Сабақтың тақырыбы: Көктем. (Қасым Аманжолов)



Дата25.01.2017
өлшемі61,25 Kb.
#8131
түріСабақ
Сарыағаш қаласы

№ 4 Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Егемназарова Клара Оңалбайқызы

19.01.201 4 ж ана тілі Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көктем. (Қасым Аманжолов)

Жалпы мақсаты: Оқушыларға ақын Қ.Аманжолов туралы мағұлмат бере отырып, «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсініп , өлеңдегі негізгі ойды ашу,оқушылардың есте сақтау , талдау, салыстыру, өз беттерімен ойлауға, табиғатты аялауға, ізденімпаздыққа,жауапкершілікке баулу.

Кіріктірлген модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, талантты және дарынды балаларды оқыту,оқуды басқару мен көшбасшылық, ақпараттық комуникациялық технологиялар,оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: Топқа бөлу, мозайка әдісі, суретпен жұмыс, миға шабуыл, «табиғат көркі» ойыны, «Сиқырлы гүлдер», «Гүлденген ағаш».

Нәтиже : Оқушылар ақын Қ.Аманжолов туралы мағұлмат алды, «Көктем» өлеңіннің мазмұнын және мағынасын ашты, оқушылар өз беттерімен ойлай біледі,табиғатты аялайды,ізденімпаздыққа, жауапкершілікті сезіне біледі. .

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар


1мин

Кіріспе

Оқушылар сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлату..



Оқушылар сабаққа керекті оқу құралдарын даярлады




1 мин

1 мин



Жағымды ахуал

Кәне , балалар енді сендермен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.



Оқушылар өздерінің сабаққа дайын екенін өлең шумақтарымен білдіреді.

Саяхатқа шығайық

Алысқа қанат қағайық

Биіктерді бағындырып,

Білімімізді шыңдайық,

Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап,жақсы тілектерін білдіреді.








5 мин

Тұсаукесер

«Миға шабуыл» арқылы «Аспан әлеміне саяхат» жасап үйге берілген тапсырманы еске түсіріп, пысықтау.

1)Тұңғыш ғарышкер кім?

2) Ол қашан ұшты?

3) Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім?

4) Біздің мектебіміз кімнің атында және ғарышкерлер күні қашан тойланады?

5)Тоқтар Әубәкіров қашан ұшты?

Жарайсыңдар балалар!




Олай болса балалар, «Аспан әлеміне» саяхатқа шығамыз.Саяхаттымыздың шартты былай: өзімізге ұнаған жұлдыздарды таңдап аламыз, таңдалған жұлдыздардың өз сұрақтары бар.сол сұрақтарға дұрыс сауатты, жауап береді.

1)Тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин.

2)Ол 1961 жылы 12 сәуірді «Восток» ғарыш кемесімен жерді айнала ұшты, ұшу ұзақтығы 1 сағат 48 минут.

3)Егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.

4) Біздің мектебіміз Юрий Алексеевич Гагарин атымен аталадыжәне ғарышкерлер күнін 12- сәуірде тойлаймыз.

5)Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты.




Слайдттар,суретер.

5 мин

Негізгі бөлім

Жер тіршіліктің көзі.Табиғат анамызға көңіл бөлейікші.Енді біз балалар жер анамызға келдік. Табиғат ерекшеліктеріне көңіл бөлейік.

Онда не естіп тұрсыңдар? Көктем мезгіліне байланысты өлең оқимын.

Қар, мұз еріп

Су көбейіп

Сай салаға ағады

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып,

Гүл ,бәйшешек басады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? Дұрыс айтасыңдар!Табиғат анамызда көктем мезгілі екен.


Балалар дыбыстарға құлақ салып онда құстардың қиқуы, малдардың төлдеген дауысы, бұлақ пен өзендердің сылдыры, орманның шуы, жаңбырдың жауғаны, күннің күркіреуі, балалар естіген дыбыстарын айтып, сұрақтарға жауап береді.Өлеңді естіп бұл кез көктемде болады.

.


Суреттер, слайдттар, дауыстар жазылған дискілер.

5мин

Топқа бөлу

Олай болса біз топқа бөлініп алайық.Көктемде ең алдымен көз алдымызға не елестейді?

«Мозайка» әдісі бойынша топқа бөлінеді.Мына қиындыларды алып, құрастырыңдар,сол құрастырған гүлдерің топтарыңның атауы болады.
I- топ «Бәйшешек» II- топ «Жауқазын» III-топ «Қызғалдақ»


Әрине апай гүлдердің көктегені елестейді.Оқушылар жабыла қиылған гүлдердің қиықтарын құрастырады.Және құрастырылған гүлдер топтарының атауы және топты солай болғанын ескере отырып,топтарын қорғайды топ басшыларын сайлайды және бағалау парақтарын беріп, бағалау жолдарын яғни смайликтермен бағалауды түсіндіру.Топқа бөлінген оқушылар көктем жайлы не білетіндерін тақтаға жазады.

Стикелер, гүлдердің қиындылары, бағалау парақтары.

5мин

Оқулықпен жұмыс

Енді топтарға өлеңді екі шумақтан бөліп, оқуға тапсырма беру.



Топтардан бір оқушы өлеңнің шумағын дауыстап, мәнерлеп оқып, шығады.

Оқулық ана тілі 3 сынып.

10мин

5мин


Топтық жұмыс

Оқушылар енді «Табиғат көркі» ойыны.Ойын шарты топтарға оқыған өлеңдері бойынша ментальді карта жасау және жасаған суреттерін топ мүшелері қорғайды.


«Сиқырлы гүлдер» тапсырмасын орындату.




Топ мүшелері бірлесе топтасып ментальді картаны салуға кірісті.

1-топқа Бәйшешекке 1) Өлеңде бұлақ туралы не делінген?2) Көктемгі ағаштар қандай өзгерістер болады?

2- топқа Жауқазынға 1)Өлеңде өзен туралы не делінген?

2) Көктемде қандай еңбек түрлері басталады? 3- топқа Қызғалдаққа 1) Көктемгі табиғатты сипатта және құстардың ұшып келуі?


Оқушыларға «Сиқырлы гүлдер» тапсырмасындатүрлі-түсті гүлдер таратылады.Оқушылар өзіне ұнаған түстегі гүлдерді таңдап алады.Таңдалған гүлдеріне қарай оларға тапсырма беріледі.Қызыл түсті гүлдерді таңдаған оқушылар «Көктем» жайлы мазмұндама жазады.Ал сары түсті гүлдерді таңдаған оқушылар «көктем» жайлы сөйлемдер жазады. Жасыл түсті таңдаған оқушылар «көктем»жайлы сөздер жазады.



Постер,маркерлер.

2мин

Қорытындылау

«Гүлденген ағаш»

Балалар осы ағашты одан әрі қарай гүлдендірейік,ол үшін мынадай сұрақтарға жауап берейік.

1) Өлеңді кім жазған?

2) «Көктем» өлеңіндегі автордың айтқысы келген негізгі ойы неде?

3) «Көктем» туралы қандай ақын жазушылардың өлеңдерін білесіңдер?

4) Көкек жылдың қай мезгілінде келеді?


Оқушылар сабақты ағашты гүлдендіру арқылы сұрақ-жауап арқылы қорытындылады.

Плакаттар, стикерлер

2 мин

Бағалау

Топ басшылары бағалады

Бағалау парақтары, смайликтер.

2 мин

Кері байланыс

Не білемін?

Не білуім керек?

Не білгім келеді?



Сабақ жайында өз пікірлерін жазады.

Стикер

1мин

Үйге тапсырма

«Көктем» туралы эссе жазып келу.Өлеңді жаттау.



Күнделікке жазып қояды.




















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет