Сабақтың тақырыбы: Көптен кеткен көмусіз қалар Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет2/5
Дата24.09.2024
өлшемі10,54 Mb.
#205039
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
қазақ әдебиеті 11Г №12 10.10.2023

Оқу тапсырмасы №1

«Атау кере» шығармасындағы кейіпкерлер жүйесін анықтаңыздар.
Кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын
көрсетулері, Шығарма үзіндісінен мысалдар келтірулері үшін
«Кейіпкерлер кестесі» әдісі арқылы жұмыс ұсынады

Үзінді

Кейіп
кер
лер жүйесі

Қай
сысы жиынтық бейне

Кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы
өмір шындығын көрсету

Ара шаққан
нан өлген кісінің бейітін көргем жоқ.

Ерік

Дара
лау

Ерік өзінен озғандарды, суырылып алған шыққан шешенсігендерді өлердей жек көреді, ол студент кезінен
бері «мейманасы тасығандардың мысын басу, басына бақ қонғандарды басындырмау үшін жаралғандай» бойын соқыр қызғаныш билеген қараниет, пасық жан. Ғылым-
білім, мәдениет-өнер жолындағылардың бәрін еңбексіз күн көретін арамтамақ санап, зиялы атаулыны ата-жауындай көреді. Бір кезде өзінен тым биікте тұрған, ғылым мен
білімде қатарластарына дес бермеген аспирант
кластасы Тағанның араққа ғана жеңіліп, алқаш атанып,
ендігі бір жұтым сыра үшін мұның құлы болуға
дайын екендігін көргенде төбесі көкке жеткендей қуануы да сондықтан. Аярлығының шексіздігі сонша - бір ауылда
бірге өскен досының бейшаралық кейіпке түсіп, қамқор
лыққа мұқтаж күйін көре тұра, атының артына мінгіз
бестен ауылдан қиян тауға қарай жаяу салпақтатады, ол
аздай енді оны өмір бойы құлдықта ұстауды ойлайды.
Анасының араның шаққанынан өлетініне де мән бермейді

Айырмасы көп, апа, — деді ыдыс-аяқты самаурында қалған ыстық сумен жуып отырған Айна.— Араның байлығы адамдар үшін, ал біздікі... біздікі өзіміз үшін ғана.

Ай
на

Жиынтық

Айна - құдай қосқан қосағына жан-тәнімен, ақырына
дейін берілетін қазақ әйелдерінің дәстүрлі типінің жа
рқын өкілі, айнасы. Ол күйеуінің артынан еріп, айдаладағы
тау арасына барып бірге тұрып, табиғаты қатал ортада
жан бағудың барлық қиыншылықтарын қайыспай көтері
сіп, сал болып қалған ауру енесін қабақ шытпай бағып-қа
ғады. Арада жылдар жылыстап өткенде барып, жастай қосылған күйеуінің кейін ауылдан, адамдар ортасынан безініп, бұған түсініксіз болып бара жатқан күйкі тір
лігі, тоңмойын мінезі, тіпті өзіне әйел ретінде қарауды
қойған мейірімсіздігі, қыл аяғы жар қызығына да зар бо
лып, жастық, қызулық ғұмырының қараң тартып
бара жатқаны, Еріктің анау ауылдан итше ертіп келген,
өзін бір жерден көргендей, досына деген қатыгездігіне
әбден көзі жеткенде ғана көп-көп ойларға беріліп,
көкірегі қарс айырылады.

- Құдай берді!—деп, орнынан қуана тұрды.— Іздегенім сен едің! «Өлмегенге өлі балық» деген осы, Ерік. Аманбысың, кластасым!

Таған

жиынтық

Таған кешегі от ауызды, орақ тілді, жалындап тұрған жас аспирант. Үлкен білімнің жолына түсіп, әлі көп ешкім
бара қоймаған тың, батыл тақырыптарда ғылыми еңбек жа
зып жүрген жас ғалым. Бүкіл болашағы алда көрініп, бар
лық жас ізденімпаздарға тән ерекше ынта-жігер,
үміт-сеніммен еңбегіне құлшына кірісіп, ерте көзге
түсіп, жоғары оқу орындарында студенттерге лекция оқи
тын. Алайда, кеңестік жүйедегі барша саналы жандарды
сан мәрте сансыратқан қасаңдықтар алдынан шығып,
тауы шағылады. Жазып жүрген еңбектерінің бар
лығы жарамсыз, тіпті зиян деп танылып, еңбегі еш ке
теді, жанбай жатып сөндіруге ұмтылатын айнала
сынан, ортадан түңілгенде, сол кезеңдегі зиялы қа
уым өкілдерінің біразының басынан өткендей, ең ақыр
ғы жұбаныштай көрінген ащы суға алданудан бұл да қа
шып құтыла алмады. Сөйтіп жүргенінде, жұмысынан,
дос-жараннан, жары мен баласынан айырылады, одан
кейін мүлде құрдымға құлаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет