Сабақ мақсаты: а. Оқушыларға «ұшқыш, ғарышкер»



Дата13.12.2016
өлшемі50,88 Kb.
#3721
түріСабақ
Нурушева Мақпал Меңдібайқызы
Ақтөбе қаласы,

16 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі


Сабақ тақырыбы: Ұшқыш

Сабақ мақсаты: а). Оқушыларға «ұшқыш, ғарышкер»

ұғымдарын меңгерту, манмандық

иелері туралы білім қалыптастыру

ә). Оқушылардың отанға деген

сүйіспеншілігін арттыра отырып,

патриоттық сезімін тәрбиелеу

б). Оқушылардың аспан әлемі,

ғарыш саласы туралы білімдерін

молайту. Сөздік қорын байытып,

тілдерін дамыту.

Сабақ түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ – жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға салу,түсіндіру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта.(слайдтар).

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

- Балалар, біздерде дүниетану сабағы.

Бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр.


Бүгінгі сабақта көптеген тапсырмалар орындайтын

боламыз.

Бәріміз сабаққа ұйымшылдықпен көтеріңкі күймен

сабаққа қатынасайық.

Психологиялық дайындық.

Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз – еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла

«5» ке қолды жеткізу.

-1-


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

- Қане, кім айтады?

(3 – 4 баладан үй тапсырмасы сұралады)

1 – слайд. Көкөністер суреті.

2 – слайд. Жеміс ағаштары.(алма,алмұрт,алхоры,

шие,жүзім)

3 – слайд. (кітаптағы сурет).

Жақсы өнім алу үшін не істеу керек ?

1. ағаштарға дәрі шашып тұру керек.

2. кеуіп қалған бұтақтарды кесу керек.

3. ағаштың түбін қопсыту керек.

4. ағаш діңдерін әктеу керек.

(Күн, су, жылу керек.)

4 – слайд. (ағаш, бұта сурет)

5 – слайд. Жылыжай суреті.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

- Енді, балалар осы бақ шаруашылығында еңбек ететін

адамдарды кім дейміз?

Топтастыру. бағбан




мұғалім диқан

ұшқыш жүргізуші




  • Енді осы ұшқыш мамандығы туралы бүгінгі сабақта толық білетін боламыз.

-2-


ІV. Жаңа сабақ.

Дәптермен жұмыс.

- Бүгінгі жаңа сабағымызда тақырыбы

«Ұшқыш» деп аталады.

- Енді, балалар осы тақырыбымызға байланысты

жұмбақтар шешіп жіберейікші.



Жұмбақтар.

1. Санаймыз қанша,

Білмейміз,

Түнімен,


Көз ілмейміз. (жұлдыздар)

2. Басып озып құсты,

Қанат қақпай ұшты. (ұшақ)

3. Болса да көкте мекені,

Кездеспейді екеуі. (Ай мен күн)

4. Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп. (күн)

Оқулықпен жұмыс.


  • өзім оқимын.

  • әңгіме жүргіземін.

  • тізбектей оқу.

  • тұтас оқу.

Ұшқыштармен таныстыру.

Ю.Гагарин. 1961ж. 12 сәуірде адам баласы тарихында тұңғыш рет Гагарин ғарыш кемесімен жер шарын айнала ұшты. 12 сәуір тарихта «Ғарышкерлер күні» деп аталады.

Қазақстан жерінде ғарыш кемесін ұшыратын әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан.

-3-
Т.Әубәкіров. Арада 30ж. өткеннен кейін, 1991ж. Қазан айының 2 – сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Ә. ғарыш төріне самғады.

Халық қаһарманы. Ұшқыш – ғарышкер атағы берілді.

Ал екінші рет Т.Мұсабаев ғарышқа 1994ж. Барып қайтты. 1998ж. және 2001ж. 2 рет барып зерттеу жұмыс жүргізді. Халық қаһарманы атағы берілді.

Т.Бегелдинов. Жеңістің 65ж. туралы айту.


Ұшақты басқаратын адамды ұшқыш дейміз.

Зымыранды басқаратын ұшқышты ғарышкер дейміз.

Халық шаруашылығына пайдасы туралы айту.

«Ғарышкерлер» ойыны.

Ойынның шартын түсіндіру.

Ортаға екі орындық қоямын. 3 оқушы шақырамын.Музыка ойналады.Оқушылар айналып жүреді. Музыка тоқтаған кезде 2 бала отыру керек.Отыра алмаған бала сынақтан өтпей ойыннан шығады. Бір оқушы соңында қалу керек.Жеңген оқушы «ғарышкер» атанады.

Дәптермен жұмыс.


  • Енді, балалар бүгінгі сабағымызға байланысты 5 жолды өлең құрап жіберейікші.

-4-


Ұшақты меңгеріп,

Аспанға ұшамыз.

Зымырап зымыран.

Айға да ұшамыз.

Ұшқыш та, ғарышкер боламыз.
Ұшты – ұшты ойыны.


  • Енді балалар бүгінгі сабақ туралы өз ойларымызды ортаға салып көрейікші.

Үш қадамнан тұратын сұхбат.


В

Сұрақ қоюшы. Жауап беруші.


N

Екуі не туралы әңгімелесті?

Пысықтау.

V. Кубизм стратегиясы.


1. Ұшақтың қандай түрлерін білесіңдер?

2. Ғарышкерлер күні қашан?

3. Ұшақты кім басқарады?

4. Зымыранды кім басқарады?

5. Қазақ ғарышкерлері кімдер?

6. Ұшқыштар, ғарышкерлер қандай болу керек?



Қорытынды.

VI. Бүгін қандай тақырыппен таныстық.

Бекіту сұарақтары.



VII. Бағалау.

VII. Ү/т.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет