Сабақтың тақырыбы: Көктем. Нәтиже сабақ Сабақтың түрі: бекіту сабағы Сабақтың тегі: аралас сабақ



Дата23.08.2017
өлшемі51 Kb.
#25578
түріСабақ
Сынып: 4

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Көктем.Нәтиже сабақ

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың тегі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша алған білімдерін бекіту; Сөздік қорларын байыту;Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту;Таңдай білу, талдайбілу қабілеттерін дамыту;

Күтілетін нәтиже: Тақырып бойынша сөйлеп үйренеді.Сөздік қорлары дамиды.Талдау,таңдап алу қабілеттері дамиды.

Көрнекіліктер: оқулық, А3 қағаз, түрлі-түсті фломастерлер,стикерлер,суреттер,таратпа материалдар.

Модуль: Жас ерекшеліктері, сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту,оқыту үшін бағалау,

Сабақ кезеңдері,әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жұмыс түрі

Бағалау

1.Ұйымдастыру

А)амандасу


Ә)кезекшімен сұхбат

Б)фонетикалық жаттығу


В)психологиялық дайындық


2.Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау


-Сәлеметсіңдер ме,балалар!


-Кім кезекші?

-Қай жыл мезгілі?

-Бүгін аптаның қай күні?

-Сабақта кім жоқ?


-Ал,балалар,олай болса ең аодымен тілімізді жаттықтырып алайық.

Ә-әліппе, әдемі

Ү-үлкен, дүкен

Ұ-ұшақ,ұя

І-ілгіш,ірімшік

Ө-өзен, өмір

Қ-қар, қоян

Ғ-ғалым,мұғалім

Ң-аң,шаң

Һ-жиһаз, жауқар


Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп – кішкене ағаштар

Үп – үлкен боп өседі

Қар еріп,су ағады

Сарқырап сайға толады

Күн шуағын шашады

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Балалар, бүгінгі сабақта біз нені үйренеміз, нені білеміз?


Оқушылар амандасады


Кезекші оқушылар жауап береді.

Оқушылар қайталайды

Оқушылар қимылмен көрсетеді.

Оқушылар жауап береді.



Жалпылай

жалпы


Ауызша мадақтау

Ауызша мадақтау



3.Үй жұмысын тексеру

- Етістіктің шақтарын қайталап алайық.

1-топ.Осы шақ (отыр)

2-топ.Келер шақ.(бар)

3-топ.Өткен шақ.(кел)



Оқушылар етістіктің шақтарының жасалу жолдарын айтады.Берілген етістіктерді ауызша жіктейді.

топтық

Жетон беру

4.Жаңа сабаққа дайындық


Дәптерімізді ашайық,бүгінгі күнді жазамыз.Ақпанның оны,жұма.Сынып жұмысы.

Нәтиже сабақ.Көктем.




Оқушылар дәптерлеріне жазады.







5.Жаңа сабақ

«Жигсо»



Балалар, қазір «Жигсо» стартегиясы бойынша жұмыс жасаймыз.

1-топ «Көктем мерекелері

2-топ «Көктемгі киімдер»

3-топ «Көктемгі табиғат»



Берілген тақырып бойынша мәтін жазады.

топтық

Мадақтау

6.Сергіту сәті



-Қане,балалар,шаршадыңдарма? Олай болса,сергіп жаттығу жасап алайық.

Оқушылар жаттығу жасайды.







7. «Жигсо»


-Балалар, қазір санау бойынша жаңа топқа бөлінеміз.1,2,3

Алынған мәліметтер бойынша постер жасаймыз.



Оқушылар жаңа топқа бөлініп отырады.

Постер жасайды.Қорғайды.



топтық

2 жұлдыз,1тілек

8.Қорытындылау

Сөйлемті аяқта.



Сөйлемді керекті сөздермен толықтырамыз.

Көктем айлары: .......

Көктемде ........жылынады.

8-наурыз .............

Көктемде құстар ..........

Қар .......

......... гүлдейді.


Оқушылар керекті сөздермен сөйлемді толықтырады.

жұптық

үлгі бойынша тексеру

«Деңгейлік тапсырмалар»

1 деңгей

2деңгей


3деңгей

Оқушылар әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындайды.

жеке




9.Рефлексия


-Қане,балалар, енді бүгінгі сабағымызда не ұнады, не ұнамады, не қызықты болғаны туралы қолымыздағы стикерлерге жазып,тақтаға жапсырайық.

Оқушылар өз ойларын жазып,тақтаға жапсырады.

жеке

+ - қызықты

10.Бағалау

Жақсы жұмыс істеген оқушыларды бағалау,күнделіктеріне баға қою

Күнделіктерін береді,баға қойғызады.







11.Үйге тапсырма

197-б,5-тапсырма сөйлемді аяқта

Күнделіктеріне жазады.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет