Сабақтың тақырыбы
|
Күні уақыты
|
Сынып
|
Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырымының квадраты формулалары
2
|
|
7 сынып
|
Сілтеме
|
Алгебра 7сынып оқулығы, сабақ жоспары
|
Жалпы мақсаты
|
Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырымының квадраты формулаларымен таныстыру. Оны қолданып көбейту және жіктеу амалдарын дұрыс орындауға баулу. Математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушының ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетіне жауап беру дағдысын қалыптастыру. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру. Сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
|
Міндеттер
|
Оқушылардың жаңа тақырыпты толық меңгеруіне жағдай жасау
Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау
Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу
|
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
|
Оқуға бағыт-бағдар беру;
Топта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;
Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;
|
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері
|
Жұпта жұмыс істеу, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп саралап оқыту
|
Сабақтың көрнекілігі
|
тақырыпқа сай слайдтар, видеокамера, фотоаппарат, үлестірме парақтар, топтық тапсырмалар жазылған плакаттар, бағалау парағы, интерактивтік тақта, көңіл-күй дидары
|
Күтілетін нәтиже
|
Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырымының квадраты формулаларын жатқа біледі. Оқы қолданып көбейту және жіктеу амалдарын дұрыс орындайды.
|
Ұйымдастыру
кезеңі
АКТ көмегімен өткізіледі.
|
Бейнеролик тамашаланады.
Бейнероликтен соң оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге арналған тілектерін білдіреді.
Бағалау критерийлері
Дербес жұмыс жасауы
Жұпта жұмыс жасауы
Математикалық білімі
Математикалық тілі
Бағалауы2мин
Бағалау парағы
р/с
|
Оқушының тегі, аты
|
Ой қозғау
|
Деңгейлік тапсырмалар
|
СТО
|
Бекіту
|
БАҒА
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың барысы
|
2. Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті 33 мин
|
Білу кезеңі
Өткен тақырып бойынша оқушылар нені білу қажет екендігі тексеріледі, жаңа тақырыпқа ой салады
Оқушылар үлестірме парақшаға тапсырманы орындап жауабын жазады, содан соң ол тақтамен тексеріледі.
Берілгіен тапсырмалар жайлы пікірлер айтылады.
Нәтижесінде өткен тақырыпқа сәйкес келмейтін екі өрнектің қосындысының көбейтіндісі және айырымдарының көбейтіндісі табылады
|
Сұрақтар:
Біз өткен сабақта қандай тақырып өттік?
Қысқаша көбейту формулалары дегенді қалай түсінесіңдер?
Қандай қысқаша көбейту формулаларын білесіңдер?
Екі өрнектің айрмасы мен қосындысының көбейтіндісі нені береді?
Екі өрнектің квадраттарының айырмасы неге тең?
Үлестірме парақшамен жұмыс
|
Мағынаны тану кезеңі
Жаңа тақырып бойыныша мұғалім толық мағлұмат беріп, түсіндіреді.
|
Оқушылар қажет формулаларды дәптерге жазып алады
Екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадратына, плюс екі еселенген бірінші және екінші өрнектердің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең.
Екі өрнектің айырмасының квадраты бірінші өрнектің квадратына, минус екі еселенген бірінші және екінші өрнектің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең.
|
Топқа бөлу
Оқушылар алдын-ала дайындалған фигураларды таңдай отырып, сол бойынша топтарға орналасады.
|
Оқушылар үшбұрыштар, төртбұрыштар топтарына бөлініп, отырады.
|
Оқулықпен жұмыс жасау
Деңгейлік тапсырмалар.
Дарындылықты дамыту мақсатында оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру
А №333 №334 №335 №338 №339 №340 №341
В №342 №344 №346 №347 №348 №350 №351 №352 №353
С №354 №355 №356 №357 №358 №361
Есептерді бірнеше сағатқа бөліп шығаруға болады.
|
Оқулықпен және тақтамен жұмыс қатар жүріп отырады.
Әр топқа есептер бөлініп жазылған
№333 1 топ (1-4) 2 топ (5-8)
№334
№342
№346
№350
№352
№355
№356
№357
|
Топпен жұмыс-7мин.
Оқушылардың сыни ойлауларын дамыту.
«Кластер әдісі»
Екі топ арасында диалогтық байланыс орнату үшін әр топ дайын мәтінге сұрақтар дайындайды
Тапсырма кез-келген бір салаттың рецептін жазу тапсырмасы
(Мұнда оқушылар берілген тапсырманы қалай түсінетіндіктері, тақырыппен байланыстыра ала ма жоқ па соны тексеру керек)
|
ЕКІ ӨРНЕК
1-топ белгілі бір мәтін бойынша жіңішке сұрақтар дайындайды, жауаптарымен
2-топ сол мәтінге жуан сұрақтар дайындайды жауаптарымен
Әр топ кез-келген бір салаттың рецептін жазу керек. А4 парағына, сосын әр топ өз салатын қорғайды.
|
Сергіту сәті-3мин.
|
Кім жылдам ойыны
Оқушылар музыка әуенімен түрлі түсті фигураларды жинақтау қажет. Кім көп, әрі тез жинаса сол жеңіске жетеді.
|
Бекіту 5 мин
|
3.Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бекіту үшін «Алты қалпақ» дайындап қойдым
Қызыл қалпақ-түйсік
Сары қалпақ-Позитив
Жасыл қалпақ-Креатив
Ақ қалпақ-Фактілер
Қара қалпақ-Жағымсыз
Көк қалпақ-шолу
|
Әр оқушы осы тақырып бойынша өздерінің білімдерін осы қалпақтарға сәйкес бекітеді. Әр қалпақтың сұрағына жауап беруі тиіс.
Бір оқушы бүгінгі сабақ туралы пікірін бірнеше қалпаққа салуға болады
|
Бағалау 3 мин
|
4.Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау мақсатында
Критериалды бағалауға бейімдеу
Топтардың бағаларын талдау
Қорытынды бағаны шығару
|
Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды:
|
Үйге тапсырма 1 мин
|
5.Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
№366 №369 №374
№379 №383 №387
Мен үй тапсырмасын беріп, күнделіктеріне бағаның қасына қолымды қойып шығамын.
|
Оқушылар күнделіктерін ашып бағалау парағындағы бағаларын қояды, үйге тапсырманы жазып алады
|
Рефлексия 1 мин
|
6.Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға түрлі-түсті парақшалар арқылы сабаққа кері байланыс жасату
Оқушыларға шағын әңгіме оқылады. Сол әңгіме бойынша әр оқушы өз пікірін қалдырады.
|
Оқушылар өз ойларын жазып, көңіл-күй дидарына іледі.
Қызыл, жасыл, сары түсті қағаздарды таңдау бойынша жапсырады.
|