Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика. Графикалық редакторлардың түрлері. Сабақтың мақсаты



бет3/4
Дата10.06.2017
өлшемі0,62 Mb.
#18816
түріСабақ
1   2   3   4

Векторлық кескін – бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік графикаға кескінді өрнектеу.

Сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге болатыны векторлоық кескіндеудің негізгі құндылығы.

Кескіндердің векторлық өрнеткелуі растьырлықтан қатты ерекшеленеді. Егер растрлық графикада кескіндердің базалық элементі нүкте болса, ал векторлық графикада – сызық болып табылады. Сызық математикада тұтас обьект болып сипатталады, сондықтан растрлық графикаға қарағанда векторлық графиканың құралдарымен обьектіні өрнектеуге қолданылатын дерек көлемі әлдеқайда аз.

Векторлық графиканың артықшылығы:

Векторлық графиканың кемшіліктері:

  • Шынайы бейнелерді құрудағы қиындықтар;

  • Тұтас аймақты бейнелеу мүмкіндігінің болмауы, себебі объектілер «сым» қаңқа түрінде ұсынылады;

  • Суреттеу алдында алдын ала өңдеуді қажет етеді;

Фракталдық графика - математикалық есептеулерге негізделген. Кескіндердің негізгі элементі болып математикалық формула табылады. Фракталдарда детальді сипаттау жады талап етілмейді, сондықтан ол кесікіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді. Бір жағынан бұл топтан тыс кескіндерге фракталдар көп қолданылмайды. Фракталдың аз бөлігі барлық фракталдар туралы мәлімет береді.

Компьютерлік графикада фракталдар табиғи құбылыстарды, мысалы, бұлттар, қарлар, жағалаулар және т.с.с күрделі кескіндерді салу үшін пайдаланылады.

Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазірге кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторды да екі категорияға бөлуге болады: растрлық және векторлық.

Графикалық редактор – бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарап шығуға арналған программа.

Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге көбіне растрлық графикалық редакторлар қолайлы, себебі растрлық кескіндер түстер градациясын және көмескі бояуларды жоғары дәрежеде беруді қамтамасыз етеді.

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.

Өңдеу редакторларыAdobe Photoshop, Corel PhotoPaint

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз .

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер

СorelDRAW, Adobe illustrator  секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Үш өлшемді графика: Үш өлшемді графика (3D Graphics) — көлемді объектілерді бейнелеуге арналған тәсілдер мен құралдардың жиынтығынан тұратын компьютерлік графиканың бөлімі.

Үш өлшемді графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар- 3D Studio MAX 5; - AutoCAD;

Практикалық жұмыс

1 деңгейлік тапсырма

«Ия, Жоқ»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет