Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 8-сынып 6-сабақ.
Бөлім:
|
1-бөлім: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Орфография
|
Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты:
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
8.2.2.1 - публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
8.3.6.1 - БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау.
|
Сабақтың мақсаты
|
Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы ажырата алады. БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер енгізе алады,
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//
уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
5 минут
6 минут
Сабақтың ортасы
6 минут
8 минут
15 минут
Сабақтың аяқталуы
5 минут
|
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Гүлмен тілек» Гүлді алақанға ұстап тұрып, бір-бірлеріңе ізгі тілек айтыңдар және гүлдің артында жазылған А.Байтұрсыновтың тіл мен әліпби туралы нақыл сөздерді құрастыру арқылы 4 топқа бөлініңдер.
2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ой шақыру
1-тапсырма.
Берілген сұрақтарға жауап бер.
Осы нақыл сөздердің бүгінгі тақырыпқа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?
1.Әліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы.
2.Жақсы әліпби тілге шақ болу керек.
3.Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.
4.Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
4-тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқыңыз.
(а) Мәтіндердегі тақырыпқа қатысты тірек сөздерді анықтаңыз.
Қазақ жазуы
|
Ортақ жазу – түркі бірлігінің бастауы
|
|
|
(ә) Мәтіндерде қандай ерекшелік байқалады?
(б) Мәтіндер қай стильде жазылған?
Ерекшеліктердің стильдерге қатысы бар ма?
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінге стильдік түзетулер жасап, редакциялаңыз. БАҚ беттерінен алынған мақалада стилистикалық қателер, орынсыз қолданылған сөз оралымдары бар.
Мемлекеттік тілдің мәртебесі күнделікті өмірде мемлекеттік тілдің қызмет ету көрсеткішінің артуы, шетелдерде қазақ тілін қолданушылардың көбеюімен арта түсері анық. Қазақ тілінің аясын кеңейтуде шетелдегі қандастарымыздың алар орны бөлек. Олардың ана тілінен айырылмауы, ата жұртымен рухани байланысының үзілмеуі қазақ тілінің өзге елде қанат жаюына өзіндік үлес қосары сөзсіз. ҚазАқпарат халықаралық агенттігі осы маңызды қадамды ерте қолға алған болатын. «ҚазАқпараттың» шетелдегі қазақтарды ақпараттық тұрғыда қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылдың сәуір айынан қазақ тілінде шығарылатын жаңалықтар түгелімен латын қарпінде беріле бастаған еді. 2009 жылдың қазан айынан бастап ана тіліміздегі ақпараттар мен мақалаларды Қытай мен Ирандағы қазақ жұртшылығы үшін төте жазумен тарату да жүзеге асырылды. Бұл әсіресе арабша төте жазуды қолданатын Қытай қазақтары үшін елеулі оқиғаға айналды. Сол жақтағы 1,5 миллионнан астам қандасымыздың бұған дейін қазақстандық телерадио бағдарламаларын толық көру мүмкіндігі болмады (ол елде жеке тарелка қоюға рұқсат етілмейді) және кирилица әрпін танымаған соң интернеттегі қазақ басылымдары мен кітаптарын оқи алмайтын еді, сондықтан еліміз туралы әрбір ақпаратқа ерекше зәру болып отыр еді. «ҚазАқпараттың» араб қаріпті сайтының ашылуы - интернетті кеңінен пайдаланып отырған қытай қазақтары үшін ақпараттық, рухани мұқтаждықтарының орнын толтыруға айтарлықтай көмектесті. Сайт ашылғаннан кейін, шеттегі қандастарымыздан «ҚазАқпарат» қолға алған маңызды жобаның өздерінің ана тілінен айырылмауына, жастардың рухани әлемінің баюына үлкен көмек болғаны жөнінде көптеген алғыс хаттар келіп түсті. Төте жазу сайты ашылысымен оны оқитындар саны артып, бүгіндері сайт материалдарын күніне орта есеппен 12-14 мыңнан астам адам көріп отыр.
9-тапсырма.
«Көне түркі және қазақ жазуы» деген тақырыпта қысқарған
сөздерді қатыстыра отырып, эссе жаз.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |