Векторлық кескін – бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік графикаға кескінді өрнектеу.
Сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге болатыны векторлоық кескіндеудің негізгі құндылығы.
Кескіндердің векторлық өрнеткелуі растьырлықтан қатты ерекшеленеді. Егер растрлық графикада кескіндердің базалық элементі нүкте болса, ал векторлық графикада – сызық болып табылады. Сызық математикада тұтас обьект болып сипатталады, сондықтан растрлық графикаға қарағанда векторлық графиканың құралдарымен обьектіні өрнектеуге қолданылатын дерек көлемі әлдеқайда аз.
Векторлық графиканың артықшылығы:
Көлемінің шағын болуы;
Оңай масштабтауға болады;
Оңай түзетуге болады.
Векторлық графиканың кемшіліктері:
Шынайы бейнелерді құрудағы қиындықтар;
Тұтас аймақты бейнелеу мүмкіндігінің болмауы, себебі объектілер «сым» қаңқа түрінде ұсынылады;
Суреттеу алдында алдын ала өңдеуді қажет етеді;
Фракталдық графика - математикалық есептеулерге негізделген. Кескіндердің негізгі элементі болып математикалық формула табылады. Фракталдарда детальді сипаттау жады талап етілмейді, сондықтан ол кесікіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді. Бір жағынан бұл топтан тыс кескіндерге фракталдар көп қолданылмайды. Фракталдың аз бөлігі барлық фракталдар туралы мәлімет береді.
Компьютерлік графикада фракталдар табиғи құбылыстарды, мысалы, бұлттар, қарлар, жағалаулар және т.с.с күрделі кескіндерді салу үшін пайдаланылады.
Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазірге кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторды да екі категорияға бөлуге болады: растрлық және векторлық.
Графикалық редактор – бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарап шығуға арналған программа.
Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге көбіне растрлық графикалық редакторлар қолайлы, себебі растрлық кескіндер түстер градациясын және көмескі бояуларды жоғары дәрежеде беруді қамтамасыз етеді.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.