақ өлеңінің құрылысына жаңа форма енгізді» Г.Шомбалова.
2.«Абай әндері қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармашылығы негізінде қалыптасты, халық композиторларының өнерінен нәр алды»
Б.Г.Ерзакович.
3. «Абай әндері өзінің табиғатымен, рухымен, нағыз ұлттық ән үлгісі болды, олар қазақтың халық музыкасы дәстүріне негізделген, орыс әуендері мен романстарының элементтерін енгізу, арқылы ұлттық музыка өнерін байытты, кеңейтті, толықтырды » А.Қ.Жұбанов
1. Бүгінгі сабақта Абайдың « Айттым сәлем, Қаламқас» әні ,оның шығу тарихы туралы білеміз Алдарыңдағы мәтінді оқып танысайық.
«Айттым сәлем, Қаламқас…»
Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты, 10 шумақтан тұрады. Өлеңде ақын жастықты, сұлулықты, ғашықтықты жырға қосып, бірін-бірі сүйген екі жастың сүйіспеншілігін, ішкі сезімдерін ашып көрсетеді. Кейіпкер монологы арқылы оның жан-жүрегін, кіршіксіз ақ махаббатын сөйлетеді. Туындыдағы сүйген қызына сәлем жолдаушы жігіт – Абай тұсындағы оқыған, өмірден тоқығаны көп жаңа тұрпатты азамат.
Өлең 7-8 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Ақын бұл өлеңіне ән шығарған.
Достарыңызбен бөлісу: |