Қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
Интерактивті тақта, компьютер, маркер, проектор, плакат, дәптер, оқулық, слайдтар, электронды оқулықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, құрал-жабдықтарын тексеру.
2. Сергіту сәтін пайдалана отырып, сабаққа назар аударту.
3. Құрылғылар арқылы топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Құрылымдық программалау деген не? Ол қашан пайда болды? Қай кезде қолданылады?
- «Жоғарыдан төменге» және «Төменнен жоғарыға» программалау әдістемесін түсіндіріңдер.
- «Рекурсия» тәсілі қандай жағдайда қолданылады?
- Модульдік программалау деген не?
- Бұлтты технология деген не?
Достарыңызбен бөлісу: |