Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



Дата01.06.2017
өлшемі69,7 Kb.
#17437
түріСабақ
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушыларға тарихтан білім беруде және тарихи сананы қалыптастыруда «Ежелгі дүние тарихы» пәнінің атқаратын рөлі мен маңызы турала айта отырып, ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің тарихы , сонымен қоса Грекия, Рим, Хетт, Финикия, Палистина т.б. елдер туралы өтетіндігімізден хабардар ету.

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқулықпен, авторларымен таныстыру.

Сабақтың түрі: Кіріспе

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, кітап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Тарихтан білім беруде және тарихи сананы қалыптастыруда «Ежелгі дүние тарихы» пәнінің атқаратын рөлі мен маңызы зор. Оны оқу барысында адамзаттың алғашқы даму жолы, мемлекеттердің даму заңдылықтары, әлеуметтік-шаруашылық салаларындағы өзгерістердің себептері мен салдарлары, рухани өмірде қол жеткен табыстар, т.б. туралы ғылыми көзқарас қалыптасады. Бұл пәннің тәрбиелік мәні де үлкен.

5-сыныпта «Ежелгі дүние тарихы» пәні оқытылды. Ал 6-сыныптың дүние тарихы соның жалғасы.

Қазірге дейін қолданып келген 6-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулықтарында ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің тарихы оқытылғанымен, тақырып аясын ашуда еуроцентристік көзқарас басым болды. Бұл көзқарасты ұстанған ғалымдардың оқулықтары ежелгі Грекия мен Римнің тарихын көбірек оқытуға баса көңіл аударды. Осы жағдай басқа халықтардың көне тарихын оқып үйренуге нұсқан келтірді. Орта және Орталық Азияның ежелгі халықтары мен мемлекеттерінің тарихы ауызға алынбады. Сондықтан да олар туралы мектептерде нақты білім берілмей келді. Осы кемшіліктерді жою мақсатында бұл оқулыққа Орта және Орталық Азияда қалыптасып, дамыған ежелгі Бактрия, ежелгі Кушан, ежелгі Парфия патшалықтары туралы жеке тақырыптар енгізіліп отыр.

Сонымен қоса 6-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулығында оқушылардың өздігінен оқуына лайықталған материалдар берілген. Оларды оқу тарихы жағдайлар мен оқиғаларды терең түсінуге көмектеседі.

ІІІ. Сабақты бекіту: «Ежелгі дүние» атты тақырыпта эссе жазу.

IV.Бағалау:

Ү. Үй тапсырмасы: Кіріспені оқып келу.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 1. Шумер және Аккад

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: Азияның оңтүстік-батысында қатарласа ағатын екі өзен Евфрат пен Тигр бойындағы қолайлы ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің молдығы мұнда адамдардың өте ерте кездерден-ақ өмір сүріп, тіршілік етуіне әсер еткенін оқушыларға жеткізу.

  • Дамытушылық: Оңтүстік Қосөзен бойын мекендеген елдің шумер мен аккад халықтары деп аталатынын, шумерліктер Қосөзенге оның шығыс жағынан келіп қоныстанғанын, ал аккадтықтар болса, оңтүстік-батыс өлкелерден келіп орналасып, екі халықтық топ ең еделгі мәдени орталықтардың бірін негіздегенін жеткізу.

  • Тәрбиелік: Оқушыларды Отанға сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: Театрландырылған сабақ. Жаңа сабақты баяндау Сабақтың көрнекілігі: «Египет және ежелгі Алдыңғы Азия» картасы, 6-сыныпқа арналған «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы. (Төлебаев Т., Құсайынова Р. Дәкенов М.). Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.



  • Қосөзеннің төменгі ағысы бойының табиғат жағдайлары және алғашқы тұрғындары.

  • Қосөзендегі алғашқы мемлекеттер.

  • Қосөзен қалаларының бірігуі.

Сабақ алдында оқу пәніне лайық психолгиялық жаңа ахуал туғызамын

Сабақты бастағанда Азия материгіндегі бір-бірімен жарыса аққан Евфрат пен Тигр өзендерінің Кавказ тауларының оңтүстік сілемдерінен басталып, Парсы шығананыға құятынын картадан көрсетемін.

Тақтаға қос өзеннің схемасын бормен сызып, саяхат жасаймыз. Бұл екі өзенді көбінесе Қосөзен деп атайды. Кейде өзен аралары Месопотамия деп те жазылатынын айтамын. Көне замандарда бұл аймақ батпақты, сазды болған екен. Қамыс көп өскен.

«Қосөзен жерінде пайдалы қазбалар, орман, тау-тас болмады, ал елі өте бай болды. Неге? Бұл сұрақ, әрине әрқайсыңды қызықтырады.

Көз алдарыңа елестетіп көріңдер, сендердің алдарыңда тұрған мұғалім емес, ежелгі Месопотамияның тұрғыны делік. Өткен дәуірден келген қонақтан елі жайлы, ондағы ауа райы туралы, қандай өсімдіктер мен жануарлар өсетіні, қалай өмір сүріп, тіршілік еткені жайлы сұрап алыңдар».

ІІІ. Сабақты бекіту:

Қосөзеннің оңтүстік бөлігі ойпатты келеді. Көне заманда бұл аймақ батпақты, сазды, бір сөзбен айтқанда, тіршілікке қолайсыз болған екен. Сонағ қарамастан адамдар батпақты да жұмсақ, әрі құнарлы топырақты жерлерді де біртіндеп игере бастайды. Еккен өнім мол өнім берді, бір пальманың өзінен 50 кг құрма алды, Қосөзеннің оңтүстігінен жібек жүн, бидай, құрма т.б. шет жаққа шығарыла бастады.



  • Айтыңдаршы, Қосөзеннің ежелгі тұрғындары еңбек ету нәтижесінде артық өнім өндіре алды ма?

  • Қосөзенде мемлекет пен тапқа бөлінушілік неге ертерек пайда болды?

Кестені толтырыңдар:

Оңтүстік Қосөзендегі шаруашылықтың дамуына мүмкіндік туғазған жағдайлар

Шаруашылықтың дамуына кері әсер еткен жағдайлар







IV.Бағалау:

Ү. Үй тапсырмасы туралы хабар.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 2. Ежелгі Вавилон

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қалалардың ішінде Вавилон қаласының ерекшелене бастауы, аккад тіліндегі «бабилу» сөзі-«құдайға барар қақпа» деген ұғымды білдіретіні, оған басқа қалаларға қарағанда артықшылықтар беріліп, әсіресе Хаммурапи атты билеуші тұсінда дәуірлей түскені туралы баяндау.


  • Дамытушылық: Қосөзеннің ортаңғы және төменгі ағысы бойы толықтай Вавилонға бас игені, Хаммурапидің ол елдердің құдіретті билеушісіне айналғаны жайлы айту.

  • Тәрбиелік: Заңдардың негізгі ережелерін оқып үйрену, білу, игеру әрбір адам үшін маңызды қажеттілік болып есептелгенін оқушыларға жеткізу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Оқушылар ойша саяхат жасайды. Кітаптың мәтінімен жұмыс істейді, әңгімеге араласады, жаңа тарихи терминдерді дәптерге түсіреді, сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың типі: Саяхат сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Картамен жұмыс.

Сабақтың жоспары:


  • Вавилонның өрлеуі

  • Хаммурапи заңдары

  • Б.з.б. VII-VІ ғасырдағы Вавилон.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау:

Сұрақ:1. Ур қаласының маңынан табылған табыттарды зерттеу барысында өлген адаммен ондаған құлдары, ат бағушылар, музыканттары бірге жерленіп, оған қоса алтын бұйымдар, неше түрлі әшекейлер қоса қойылғаны анықталды. Бұл туралы қандай қорытынды жасауға болады? Өз ойыңды айт.


  1. Қала-мемлекеттер деген не? Олар қалай қалыптасты?

Жаңа сабақ:

Вавилон қаласына сырттай саяхатқа шығу. Мүмкіндігінше оқушылармен бірге «Ежелгі дүние тарихы» энциклопедиясын ақтаруға кірісемін.



Вавилон

Вавилон Қосөзеннің ең ыңғайлы жерінде, сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Қалада 200 мыңдай тұрғын болған көрінеді.

Хаммурапи б.з.б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық етті. Ол қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қоластына ба,ындарды. Сөйтіп бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды.

Қаланың архитектуралық ерекшеліктерін, қалай орналасқанын, тарихи ескерткіштерін айта келіп, төмендегідей сұрақтар қоямын:



  • Қаланың орталық алаңындағы үлкен қақпаның кіре берісіне неге кілем төселген? Ел кімге иіліп сәлем беріп жатыр? Қақпаға үлкен күйме жақындап келеді. Бұл кім болды екен? Оқушылар өзойларын айтады.

  • Бұл кісінің кім екенін осы қаланың бір тұрғындарынан сұрайық. Қала тұрғыны-вавилондық бала рөлін бір оқушы ойнайды.

Вавилондық баланың әңгімесі..

ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау

  1. Пысықтау барысында оқушының ойлану әрекетін дамыту бағытында жұмыс істеймін.

Оңтүстік Қосөзеннің бойынан табылған әлемдегі ең еделгі заң үзінділерінде былай делінген:

  • 186. Егер адам кішкентай баланы асырап алса, бірақ кейн ол бала өз әкесі мен шешемін тауып алса, онда бұл тәрбиеленуші өзінің әкесі мен шешесін үйіне қайтып бара алады.

  • 188. Егер қолөнерші жас баланы тәрбиелеу үшін алып, өз кәсібіне үйретс, онда ол асырап алып өтем төлету арызы бойынша жауапқа тартылады.

Хаммурапи заң шығарғанда қандай мақсаттар көздеді? Өз ойларыңды білдіріңдер.

IV. Үйге тапсырма беру: Ежелгі Вавилон туралы жақсы білетін жол бастаушы байқауына дайындалу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет