IV. Мағынаны тану:
І – ІІ – ІІІ топқа тапсырма беремін. Web – сайтты сақтау, талдау, бағалау. Жобалық істерге тәжірибелік жұмыс жүргізу тақырыбын тақырыпшаларға бөліп топтарға таратып беру.
Джигсо әдісін пайдалану
V. Ой толғаныс:
- Сайтты құрып біткеннен кейін оны сақтау міндетті ме?
- Есептеуіштер қызметі қандай?
- Лог – талдағышы дегеніміз не?
- Іздеу сөйлемдері дегеніміз не?
- Кіру және шығу нүктелерінің қызметі не?
Үш қадамды сұхбат әдісі арқылы.
VІ. Үйге тапсырма:
Web – сайтты сақтау, талдау, бағалау. Жобалық істерге тәжірибелік жұмыс жүргізу
VІІ. Бағалау:
Сабақ барысындағы көңіл – күйлерін, алған әсерлерін, нені біліп, үйренгендерін жазады. Білемін, Үйрендім, Үйренгім келеді стратегиясы
Күні: Тексерген:
Сыныбы: 10 «Ә», 10 «Б» Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы:
Сынақ жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін бағалау.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылардың алған білімдерін тексеру;
2. Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырма орындауда тиімді пайдаланады.
3. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу ережесін ұстануға үйренеді.
Оқыту технологиясы:
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, Ақпараттық – коммуникациялық технологиясы.
Сабақтың түрі:
Сынақ сабақ
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
Интерактивті тақта, компьютер, оқулық, электронды оқулықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, құрал-жабдықтарын тексеру.
2. Сергіту сәтін пайдалана отырып, сабаққа назар аударту.
3. Тест тапсырмалары туралы түсіндіру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- HTML тілі дегеніміз не?
- HTML тілінің тегтері нешеге бөлінеді?
- HTML құжаты қандай бөлімдерден тұрады?
- Гипермәтін терминін алғаш енгізген кім?
- Бұрыштық жақшалар деген не?
- Тег атрибуттарын сипаттаңдар?
ІІІ. Қызығушылығын ояту:
Оқушылардан тоқсанда өтілген тақырыптарды сұрау?
ІV Мағынаны тану:
І – ІІ нұсқалық тест тапсырмаларын таратып беремін. Тест тапсырмаларына жауап аламын.
Жеке жұмыс
V. Ой толғаныс:
Түсінбеген сұрақтары болса қояды.
Топта талқылайды
VІ. Үйге тапсырма:
Өткен материалдарды қайталау.
VІІ. Бағалау:
Сабақ барысындағы көңіл – күйлерін, Білемін, Үйрендім, Үйренгім келеді стратегиясы
Достарыңызбен бөлісу: |