Растрлық кескіндер де дәл мозаика сияқты. Тек шыны немесе пластмасса тастарының орнына пиксель алынады.
Пиксель – монитор экранындағы кескіннің минимал элементі, әлбетте ол квадрат пішінді. Растрлық кескіннің сапасы кескіннің өлшеміне горизонталь және вертикаль бойынша пиксель саны және әрбір пиксель үшін беруге болатын түстер 16,256 және одан да көп түстер санына тәуелді.
Растрлық кескін үлкеюге де, кішіреюге де сезімтал. Растрлық кескінді кішірейткенде көрші орналасқан бірнеше нүкте бір нүктеге тиүрленеді, сондықтан кескіннің ұсақ бөлшектерініңи айырмашылғы жойылады. Кескінді үлкейткенде әрбір нүктенің өлшемі үлкейіп, сатылы эффект пайда болады, оны оптикалық құралсыз көзбенде көруге болады.
Растрлық графиканың артықшылықтары:
Сурет салу қарапайымдылығы және айқындылығы.
Масштабтау қажет болмаған жағдайда күрделі бейнені жылдам өңдеу мүмкіндігі.
Бейнені құру қарапайымдылығы – кез келген ұнаған бейнені сканерден өткізсе болғаны.
Бейнені оңай баспадан шығаруға болады.
Растрлық графиканың кемшіліктері:
Бейнені айналдырудағы және басқа да түрлендірудегі қиындықтар, себебі растрлық бейне бір тұтас объект түрінде беріледі.
Масштабтаудағы, яғни пикселдеудегі қиындықтар, яғни бейнені үлкейткенде бейненің бұзылуы.
Растрлық бейне сақталған файлдың көлемінің үлкен болуы.
Векторлық графика. Векторлық графикалық кескіндер айқын және анық контурларды сақтауды қажет ететін маңызды графикалық обьектілерді (сызбалар, сұлбалар және т.с.с) сақтаудың тиімді құралы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |