Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы өнімді шаруашылық Сабақтың мақсат-міндеттері: Білімділігі: Көшпелілер



бет1/3
Дата13.08.2017
өлшемі152,68 Kb.
#23638
түріСабақ
  1   2   3
№21 орта мектеп

Тақырыбы: «Көшпелі мал шаруашылығы – өнімді шаруашылық»

Сыныбы: 6 «Ә»

Тарих пәні мұғалімі: Таймаганбетова Г.У

Жаңаөзен 2014 ж желтоқсан



Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы –

өнімді шаруашылық


Сабақтың мақсат-міндеттері: Білімділігі: Көшпелілер

өмірі, шаруашылығы, малының түрлері, отырықшылық пен

көшпеліліктің айырмашылығы туралы баяндау.
Дамытушылығы: оқушылардың танымдық ой-қабілеттерін

дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларды шаруашылыққа бейім,

еңбекқұмар, отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, интерактивті тақта, тапсырмалар жазылған үлестірмелер, жетон, стикерлер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а/ оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу

ә/ оқу-құралдарын түгендеу

б/ сабаққа дайындығын тексеру

в/ сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

Үй тапсырмасы бойынша өткен тақырыптарды қайталау мақсатында сұрақтар беріледі.



  1. Адамзат тарихының даму кезеңі неше кезеңге бөлінеді?

  2. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді?

  3. Ғалымдар алңашқы адамды кім деп атады?
    Ол қайдан табылды?
    Қай жылдары өмір сүрген?

  4. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары неден жасалды?

  5. Тастан жасалған еңбек құралдарын ата.

  6. Алғашқы адамдардың кәсібі.

  7. Алғашқы адамдар алып жануарларды қалай аулады?

  8. Мұздық басқан кезең қашан басталды? Ол қай кезде еріді?

  9. Алғашқы адамдардың баспаналары.

  10. Ежелгі кезде адамдар нелерге табынған?

  11. Мыс пен қалайының қоспасы.

  12. Қола дәуірі ескерткіштері.

  13. Қоладан жасалған еңбек құралдарын ата.

  14. Кенді қалай өндірді?

  15. Ежелгі адамдардың жерлеу рәсімдері.

  16. Әкелік рулық қатынас орнады?


ІІІ Жаңа сабақ:




Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.

Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады.

Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Себептері

Көшпелі мал шаруашылығы

«Ерте темір дәуірі» «ерте көшпеліліер дәуірі» «сақ дәуірі»

Үстірт пен Маңғыстау, Бетпақдала, Орталық Қазақстандағы ұсақ шоққылар, Алтай мен Алатаудың таулы аудандары егіншіліктен гөрі мал шаруашылығына көбірек қолайлы еді. Шөлейітті дала топырағы құнарсыз, жауын-шашыны аз, үнемі жел соғып тұрады.

Мал басының көбеюінен оларды бір жерде асырау мүмкін болмады. Қазақстан далаларында шамамен б.з.б. 2 мыңжылдықтың соңына қарай егіншілікпен шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды.

Адамның шаруашылық кәсібінің аумағын кеңейтіп қана қоймай, оның еңбегінің бағасын да арттырды.

Мұндай жағдайда дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілін – көшпелі мал шаруашылығын ойлап таптты. Олар бірте-бірте, көшпелі өмір салтына көшті.

Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады. Атқа мінген бақташы ендігі жерде малды ұзатып жаюға мүмкіндік алды.

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылғымен бірге отырықшы өмір салты, егіншілік қатар дамыды.

Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.

Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл метериалдармен былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.



ІҮ Қорытындылау:

Ү Сабақты бекіту:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?

  2. Көшпелі мал шаруашылығының қалай дамыды?

  3. Көшпелі мал шаруашылығы үшін ертедегі тұрғындар малдың қандай түрлерін таңдаған?

  4. Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?

  5. Ежелгі Қазақстан тұрғындарыныңкөшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшу себебі.

  6. Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында өсірілетін түлік.

ҮІ Оқушыларды бағалау: сабақ барысында сабаққа белсене қатысқн оқушыларды бағалау.

ҮІІ Үйге тапсырма: § 12 оқып келу. «Темір дәуірі» сөзіне сөз жұмбақ дайындау.


  1. Ежелгі адамдар өз білімдерін не арқылы хабарлады?

  2. Адамдардың шығутегін жануарлармен байланыстыруы.

  3. Адамдардың наным-сенімі неге тәуелді болды?

  4. Қазақстанда қола дәуірінің басталған мерзімі.



  1. Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі саласы.

  2. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі.

  3. Ғалымдар қазақтың киіз үйлерін кімдердің баспанларына ұқсатады?

  4. Жеке меншік қалыптасқан кезең.

  5. Андрондықтар құдайларды қайда жүреді депсенген.



  1. Ғалымдар Кения жерінен табылған алғашқы адамды қалай атады?

  2. Ең алғашқы адамдар питекантроп пен синантроптар ғалымдар қалай атады?

  3. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет табылған жер.

  4. Синантроп адамы қай жерден табылды?

  1. Неандерталь адамының табылған жері.

  2. Кейінгі палеолитте қалыптасқан адам.

  3. Туысқан адамдар ұжымының атауы.

  4. Садақ пен жебе қай кезеңде жасалды?

  1. Ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар қалай аталады?

  2. Малды қолға үйрету қай кезеңде жасалды?

  3. Тас өңдеу әдістері жоғары дәрежеге жеткен кезең.

  4. Неолитті кейде қалай атаған?

  1. Адамдар тасты кесу, жону, жылтырата тегістеу, бұрғылауды қай кезде ойлап тапты?

  2. Ең бірінші қолданылған металл.

  3. Ботай тұрағының табылған жері.

  4. Энеолит сөзінің ұғымы.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет