Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
2 6 мин.
|
№1-тапсырма:
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып береді,
берілген жаттығуларды орындатды.
|
1-тапсырма. Кәкен Ахановтың сөзін тарқатып баяндайды.
Мәтінді оқиды. Мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып, негізгі ойды анықтайды.
Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің құрылымынын салыстыра отырып талдайды.
Мәтін мазмұны боынша төмендегі сөйлемдердің шын немесе жалған екендігін табады.
Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасайды.
Тіл мәдениетті жеткізуші, себебі ол ұрпақта- ұрпаққа тіл арқылы беріледі.
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-Негізгі ойды анықтайды.
- Морфологиялық талдау жасайды.
|
8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
|
№2-тапсырма:
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқиды. Дауыс ырғағын өзгерте отырып, тембр арқылы сөйлесушінің сезімін білдіруге тырысады.
Мәтіннен эмоционалды- экспрессивті сөздерді тауып, оларға дыбыстық талдау жасайды.
|
|