Лисаков қаласы
«№3 орта мектебі» ММ
Тәрбие сабағы
Тақырыбы:
Өткізген: Мауленова Г.С.
Сабақтың тақырыбы: Көкшетау
Сабақтың мақсаты:
Еліміздің мақтан тұтар көркем жері Көкше өңірімен, табиғатымен танысу, Ақын Ілияс Жансүгіров ойын анықтау және оған өз пікірлерін қоса отырып тақырыпты жан-жақты дамыта оқу, түсіну.
Өз жерінің сұлулығын бағалай білуге, табиғат сырын ұғынуға бағыт-бағдар беру арқылы ізденімпаздыққа, бәсекелестікке, талпындырып, қызығушылықтарын арттыру;
Өткенді пысықтап, еске түсіру, мақсат қоя білу, сол мақсатқа жету үшін топпен тіл табыса білу, өзара бір келісім жасай алу, әр сала бойынша білімдерін дәлелдеп көрсете алу, жан-жақты іздену арқылы тұжырым жасау, жұмыстарын қорғау, өзара бағалау.
Сабақ түрі: ізденіс сабақ
Сабақтың әдісі: жеке және топпен жұмыс, іштей, түртіп оқу, сұрақ-жауап, практикалық
жұмыс, өз жұмыстарын дәлелдеу, топпен қорғау, зерттеу жұмысы.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, құрал-жабдықтар, үнтаспа, портрет, презентация.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин)
-сыныптың көңіл – күйін келтіру;
Көктем келді көңілді
Жарқыратып өмірді
Жүрегім толы қуанышқа
Талабым жетелейді мені алысқа.
- сабаққа мақсат қою. Не білу керек? Не істей алу керек?
2. Үй тапсырмасына шолу. Алдарындағы тапсырмаға жауаптар жазу. Әр топтан 1 оқушыдан айтып шығу, қорытынды жасау; ( 5 мин)
Сергіту жұмысы. Топтық тапсырма «Тапқырлар» Интерактивті тақтада.(2 мин)
3. Жаңа сабақ .(3 мин)
а) Кіріспе бөлім. Ақын туралы білгендеріне тоқталып кету (портреті, тақтада жазылған дерек)
ә) Негізгі тақырып. Сұрақ –жауап арқылы басталады.
- Қазақстандағы табиғаты көркем, курортты жерлер бар ма?
-Көкшетау дегенде көздеріңе не елестер еді?
-Көкшетауды өз көзімен көргендерің бар ма?
Ендеше, балалар, бүгінгі біздің сабағымыз осы табиғаты жан тебірентер аңызға бай «Көкшетау» туралы болмақшы. Біздің сыныпта дарынды балалар жетерлік, бүгін сол өнерлеріңді жан-жақты көрсетеді деп сенемін, және істеріңе сәттілік тілеймін.
- Осы тақырып бойынша қандай мақсаттар көзделінеді?
Әр топ өз мақсаттарын айтып кетеді.
4. Оқулықпен жұмыс.(іштей оқу, түртіп алу) (5 мин)
5. Сөздік жұмыс. Алдарындағы параққа көркем сөздерді жазып алу, оны оқу, түсінбегенін талдау. Бірнеше мысал келтіре кету.
Сергіту жұмысы. Би қимылдары. ( 1 мин)
Топтық жұмыс. (10 мин)
І -топ: «Қылқалам шеберлері» Тапсырма: Плакатқа табиғат сұлулығын бейнелеу
ІІ –топ: «Шабыт» тобы Тапсырма: Берілген қима қағаздарға өлең, эссе жазу
ІІІ –топ: «Шебер қолдар» тобы Тапсырма: Түсті қағаздардан таулар жапсырмалау
ІV- топ: «Мүсіншілер» тобы. Тапсырма: Таулы өңір құстары мен аңдарын мүсіндеу.
Жұмыстарын қорғау. Көрме жасау. (3 мин)
. Даярланған презентацияларын қорғау Шығармашылық жұмыс.(5 мин)
Сабақты қорытындылау . Флипчартпен жұмыс. «Білдім» , кластер ретінде толтырып жазу. (5 мин)
Бағалау . Топ басшылары өз оқушыларына баға береді, ал мұғалім топқа баға береді.
(3 мин)
Үйге тапсырма. Көкшетау таулары туралы аңыздар жинақтап келу және аналарының суреттерін салып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |