Сабақтың
басталуы
7 минут
|
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ойтүрткі
Өз қалаң мен ауылыңда қандай ескерткіштерді білесің? Ол ескерткіштердің құндылығы жөнінде қандай пікір айта аласың?
|
Ой қозғау мақсатында қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
|
Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл
|
Сабақтың
ортасы
23 минут
8 минут
|
1-тапсырма.
Өз қалаңдағы немесе ауылыңдағы мәдени ескерткіштер туралы шағын мәтін құрастыр және мәтіннің орфографиялық нормаға сай жазылғанын дәлелде.
2-тапсырма.
Мәтінді тыңда. Мәтін бойынша өз ойыңды жаз.
Мәтін үзіндісін тыңдаңыз.
(а) Мәтінде не туралы айтылады? Қандай мәселе көтерілуі мүмкін?
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
(ә) Сіздіңше, автор не айтқысы келді?
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
(б) Сіздің болжамыңыз шындыққа сәйкес келді ме? Салыстырыңыз.
Менің болжамым
|
|
Шын мәнісінде
|
|
|
|
|
4-тапсырма.
Сұрақтарға жауап бер.
1. Түркі халықтарының әлемге танымал ойшылдары туралы не білесің?
2. Ұлы ойшылдардың қандай еңбектерін білесің?
3. Тарих қойнауындағы құпия деректер қызықтыра ма?
4. Тарих қойнауындағы деректер еліңнің ертеңі жайлы сыр шерте ме?
5. Көне түркі жазба ескерткіштері неше топқа бөлінеді?
6. Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері қай жерден табылған?
|
Өз қаласындағы немесе ауылындағы мәдени ескерткіштер туралы шағын мәтін құрастырып, және мәтіннің орфографиялық нормаға сай жазылғанын дәлелдейді.
Көне түркі жазба ескерткіштері туралы өз болжамын жазады.Өз болжамын шындыққа сәйкес келген-келмегенін салыстырады.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Дескриптор
Білім алушы
-мәтін үзіндісіне сүйене отырып, мәтінде көтерілетін мәселені болжайды
-болжамын мәтін мазмұнымен салыстырады
|