Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғлім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
2 мин
|
Ұйымдастыру:
Сәлемдесу;
Оқушылардың сабаққа керекті құрал- жабдықтарын даярлату
|
Оқушылар сабаққа назарларын аударады.
|
|
|
(Көңіл- күй көтеру)
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік біз,
Құрметпенен біз! (1 слайд)
Психолгиялық ахуал туғызу.
Көңіл- күйлерін көтеру.
Топқа бөліну: Топ басшылар сайлау.
Ұшақтар (әуе көліктері )
Кемелер (су көліктері)
Машиналар (жерде жүретін көліктер)
Суреттер оқушыларға таратылады.
|
Оқушылар қарайды, тыңдайды, қайталайды.
Суреттерді таңдайды. Сәйкесінше топтарына отырады. Топ басшыларын сайлайды.
|
Үй жұмысын тексеру:
|
4 мин
|
2 (слайд)
Сен қайда тұрасың?
Біздің республикамызыдың Президенті кім?
Қазақстанның астанасы қай қала?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап жазады.
|
Мақсат қою кезеңі
|
|
Оқушыларға көліктердің түлері алуан екенін таныту.
|
|
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
|
12мин
|
Топпен жұмыс:
1 кезең. Балалар бүгін біз сіздермен ауылға саяхат жасаймыз. Ол үшін сіздермен бірге автобус көлігіне мінейік.
Слайд көрсетіледі.Балалар сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер? Слайдтағы көліктерді топтап, парақшаға жазады. Осы көліктерді қандай топтарға бөлуге болады?
Слайд
Мәтінмен жұмыс
Жақсы балалар, орындап болсақ мәтінмен жұмыс жасаймыз.
Балалар мәтінді бір- бір сөйлемнен оқып шығады.
|
Оқушылар өз беттерімен орындайды, топтар бір- бірін тыңдап, тексереді.
Оқушылар мәтінді оқиды, талдайды, сұрақтарға жауап береді.
|
Жаңа материалды түсінгендерін зерттеу кезеңі:
|
6 мин
|
Топпен жұмыс.
2 кезең. Енді балалар біз аэропортқа келдік. Балалар біздің баратын ауыл өте ұзақ екен. Енді біз ұшақпен ұшайық. Ол үшін біз аэропорттын берген тапсырмаларын орындайық.
Слайд
Қызметтік көліктерді атаймыз.
Жол ережелерін сұраймын.
Қоғамдық көліктегі жүру ережелерін ата.
Көшеде жүру ережелерін ата.
Жолда жүргендегі белгілерді ата.
|
Оқушылар мәтіннен кейін ойларын жинақтайды, топпен сұрақтарға жауап береді.
|
Сергіту сәті:
|
2 мин
|
Ал балалар енді біз жереге қондық. Енді аздап серігіп алайық.
Сергіту сәті
|
Оқушылар, көреді, қайталайды.
|
Бекіту кезеңі
|
14 мин
5 мин
|
Міне, енді теңіз портына келдік. Барлығымыз кемеге отырып кеменің сұрақтарына жауап берейік.
Дәптермен жұмыс
Ауа райы:
+18*С
+19*С
1.Сандар реті бойынша сызық жүргіз.
2.Қала көліктерін көк, ауыл көліктерін жасыл түспен боя.
Топпен жұмыс
Жұмбақ шешу.
|
Дәптерге тапсырманы орындайды. Тақтамен тексереді.
Жұмақтардың жауабын айтып, қандай топтарға жататынын атап шығады.
|
Қорытынды кезеңі:
|
|
Көліктер туралы бейнебаян көрсетемін.
|
Оқушылар көріп тамашалайды.
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
Өзіңе ұнаған көлік туралы ғаламтордан мәлімет жинап келу.
|
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
|
Бағалау
|
1 мин
|
Мұғалім қорытынды бағаны жинаған суреттері арқылы бағасын өзі қояды
|
Үй тапсырмасынан түсінбегенін сұрайды.
|
А.О. Қашаева