Сабақтың тақырыбы: Көмекші робот. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



Дата21.10.2022
өлшемі118,5 Kb.
#154257
түріСабақ
Байланысты:
28 саб


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: ІІ Құндылықтар

Күні :

Педагогтің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: Көмекші робот.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

4.​3.​4.​1* мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастырады және оған жауап береді

Тілдік мақсаттар

Таныстыру

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
(5 минут)

«Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Сенім аралы»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Оқушылар шеңбер болып отырады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстап, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады, соңында бір-бірлерінің қолдарын ұстайды. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б.


Үй жұмысын тексеру
Сабақтың тақырыбын, мазмұнын суреттер арқылы болжайды.



Қолпаштау

Слайд

Сабақтың ортасы
(6-37 минут)



1.Сөздікпен жұмыс. Таныстыру


Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады.
2. Оқылым.Айтылым
Жаңа сөз үйренейік
1-тапсырма
3.Айтылым.
2-тапсырма
Ойланайық!


Сергіту сәті
4. Оқылым.Айтылым.
Ережелермен таныстыру
3-тапсырма. Дұрыс қосымшаны таңда.
5.Жазылым
3- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қой.


6. Айтылым
Сұреттегі кейіпкерлерді сөйлет

Тыңдалым,айтылым.
Жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады.
Оқылым.Айтылым сурет бойынша жұптасып диалог құрастырады


Айтылым.
Сөйлемдерді толықтырады.
Үлгі: Робот ағаштан бұйым жасай алады. Демек, ол-шебер.


Сергіту сәтін орындайды.
Жіктік жалғауларды еске алып, сөздерге дұрыс қосымшаны жалғайды.
Үлгі: тәрбиелімін, ақылдымын....
Үлгі: мен күштімін, мықтымын.....

6. Айтылым


Сурет бойынша сөйлем құрастырады. Үлгі:Мен үлкенмін. Ал сен кішкентайсың.

«Бас бармақ»





Дескриптор:
- жаңа сөздерді қолданып, диалог құрастырады.
Өзара бағалау
Дескриптор:
-жаңа сөздерді пайдаланады, тәуелдік , септік жалғауларды дұрыс қолданады,сөйлемдерді дұрыс құрастырып айтады.
Өзара бағалау: «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын»

«Бас бармақ»




Оқулық 66 бет
сөздік
слайд


Слайд
Оқулық
67 бет



Сабақтың соңы
3 минут

Үй тапсырмасын беру : Көмекші робот туралы шағын шығарма жазу




Кері байланыс
«Бағдаршам» әдісі
Қызыл- мүлдем түсінбедім
Сары- жартылай түсіндім
Жасыл-толық түсінікті

Оқушылар сабақта алған білімдерін бағдаршамның түстері арқылы түсінгенін білдіреді



Бағалау

Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет