Сабақтың мақсаты: Кітап –білім бұлағы,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілік: Слайдтар, кітаптар.
Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін.
2. Негізгі бөлім. Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген.Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ата – бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап – білім бұлағы,білім - өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. Кітап адам баласына бала кезінен бастап,өмірінің соңына дейін сырлас досы болады. Ендеше, құрметті ата-аналар, ұстаздар 3 «А» сынып оқушыларының дайындаған « Кітап – асыл қазына» атты ашық тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.
Олай болса топтарымызбен таныстырып өтейін:
1-ші топ «Білім»