Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру. Сілтеме



бет5/5
Дата06.07.2018
өлшемі89,23 Kb.
#47904
түріСабақ
1   2   3   4   5



Апта: 9

Күні: 27.10.14

Пәні

Информатика



Мұғалім аты-жөні

Ж.Бердибаева



73 Ө.Жәнібеков ат.мектеп-гимназия

6 «ә, б» - сыныбы



Оқу-ісінің меңгерушісі
________ К.З.Асилбекова

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі.

Компьютер құрылғылары міндеттері және мүмкідіктері.

Сілтеме:

  • 6-сынып оқулығы;

  • 6-сынып электронды оқулығы;

  • Стендтер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні:

Оқушыларға дербес компьютердің (ДК) негізгі және қосымша құрылғыларының анықтамасын білуі қажет.

ДК құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерін айқындауы керек.

Дербес компьютердің жұмысына қажетті негізгі құрылымының жұмысын үйренуі тиіс.

ДК құрылғыларын құрастыра алуы тиіс.



Дамытушылық мәні:

Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні:

Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу.

Нәтиже:

  • ДК-дің жалпы құрылғыларының міндеттерін айқындайды;

  • Компьютер құрылғыларының мүмкіндіктерінің маңыздылығын біледі;

  • Компьютер құрылғыларының атауларын біледі және қызметтерін талдайды;

  • Құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалана алады.

Түйінді идеялар:

Дербес компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

ДК құрылғыларының маңыздылығы мен міндеттері

ДК қоғамдағы ролі және қолдану салалары


Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

СТО, АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту

Пәнаралық байланыс:

Математика

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

  • ДК сәулеті деп ненні айтады?

  • Сәулеттердің қандай сипаттамаларын білесіңдер?

  • Ашық сәулет принципінің мәні не?

  • IBM PC компьютерлерінің сәулетін атаңдар?

  • Процессордың сыртқы құрылғыларымен өзара байланысы қалай жүзеге асады?

  • Стандарттық және стандарттық емес, ашық және жабық сәулеттердің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңдер?

Қызығушылықты ояту (2 мин.)

6-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Компьютер құрылғылары міндеттері және мүмкідіктері» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды



Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)



ББҮ (2 мин.)

ББҮ-ны толтыру

ББ бойынша флипчартта жазу

Білемін?

Білгім келеді?

Үйрендім?

Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпты топ басышысын есімін таңдау арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

6-сынып оқулығында «Компьютер құрылғылар міндеттері және мүмкіндіктері» тақырыбын оқыту.


Оқушылар белсене қатысады.

Оқушылар екі топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Оқушылармен бірге табыс критерийлері анықталады.

Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы ДК құрылғыларын бөліп алып оқиды.

Оқушылар өздері оқыған құрылғы туралы топқа түсіндіреді.

Топтағы оқушылар постерге ДК құрылғыларының суреттерін желімдеп құрылғыларды бір-біріне жалғайды. ДК әрбір құрылғысына анықтама беріп, атқаратын қызметін жазады.



Ой толғаныс (4 мин.)

Дербес компьютерлердің қоғамдағы ролі және қолдану салаларына эссе жазу.

Дербес компьютерлердің қоғамдағы ролі және қолдану салаларына эссе жазады.

Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.



Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге «Компьютер құрылғылар міндеттері және мүмкіндіктері» тақырыбын оқып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.

«Бекітемін»

мектеп-гимназия директоры:

__________ Қожагельдиева У. А.

16.11.2015 ж.


Апта: 9

Күні: 16.11.15



Пәні

Информатика



Мұғалім аты-жөні

Алиева Ә.А.



№73 Ө.Жәнібеков ат.мектеп-гимназия

6 «а» - сыныбы





Сабақтың тақырыбы: Алгоритм жазу пішімі. Блок - схемалар түрінде алгоритм көрсетімі.


Сілтеме:

  • 6-сынып оқулығы;

  • Стендтер.

Сабақтың мақсаты: Алгоритмнің жазылу формаларын түсіндіре отырып, оқушылардың пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Нәтиже:

Алгоритм тек компьютерде емес, өмірде де пайдалану маңызды екенін біледі. Оқушылар алгоритм ұғымын, алгоритмнің жазылу формаларын біледі, алгоритмді блок-схема түрінде көрсете алады.

Түйінді идеялар:

Алгоритм қасиеттері.

Алгоритм орындаушылары.



Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

СТО, АКТ, диалогтық оқыту

Пәнаралық байланыс:

Математика

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1. Сәлемдесу.

2. Ұйымдастыру.

3. Топқа бөлу.

4. Сабақ барысымен таныстыру.

5. Бағалау парағын таныстыру.

6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру



  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)



  • Алгоритм дегеніміз не?

  • Алгоритм орындаушысына анықтама беріңдер.

  • Мына жұмыс түрлеріне сәйкес орындаушыларды атаңдар: аяқ киім жөндеу; тісті жұлу; көлікті жүргізу;

Қызығушылықты ояту (2 мин.)

6-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Алгоритмнің жазылу формалары» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды



Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)



Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 тапсырма. Сыныпты топ басышысын есімін таңдау арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

6-сынып оқулығында "Алгоритм және оны орындаушылар", «Алгоритмнің жазылу формалары» тақырыбын оқыту.


Оқушылар белсене қатысады.

Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Оқушылармен бірге табыс критерийлері анықталады.

8, 9 параграфты екі топ оқып бір біріне түсіндіреді.


Ой толғаныс (4 мин.)

2 тапсырма. Үй салу алгоритмін жазу.

1 топ. Сөздік формада.

2 топ. Графикалық формада.

3 топ. Блок-схема түрінде.



Үй салу алгоритмін орындап постерде топпен жұмыс жасап, қорғайды.

3 - тапсырма.

1.Оқушы математика сабағында 9-(2+6):4+5 есепті шығара отырып, орындау реттілігін көрсет.
2. Арман есімді оқушы информатика пәнінен баяндама жазғысы келді. Ол былай істеді: 
1. компьютерді қосты 
2. мәтіндік редакторды іске қосты 
3. керекті мәтінді терді 
4. мәтіндік редакторды жапты 
5. компьютерді сөндірді 
Арманның орындаған іс – әрекеттерінің реттілігі дұрыс па? Арман қай жерде қателік жіберді? 

Тапсырманы ауызша орындайды.

Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.



Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге «Алгоритм жазу пішімі. Блок - схемалар түрінде алгоритм көрсетімі.» тақырыбын оқып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Конверттер.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Конверттер әдісімен толтырады.


Қысқа мерзімдік жоспары 

28.10.2014 Информатика 6-сынып 
Сабақ тақырыбы: Алгоритмнің жазылу формалары 
Жалпы мақсат: • Алгоритмнің жазылу формаларын түсіндіре отырып, оқушылардың пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру. 
• Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып, ізденімпаздық жүйелеу қасиеттерін, алгоритм түрлерін пайдаланып жұмыс істей алу дағдыларын дамыту. 
Сілтеме: 1. 6-шы сыныпқа арнлған электронды оқулық 
2. 6-сыныпқа арналған информатика оқулығы. 
3. Портал материалдары 
4. 6-шы сыныпқа арналған жұмыс дәптері 
Оқу нәтижесі: Оқушылар алгоритм ұғымын, алгоритмнің жазылу формаларын біледі, алгоритмді блок схема түрінде көрсете алады. 
Сабақта қолданыла- 
тын материалдар: ДК, интерактивті тақта, ЭО, видео, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер, доп. 
Оқыту әдістері: Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер: сұрақ- жауап, диалог, АКТ, сын тұрғысынан ойлау, жас ерекшелігін ескеру. 
Жұмыс түрлері: жеке 
Дерек көздері: • Информатикаға арналған жұмыс дәптері. 
• Оқулық 
• Сілтемелер 
• Электронды оқулықтар 
Тапсырмалар: Оқулықпен жұмыс, жеке жұмыс, интернетпен жұмыс, электронды оқулықпен жұмыс. 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: 
Тапсырмалар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу 
(3 мин) Оқушылармен амандасу, түгендеу. 
«Көршінің суреті» тренингі мұғалімдер бір-бірімен танысу және жайлы атмосфера орнату мақсатында жүріледі. Амандасады, тренингке қатысады. 
Бір-біріне қарама қарсы отырады. Дәптерлерді төбесіне қойып, өзінің жұптасына қарап отырып, қысқа уақытта /1,5 минут/ оның суретін сауға тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Сурет салынған парақтарды қолын қойып, бір-біріне тарту етеді. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 
( 10 мин ) 
Сұрақ-жауап. 
1. Алгоритм дегеніміз не? 
2. Алгоритм тіл дегеніміз не? 
3. Программа дегеніміз не? 
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не? 
5. Алгоритм тілі дегеніміз не? 

Тапсырмаларды орындау. 
1- тапсырма. Оқушы математика сабағында 9-(2+6):4+5 есепті шығара отырып, оны мынадай реттілікпен орындады: 
1) 2+6=8 
2) 8:4=2 
3) 2+5=7 
4) 9-7=2 
Сенін ойынша оқушы есеп шығару реттілігін дұрыс орындады ма? 
Өз жауабыңды жаз: ________________________________ 
__________________________________________________________________________________________________________________
2- тапсырма. Арман есімді оқушы информатика пәнінен баяндама жазғысы келді. Ол былай істеді: 
1. компьютерді қосты 
2. мәтіндік редакторды іске қосты 
3. керекті мәтінді терді 
4. мәтіндік редакторды жапты 
5. компьютерді сөндірді 
Арманның орындаған іс – әрекеттерінің реттілігі дұрыс па? Арман қай жерде қателік жіберді? 

3- тапсырма. Әр қадамның ретін нөмірлеп шығу. 

- табаныңды жуу. 
- шүмекті аш. 
- үстел басына отыр. 
- шүмекті жап. 
-табаныңды орамалмен сүрт. 
- балды же. 
-қасықты ал. 
Жауаптар: 
1. Алгоритм дегеніміз – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі. 
2. Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. 
3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы. 
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект. 
5. Алгоритм тілі – бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына 
ІІІ. Жаңа тақырып 
(7 мин) 

Алгоритмді әртүрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады. 
Алгоритмдер мынадай формалармен ұсынылады: 
• Сөздік формада; 
• Графикалық; 
• Алгоритмдік тілде; 
• Программалау тілінде. 
Блок-сызба 
Блок-сызбада әр іс-әрекеттер фигуралардың көмегімен сипатталады. Алгоритмнің басы және соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады. Іс-әрекеттер тіктөртбұрышқа жазылады. Блок-сызбадағы барлық элементтер бір-бірімен нұсқармен (стрелка) байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді. Енгізу және шығару мәліметтері параллелограммға жазылады. 
Мысалы, екі санды қосу алгоритмі 

!Түйін 
• Алгоритм сөздік формада, графикалық, алгоритмдік тілде, программалау тілінде беріледі. 
• Алгоритмнің басы және соңы эллипспен (сопақша шеңбер) беріледі. 
• Іс-әрекеттер тіктөртбұрышты фигурада жазылады. 
• Енгізу және шығару мәліметтері параллелограмға жазылады. 
• Блок-сызбадағы барлық элементтер бір-бірімен нұсқармен байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді. 
IV. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар. 
(10 мин) 

(Оқулықпен жұмыс. 60-61 б.б. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау). 
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар 
1. Алгоритмнің берілу 
формаларын атаңдар. 
2. Неліктен графикалық әдіс 
сөздік алгоритмге қарағанда ыңғайлы? 
3. Блок-сызбаның элементтерін 
сипаттаңдар. 
4. Тарқатылатын түзуді 
спираль немесе спиральді түзу деп атайды. Жоғары (Ж), Төмен (Т), Оңға (О), Солға (С) бұйрықтарын пайдаланып, спираль суреті алгоритмін құрыңдар. Спиральдің орам санын көбейту үшін алгоритмді қалай толықтыру керек? 
5. 
6. Алгоритмді орындағандане 
болатының анықтаңдар. 
Басы 
Қарындашты ал. 
Шаршылар бойынша диктант жаз: 1Ж 1О 3Ж 2О 1Ж 1О 3Т 6О 1Ж 1О 2Т 1С 4Т 2О 1Ж 1О 1Ж 5С 2Т 2С
Алынған суретті аяқта. 
Қарындашты орнына қой. 
Соңы. 
7. РОБОТ ПОРТРЕТІ 
алгоритмінде сурет пайда болатындай бұйрықтарды аяқта. 
8. 
Басы 
5С 3Т 2О 1Т 3С 4Т 1О 3Ж 1О 
7Т 1С 1Т 2О 4Ж 1О ... 
Соңы. 
9. Келесі алгоритмдерге блок 
сызба құрыңдар: 
• Үй тапсырмасын орындау 
• Жұмыртқа қуыру 
• Екі санды көбейту 
10. Мына есепке алгоритм 
құрыңдар. Есеп: Өзеннің жағасында қайығы бар шаруа, ал оның жанында қасқыр, ешкі және орамжапырақ тұр. Шаруа екінші жағалауға қасқырды, ешкіні, орамжапырақты алып өтуі қажет. Алайда қайыққа шаруадан басқа, не тек қасқыр, не тек ешк, не тек орамжапырақ сияды. Барлығы зиян шекпейтіндей етіп, алгоритм құрыңдар. 1. Алгоритмдер мынадай формалармен ұсынылады: 
• Сөздік формада; 
• Графикалық; 
• Алгоритмдік тілде; 
• Программалау тілінде. 

10. Кесте құрайық! 

Қасқыр Ешкі Орамжапырақ 
Қасқыр - + - 
Ешкі + - + 
Орамжапырақ - + - 
Шешуі: Шаруа төмендегі екі алгоритмнің біреуі бойынша әрекет ете алады. 
Алгоритм1: 
1) Шару және ешкі 
2) Шаруа 
3) Шаруа және қасқыр 
4) Шаруа және ешкі 
5) Шаруа және орамжапырақ 
6) Шаруа 
7) Шаруа және ешкі 

Алгоритм 2: 
1) Шару және ешкі 
2) Шаруа 
3) Шаруа және орамжапырақ 
4) Шаруа және ешкі 
5) Шаруа және қасқыр 
6) Шаруа 
7) Шаруа және ешкі 
V. Сергіту сәті. 
(2 мин) Қол саусақтарына арналған жаттығулар 
• Алақанды уқалау. 
• Қолды қысу 
• Білезіктен айналдыру 
Көзге арналған жаттығулар. 
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату. 
• Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса Жаттығуды 
орындарында отырып орындау. 
V І. Бекіту. 
Оқулықпен жұмыс 
(6 мин) 
Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, интерактивті тақтада тапсырмаларды орындайды. 
1-жаттығу. 

2-жаттығу. 

3-жаттығу. 


Жауабы: 


Жауабы: 

Жауабы: 

VІІ. Үйге тапсырмасын беру (2 мин) §9 оқу, ЦБР қосымшалау. Қорытынды жасайды, ой толғайды. 

VIІІ. Бағалау 
(2 мин) 
Әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беру. (жарайсың, қолыңнан келеді, көп еңбектендің) Бір - біріне баға береді, ұнаған жерлерін айтып пікір таласады 
ІХ. Рефлексия 
(3 мин ) 
Оқушылармен шеңберге отырып, қолдарына доп беремін. Әр оқушы сол допты бір-бірлеріне лақтырып, ұстаған оқушы өзінің сабақ жайында пікірін айтады. Допты ұстап алып, сабақта тақырып бойынша нені түсінгенің, нені түсінбегенің айтады. Құрметті тәлімгер сайтының қолданушысыАлгоритмнің жазылу формалары - ашық сабақ тегін жүтеп көре аласыз. Тәлімгер.оргсайтындағы Алгоритмнің жазылу формалары атты материал танысу үшін берілген. Тәлімгерсайтында сіз кез-келген тақырыпта ашық сабақ, презентация реферат мақалаларды және сабақ жоспарларын таба аласыз. Алгоритмнің жазылу формалары Информатикадан ашық сабақтар материалын жүктеу сілтемесі астында жазылған. Егер сізде ашық сабақтар, рефераттар бар болса сайтта жариялауға болады

Каталог: uploads -> doc -> 0437
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0437 -> Подготовила – Тулешова Алтынай Максутовна, Психолог, учитель самопознания коучинг: “Диалог жетістікті оқуытудың кілті болып табылады ма?” «Является ли активный диалог ключом успешного обучения?»
0437 -> Биология сабағында жаңа педагогикалық ақпараттық технологияларды қолдану- нақты нәтижеге қол жеткізу тәсілі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет