Сабақтың тақырыбы: Кірістер, шығыстар, отбасының бюджетінің құрылымы. Сабақтың мақсаты: 1



Дата10.06.2017
өлшемі32,91 Kb.
#18603
түріСабақ
Күнделікті сабақ жоспары

Пәні: технология Сыныбы:8 Сабақтың тақырыбы: Кірістер, шығыстар, отбасының бюджетінің құрылымы.

Сабақтың мақсаты: 1) білімділік:оқушыларға үй экономикасы оның маңызы мен мақсаты жөнінде түсінік беру;

2)Дамытушылық: логикалық ойлау, жүйелі жоспар құру, іскерлік қабілеттерді дамыту

3)Тәрбиелігі: үй бюджетін жоспарлауға, шеберлікпен атқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Көрнекілік құралдар: отбасы туралы суреттер, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушыларды түгендеу.

2. Сабаққа дайындықтарын тексеру

3.Арнаулы киімін тексеру



  1. Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

  2. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  3. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

  4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сұрақ-жауап 5 мин

Экономика деген сөз нені білдіреді?

Отбасы дегеніміз не??

ІІІ. Жаңа сабақ. 20мин

1.Ой шақыру

2.Баяндау

3.Тест сұрақтары

1.Отбасылық бюджет ол-

А) белгілі бір уақыт мезгіліндегі кіріс және шығыс көзі;

Ә) ақшалай немесе заттай құндылықтар;

Б)отбасылық кіріс және барлық бағалы заттар, қарыздар, кірістер,шығыстар және т.б. қажеттіліктер жазатын журнал.

2.Табыс дегенміз-

А) шығыс қажеттілігі үшін жұмсалатын қаржылар;

Ә) тепе-теңдікті сақтау үшін берілетін мүмкіндіктер;

Б) өндірістен, жеке адамнанақшалай, заттай бағалы қағаздан алынатын құндылықтар.

3. Болжам жасалынбаған шығыстар:

А) тамаққа;

Ә) коммуналдық қызмет;

Б) тұрмыстық мәдени шығын.

4.Негізі сатып алу ережесі-

А) кездейсоқ сауда жасау;

Ә) заттың сапасын, кепілдік мерзімін көру;

Б) ыңғайлылығы, қолайлылығы;

В) сапасы, ерекшелігі;

5.Отбасылық бюджет ол-

А) белгілі бір уақыт мезгіліндегі кіріс және шығыс көзі;

Ә) ақшалай немесе заттай құндылықтар;

Б)отбасылық кіріс және барлық бағалы заттар, қарыздар, кірістер,шығыстар және т.б. қажеттіліктер жазатын журнал.

6.Отбасылық қажеттіліктің қайсысы материалдық шығынға жатпайды?

А) тамақ пен киімге жұмсалған қаржы;

Ә) білімге, қоғаммен араласуға;

Б) үйге, жиһазға, тұрмыстық заттарға жұмсалған қаржы.



4.«Отбасы бюджеті »ойынын ойнаймыз,кімнің отбасында таразы басы қалай тартады екен?

«Отбасы бюджеті» ойыны



  1. Отбасының айлық жалақысы

  2. Көлік үшін жұмсалатын қаржы

  3. Тамаққа жұмсалатын қаржы

  4. Шәкіртақы, зейнетақы, жәрдемақы.

  5. Құнды қағаздар.

  6. Жалданған пәтер үшін ақы алу.

  7. Үйірме, секция, репетиторлық қызмет көрсету.

  8. Сыйақы.

  9. Әртүрлі салықтар, коммуналдық қызмет пен несие.

  10. Киімге , жиһазға жұмсалатын қаржы.

  11. Жеке шаруа қожалығынан түсетін қаржы.

  12. Тұрмыстық мәдени қызметтер (кино, театр, музей, түған күн, той, т.б.)

  13. Үнемдеу, жинақ сомалары.

  14. Жоспарланған шығындар.

Жауабы:1,4,5,6,8,11,13- кірістер

2,3,7,9,10,12,14- шығыстар.



V. Материалды бекіту 5мин

  1. Үй бюджеті дегеніміз не?

  2. Кірістер дегеніміз не?

  3. Шығыстар дегеніміз не?

  4. Тепе-теңдік жағдай дегеніміз не?

  5. Ал егер біреуі басым болса ше?

VI. Қорытынды бөлім 5 мин

  • Баға қою.

  • Үйге тапсырма беру. Отбасылық бюджетті есептеу.

  • VII.Жұмыс орнын ретке келтіру. 5мин


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет