Сабақтың мақсаты: Күрделі функцияны құра білу немесе күрделі функцияны элементар функцияларға жіктей білу дағдыларын меңгерту. Күрделі функцияның туындысын табу ережесімен таныстырып, оны дұрыс қолдану машықтарын қалыптастыру.
Білімділік: а)Іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру және дамыту
ә)Білім бойынша біліктіліктерін арттыру
б)Тапсырмалар беру арқылы білімдегі жетістіктерін талқылау
Тәрбиелік: а)Ұжыммен жұмыс істеуге,өз пікірлерін дәлелдеп нақты жауап беруге тәрбиелеу
ә)Өзгенің пікіріне құрметпен қарауға,тыңдауға тәрбиелеу
б)Жұмысқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу
Дамытушылық: а)Логикалық ойлауын,өзінің көзқарасын дәлелдеу қабілетін дамыту
ә)Білімдерін өз бетінше дамытуға,сауатты жауап беруге икемділігін дамыту
б)Проблемалы жағдайларда зеректік және шапшаңдық пен әртүрлі тәсілдерден пайдалану дағдысын дамыту