Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы тіршіліктің қайнар көзі Сабақтың мақсаты



бет6/7
Дата24.04.2017
өлшемі1,13 Mb.
#15075
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

3. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл материалдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.
4. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы –терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.
5 .Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.
Төрт түлік мал өсірілді (суреттер пайдалану)


1.Жылқы – суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, арнайы қораның да қажеті жоқ.
2. Түйе – жүк көлігі ретінде пайдаланылды. Олар жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
3. Сиыр – тебіндеп жайылуға икемсіз, арнайы жемшөп әзірлеуді қажет етеді.
4. Қой – көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Суық пен ыстыққа төзімді.
6. Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті
(слайд көрсетіледі)

Қыстау

Күзеу

Жайлау

көктеу



Анықтама:
Көшпелілік –тарихи тұрғыда қалыптасқан шаруашылық мәдени әлеуметтік жүйе

Төрт түлікке қатысты қандай мақал-мәтелдер білесіздер?
1.Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
2.Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды.
Әрі қарай оқушылардан сұраймын.
Жазбаша тапсырмалар

Мәтін мен жұмыс

1 Қазақстан далаларында шамамен б з б 2 мың ж – ың соңына қарай....................


шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды
2 Көшпелі мал шаруашылығы артық.................... алуға................ мүмкіндік берді
3 Дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілі -....................................... ойлап тапты.
4 Дегенмен - де табиғаты ежелден егіншілік пен отырықшылыққа қолайлы............................. аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығымен бірге отырықшы өмір салты.................... қатар дамыды
5 Көшпелілердің өздері................. өндірді
6 Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында...................... маңызы аса зор болды. Мұнда............. аз ұсталды. Ал оңтүстігі........... өсіруге тиімді еді

Үлгермейтін оқушылармен жұмыс
Қазақтардың негізгі төрт түліктен алған өнімдерін ата
1. Қой ------------------------------------------------------- Жылқы
Төлі қозы ------------------------------------------------- Төлі құлын
Пірі шопан ата ------------------------------------------- Пірі Қамбар ата
Азық - түлік өнімдері ет --------------------- Азық - түлік өнімдері: ет, қымыз
Киім - кешек және т. б бұйымдар ----------------- Киім - кешек және т. б бұйымдар
Шұлық жемпір бас киім тон

2. Сиыр ------------------------------------------------------ Түйе


Төлі бұзау --------------------------------------------------- Төлі бота
Пірі Зеңгібаба ---------------------------------------------- Пірі Ойсылқара
Азық - түлік өнімдері ет, қатық айран -------------- Азық - түлік өнімдері ет шұбат құрт
Киім - кешек және т. б бұйымдар етік сөмке ----- Киім - кешек және т. б бұйымдар көрпе тон ішік, ----------------------------------------------------------------------жемпір, күртеше


IV. Жаңа сабақты бекіту.

1-топ. Тиісті сөздерді тап. (3мин)
1. .................берік әрі салмақты металл
2. Біздің еліміздің тарихында ерте темір дәуірі..................................
аралықты қамтыды
3. Мал басының көбеюі ......................................... қажет етті?

2-топ

  1. Қазақстан далаларында шамамен б.з.б. ............................................соңына қарай егіншілікпен шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды.

  2. Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар ...............................................................ойлап тапты.

  3. Малды жазда жаятын жер ........... деп аталады

3-топ




  1. Жылқы қыста ............ жайылады

  2. ...... сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды

  3. ....... төрт түлік малды өсіреді

4-топ


  1. Батыс Қазақстанның ........... аудандарында түйенің маңызы аса зор болды.

  2. Темір дәуірінде ......... ......................... құрылыс одан әрі жетіле түсті.

3.........тебіндеп жайылуға икемсіз, жемшөп әзірлейтін түлік

Ой қорыту (6мин)

  1. Темір дәуірінің басты ерекшеліктерін атаңдар

  2. Көшпелі мал шаруашылыға қашан пайда болды?

  3. Көшпелі мал шаруашылығы үшінертедегі тұрғындар малдың қандай түрлерін таңдаған

  4. Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?

ҮI.Оқушыларды бағалау (1мин) . Бағалау парғын тексеру арқылы оқушыларды білімін бағалау

Ү. Үйге тапсырма (1мин)


Каталог: uploads -> doc -> 08d2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08d2 -> Сабақ Тақырыбы: Бір орыннан ұзындыққа секіру әдісі
08d2 -> Сабақ тақырыбы: Еуразияның табиғат зоналары. Мақсаты: Еуразия материгіндегі табиғат зоналарының ерекшеліктерін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет