Сабақтың тақырыбы: Комбинаториканың элементтеріне есептер шығару Сабақ негізделген оқу мақсаты



Дата11.12.2021
өлшемі2,77 Mb.
#99412
түріСабақ
Байланысты:
27.11.2020 11ф


Сабақ :

Алгебра

Мектеп :

№71

Күні :

27.11.2020ж

Мұғалімнің есімі:

Балсүгірова К

Сынып:

11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны :

Сабақтың тақырыбы:

Комбинаториканың элементтеріне есептер шығару

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Комбинаториканың негізгі элементтері туралы мағлұматты есеп шығаруда қолдануды үйрену, комбинаторика бойынша білімдерін дамыту

Оқу мақсаты

Комбинаториканың негізгі элементтері туралы мағлұматты есеп шығаруда қолдануды үйренеді, комбинаторика бойынша білімдері дамиды;

Комбинаторика элементтерінің формуласы бойынша амалдарды орындай алады.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Тілдік мақсат:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Талқылауға арналған тармақтар:


Есептің шартын түсінеді, оқи алады, көрсете алады.

Натурал сандар тепе-тең түрлендіру әдістері

Орналастырулар тобының бір-бірінен айырмашылығы қандай?

Алмастырулар және орналастырулар топтарының айырмашылығы бар ма?



Алдыңғы тақырып:

Комбинаториканың негізгі элементтері

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, геометрия, сызу.

Ғаламтор, қосымша әдебиеттер

Құндылықтардағы байланыс:

Оқушылардың адамгершілік, парасаттылық қасиеттерін жандандыру

АКТ-мен байланыс:

Таныстырылым, аудиожазба

Жоспар :

Жоспарланған уақыт:

Жоспарланған жаттығулар (ескертпелер)

Ресурстар

Басталуы :

Психологиялық ахуал қалыптастыру. 2 мин

Топқа бөліну. 2 мин


Оқушылардың бүгінгі көңіл-күйлерін сұрап, сәттілік тілеймін.

Шаттық шеңберінде бір-біріне жүрек жылуын сыйлайды.



Түсті қағаздар арқылы топқа бөлінеді.



Шаттық шеңбері

Сабақтың ортасы:


Cергіту сәті:

Үй жұмысы. 5 мин.Үй тапсырмасын өзара тексеру. №645 есепті шығару

Ж ауабы:



Өткенді еске түсіру. 5 мин.

Топқа бөлінген түсті қағаздардың артына жазылған формулалар бойынша комбинаториканың элементтерінің қайсысына жататынын анықтап, сол элементтері жазылған топқа бөлінеді. Оқушылардың формулаларды оқығаны не оқымағаны белгілі болады. «Миға шабуыл»: Сыныптағы 24 оқушы 3 топқа неше рет бөліне алады?




Топтық жұмыс. 12 мин.


Оқулық, дәптер, сызуға арналған құрал-жабдықтар

«Комбинаториканың қолданылуы» - бейнежазба. 2 мин.

Жеке жұмыс. «Ойлан, тап!» 13 мин.








































Сабақтың аяқталуы:

Сабақты қорытындылау. «Ой түрткі» сұрақтарын қою. 2 мин

Комбинаторика біздің өмірімізде қайда қолданылады?

  • білім мекемелерінде (сабақ кестесі);

  • Тамақтану орындарында (тамақ мәзірін жасауда);

  • Спорттық жарыстарда;

  • Агротехникада;

  • Географияда;

  • Химия;

  • Биология;

  • Экономика;

  • криптография (шифрларды теру әдістерінде) кездеседі екен.

Үй тапсырмасы. Нұсқау беру. 2 мин.

№664 есепті шығару.






Қосымша ақпарат

Саралау

Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар.

Ашық және жоғары сұрақтарға нақты жауап алу.

5,6,7 сандары арқылы үш орынды қанша сан жазуға болады?

Үлгермеуші оқушымен жұмыс.

Формулаларды пысықтау.





Бағалау

Бағалау өлшемдерін критерийлер бойынша бағалау.

Кері байланыс алу.








Рефлексия :


Сабақтың мақсаты шынайы орындалды. Оқушылар комбинаторика элементтерін қолданып есептер шығару алды. Сабақ «Lesson study» оқушыларды зерттеуге арналғандықтан үш деңгейдегі оқушыларға тапсырмалар нақты берілді. «А» деңгейіндегі оқушы сыныптасының көмегімен алға ұмтылды. «В» деңгейіндегі оқушы ерекше сезіммен белсенді түрде қатысты. «С» деңгейіндегі оқушыға күрделі есепті шығару кезінде ойлануға мүмкіндік берілді. Сол мүмкіндікті тиімді қолдана білді. Комбинаториканың негізгі элементтері туралы мағлұматты есеп шығаруда қолдануды үйренді, комбинаторика бойынша білімдері дамыды.

Комбинаторика элементтерінің формуласы бойынша амалдарды орындай алды.

Қорытынды бағамдау:
Сәтті жақтары: Оқушылардың дербес жұмыс істеуіне, ойлануына мүмкіндік берілді. Логикалық ойлау дағдысы жетілді.

Сәтсіз жақтары: Оқушылардың дербес жұмыс жасауы әлі де болса, белсенді емес. Баяу ойланып, жауап беруде жасықтық танытты.



АЛМАСТЫРУЛАРҒА ЕСЕПТЕР

  1. {а, м, п, е, н} әріптерінен әрқайсысын бір рет қана қолданып неше бесәріпті сөздерді құрастыруға болады? Жауабы:

  2. 2; 4; 5 цифрларын қолданып неше үштаңбалы сандарды құрастыруға болады, егер санның цифрлары әр түрлі болса?Жауабы: 3!

  3. Жарысқа бес команда қатысады. Жарыс нәтижесінде командалардың арасында орындарды үлестірудің неше тәсілі бар? Жауабы: 5!

  4. Сәрсенбі күні 9-сыныптарда 6 сабақ бар: алгебра, орыс тілі, сызу, биология, химия, қоғамтану. Сәрсенбі күнге сабақ кестесін құрудың неше тәсілі бар?Жауабы: 6!

  5. Сөреде 7 кітап бар, олардың үшеуінің қоңыр түсті мұқабасы бар. Қоңыр түсті мұқабасы бар кітаптар бірге тұратындай кітаптардың сөреде орналасуының неше тәсілі бар? Жауабы: 5!⦁3!

  6. 9 сыныптың 10 оқушысына мәжіліс залының 10 орыннан тұратын 3 қатар үлестірілген. Осы оқуышлар мәжіліс залында неше тәсілмен отыра алады, егер Асан, Үсен және Қымбат бірге отырғысы келсе? Жауабы: 8!⦁3!

ТЕРУГЕ ЕСЕПТЕР



  1. Жарысқа қатысу үшін мектеп бес команданың үшеуін таңдау керек. Таңдаудың неше тәсілі бар? Жауабы:

  2. Сәрсенбі күні 9-сыныпта 6 сабақ бар: алгебра, қазақ тілі, сызу, биология, химия, қоғамтану. Аят сабақтардың екінші жұбына қатыспауды шешті. Аят сәрсенбі күні сабақтарға қатыспаудың неше тәсілі бар? Жауабы: ;

  3. Аяжанда өзіне ұнамайтын 7 қуыршақ бар. Аяжан сол қуыршақтардың төртеуін балалар үйіне беруді шешті. Осыны неше тәсілмен жүзеге асыруға болады? Жауабы:

  4. 10 оқушыдан тұратын 9А сыныбынан қарттар үйіне үш волонтерді таңдау керек. Таңдауды неше тәсілмен жүзеге асыруға болады? Жауабы:

  5. Цехта 12 адам жұмыс жасайды: 5 әйелжәне 7 еркек. Құрамында 3 әйел болатындай неше тәсілмен 7 адамнан тұратын топты құрастыруға болады? Жауабы:

ОРНАЛАСТЫРУЛАРҒА есептер

  1. {а, м, п, е, н} әріптерінен әрқайсысын бір рет қана қолданып неше үшәріпті сөздерді құрастыруға болады?? ;

  2. 2; 4; 5; 8 цифрларын қолданып неше үштаңбалы сандарды құрастыруға болады, егер санның цифрлары әр түрлі болса? ;

  3. Жарысқа бес команда қатысады. Жарыс нәтижесінде командалардың арасында жүлделі үш орынды үлестірудің неше тәсілі бар?

  4. Сәрсенбі күні 9-сыныпта 6 сабақ бар: алгебра, қазақ тілі, сызу, биология, химия, қоғамтану. Мониторинг өткендіктен сабақтардың екінші жұбы өтілмей қалды. Мұғалімдердің сәрсенбі күні сабақтардың жоғалуының неше тәсілі бар?

  5. Аидада 7 кітап бар. Неше тәсілмен Аида өз кітаптарын екі сөреге қоя алады, егер екі сөренің біреуінде міндетті түре 4 кітап тұру керек болса? немесе Р7 = 7!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет